400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен және біз

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға арналған тренинг
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Мен және біз».

Мақсаты: Тренингке қатысушылардың психологиялық денсаулықтарын сақтау, психоэмоционалдық жағдайларын өзгерте алу дағдыларын қалыптастыру, қызметкерлердің өмірге құштарлығын арттыру, өмір туралы ойларын білу. Мақсаткерлік, кешірімділік туралы ойларын жетілдіру.

Пайдаланылатын қажетті заттар: қалам, А4 парағы, қағаз майлық, ноутбук, тақтайшалар.

Барысы:

  • Сәлемдесу (әр елдің сәлемдесуі, өз есіміңіз ұнайды ма, әркім өз есіміне эмблема жасау);

  • Интеллектуалдық икемделгіштікті (лабильдікті) анықтау әдістемесі;

  • Түрлі ойындар («Шашылған таяқшалар», «Екі сурет»);

  • Педагогикалық жағдаяттар;

  • Релаксация;

  • Рефлексия «Шаттыққа толы жүрекпен».

1. Сәлеметсіздер ме, құрметті тәрбиешілер! Бүгінгі тренинг сабағымыз «Мен және бәріміз» деп аталады. Яғни, педагогтың өз-өзіне деген сенімділігін арттыруға бағытталған. Қазағымыздың ұлы ғұлама ақыны Абай Құнанбаев жырлағандай:
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді, ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Ақылың мен еңбегің екі жақтап.
Бір – бірімізбен сәлемдесеміз.
1. Есіміңіз сізге ұнай ма?
2. Есіміңіздің мағынасын айту, эмблема жасау.
Жаттығу: «Әр елдің сәлемдесуі»
Италияда бір-бірімен құшақтасып амандасады. Бразилияда бір-бірінің иығын қағады. Македонияда адамдар бір-бірімен шынтақтарымен амандасады. Корей халқы иіліп амандасады. Латино–американдықтар құшақтасады.

2. Интеллектуалдық икемделгіштікті (лабильдікті) анықтау әдістемесі. Мақсаты: әр түрлі тапсырмаларды орындауға икемділікті, бір әрекеттен екіншіге ауысудың жеңілдігін және зейін аударуға қабілеттілікті зерттеу. Орындау ережесі: әдістеме жүргізу үшін тапсырмалар арнайы бланкке түсіріліп, зерттелінушілердің қолына беріледі де, орындау тәсілі түсіндіріледі. Орындау ережесі: «Сіздерге, онша қиындығы жоқ, 40 тапсырма берілген. Олардың әрқайсын орындауға 2,3,4,5 секунд уақыт беріледі. Сол уақыттың ішінде тапқан жауаптарыңызды бланкінің номері аталған жеріне толтырасыздар. Тапсырмаларды тез және зейіндеріңізді жинақтап отырып орындаңыздар.» Мен сіздерге әр тапсырманы асықпай оқып беремін, орындау уақыты аяқталған соң, келесі тапсырма орындалады. Зерттелінушілер жауаптарын қолындағы бланкіге толтырып отырады.

3. Түрлі ойындар. «Шашылған таяқшалар» ойыны.

Мақсаты: педагогтардың ойлау, құрастыру қабілеттерін арттыру. 
Шарты: ортаға әртүрлі пішіндегі тақтайшалар таратылады. Педагогтар екі топқа бөлінеді. Әр топ өзіне тиесілі тақтайшаларды құрастырып, сөйлем құрап шығаруы керек. Ойын музыка әуенімен ойналады.

«Екі сурет» ойыны.
Бір бет таза қағазды вертикаль бойымен сызық сызып, екіге бөліңіз. Сол жағына сізді көптен мазалаған, шешімін таба алмай жүрген мәселеңізді, сезімдеріңізді толтырған жағымсыз ойларды жазыңыз. Ішіңізден сол сөздерді айтып, денеңіздің оны қалай қабылдайтынын бақылаңыз (демалысыңыздың өзгеруі, бұршықеттеріңіздің жиырылуы, ауырпалықты сезінуіңіз т.б )
Сол жағына күйзелісіңізге қатысты қарама-қарсы нандырушы сөздер жазыңыз. Негізгі міндет қазіргі жағдайыңыздың сондай нашар емес екендігін,өзіңіздің сана сезіміңізді сендіру болып табылады. Ішкі құрлысыңызды ең жақсы сезімге толтырып, құмартушы, белсенді, дүниеге сеніммен қарайтын адамға айналыңыз. Сол жағында жазылған жағымсыз сөздерді жыртып немесе өртеп, ал оң жағыңыздағы жазылған сөздерді әрдайым өзіңізде сақтағаныңыз жөн.


4. Педагогикалық жағдаяттар.

1. Бала тәрбиешімен әңгімелесіп тұрып: «Сіз меннен көрі басқа балаларға жақсы қарайсыз, сіз Жаннұрды жақсы көресіз, неге апай?» тәрбиеші ретінде не деп жауап бересіз?
2. Есіктен кіріп кележатқан тәрбиешіні көріп, бала: «Апай сізге не болды, көңіл-күйіңіз жоқ па, әлде шаршап тұрсыз ба?» тәрбиеші әрекеті.....
3. Інжу мен Кәусар қарым-қатынасының нашар екенін көрсете отырып: «Мен онымен ойнағым келмейді, қасында да отырмаймын», - деді.Сіздің жауабыңыз.....
4. Тәрбиеші балаға тапсырма берді. Бала берген тапсырманы орындағысы келмей: «Сурет салмаймын», - деді. Тәрбиеші әрекеті....
5. Тобыңызда әр қашан көңіл күйі жарқылдап жүретін, сабаққа белсенді қатысатын балаңыздың көңіл күйі жоқ. Сіздің әрекетіңіз......
6. Бала тәрбиешімен әңгімелесіп тұрып: «Сіздің басқа балаларға қарағанда маған жақсырақ көңіл бөлгеніңізді қалаймын», - деді. Сіздің жауабыңыз......
7. Тобыңыздағы баланың атасы сізге күнде бір ескертпе айтып келеді. Жаман сөздер айтып балағаттайды, «Жұмыстан шығартамын», - деп қорқытады Сіздің әрекетіңіз.....
8. Бала анасынан айырылмай жылап тұрады. Сіздің әрекетіңіз......
 

5. Релаксация: ( Баяу музыка әуені ойналады)
Көзімізді жұмамыз. Денемізді бос ұстаймыз. Сіздер өзен жағасында отырсыздар. Судың әуелгі шуағын құлағыңызға жағып, күн шуағын құлағыңызға жағып, күн шуағын денеңізді қыздырып барады. Сіз орындарыңыздан тұрып, ыстық құмның үстімен жалаң аяқпен жүріп келесіз. Ыстық құм аяқтарыңызды күйдіріп барады. Сіз салқын су ішіп денеңізді жеңілдетіп, өзіңізді жақсы сезінесіз. Жан-жағыңызға қараңыз, өте әдемі көрініс көріп отырсыз. Қандай ғажап табиғат, таза ауа, жұмсақ құм. Кең дем алып, ақырындап демімізді сыртымызға шығарамыз. Біздің басымыз артық ойлардан тазарады. Біз бойымызға күні бойға жетер жігер, қуат жинадық, біздің көңіліміз қуанышты. Біз осы өмірдегі ең бай, байсалды, білімді керемет жандармыз!

6. Рефлексия. «Сезімге толы жүрекпен!» Әр қатысушы жапсырмалы қағазға бүгінгі тренингтен алған жақсы әсерін немесе тілегін жазып жүрекшенің ішіне жапсырады. Ойларын ауызша айтуға да болады.

Назарларығызға үлкен рахмет!!!

































Тренинг мақсаты: өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру.
Тренинг міндеттері:
— адамдар арасындағы қарым — қатынастың мәнін түсіну;
— өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге көмектесу;
— сыныптағы өз орнын және өзінің ортасын танып білуіне көмектесу;
— сыныпта белсенді жұмыс жасауға түрткі, ниетті қалыптастыру;
Көрнекіліктер: «Топта жұмыс істеу ережесі» жазылған плакат, А3-А4 қағаз беттері, фломастерлер, қарындаштар, қобдиша, адамгершілік қасиеттері жазылған карточкалар, үлестірмелі смайликтер, доп, жіп.
Тренинг құрылымы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау.
ІІІ. Негізгі бөлім.
а) Амандасу – «таныстыру» жаттығуы.
б) «Автопортрет» жаттығуы.
в) «Мен басқаның көзімен» жаттығуы.
д) «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы.
е) «Өрмекші торы» жаттығуы.
ІV. Қорытынды бөлім.
а) «Жүйрік ой» жаттығуы.
б) «Қайта байланыс» жаттығуы.
Тренингтің жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі / амандасу, тренингке қатысуға келгендерге алғыс айту/
ІІ.Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау
— Сіздер тренингтің ағылшынның «Тот Райн» — ойын, жаттығу деген сөзінен шыққандығын, яғни сабақ емес екендігін білесіздер. Бүгінгі топтық-психологиялық тренинг тәжірибелік-психологиялық әдіс ретінде, коррекцияның негізгі құралы ретінде де қолданылады. Мақсаты әр адам бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін, жағымды «Мен»
концепциясын қалыптастыру. Сондықтан тренингке барлықтаыңыздың белсенді, шын ниетпен қатысуларыңызды сұраймын.
ІІІ. Тренингке дайындық, ережесімен таныстыру.
— Тренинг – ойын, ал әрбір ойын ережелерді қажет етеді.
/ Психолог 2-ші слайдтағы жазылған ережелердің әр біреуінің мағынасын қысқаша түсіндіріп өтеді./
Топта жұмыс істеу ережесі:
1. Бір-бірін «Визиткада» көрсетілген есім бойынша, атау.
2. Біреуі сөйлейді, басқалары тыңдайды.
3. Болып жатқанға белсенді қатысу.
4. Әркім өз пікірін білдіруге құқылы.
5. Пайда болған ой, сезімдеріңді осы жерде және қазір айт.
6. «Басынан» «Аяғына» дейін жұмыс істеу.
ІV. Негізгі бөлім.
а) Амандасу – «таныстыру» жаттығуы.
Нұсқау: әр қатысушы өз есімінің бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қосып айту керек. Мысалы: мен Бақытнұр бақытты қызбын….

Сыныптағы Бейбіт деген оқушы өзінің таныстыруын айтуда…
б) «Автопортрет» жаттығуы.
Нұсқау: әр қатысушыға қос беттен беріледі, өз сипаттамасын тек бір жағына ғана жазу керектігі және 2 минуттан кейін есімдері көрсетілген беттерді тренер жинап алынатындығын ескертеді.
Жаттығу шарты: Сізді таныс емес адаммен кездесу күтіп тұр делік, ол бірден сізді тану үшін өзіңізді сипаттап жазыңыз. Көпшіліктен өзіңізді ерекшелендіріп тұратын белгілеріңізді табыңыз. Бет-әлпетіңізді, жүрісіңізді, сөйлеу мәнеріңізді, киім киісіңізді, зейінді аударарлықтай ым-ишараларыңыз болса т.б…
Рефлексия келесі жаттығу жүргізілгеннен кейін жасалады.
в) «Мен басқаның көзімен» жаттығуы.
Нұсқау: Тренер алдыңғы жаттығуда алынған автопортреттерді кезекпен оқиды. Қатысушылар кімнің портреті екендігін табу керек. Табылған портрет иесі ортадағы орындыққа отырады.
Жаттығу шарты: Портрет иесіне өзінің беті қайтарылып беріледі. Қалған қатысушылар ол жайында қандай пікірде екенін айтады. Өзін басқаның көзімен қандай екенін анықтауға мүмкіндік алады, өз бағалауымен сәйкес келген қасиеттері тұсына «+» белгісін қою керек, ал мүлдем өзі білмеген жақтарын беттің 2-ші жағына жазып, автопортретін толықтыруна болады.
Рефлексия: кімде қанша сәйкестік бар және жаңадан басқаның көзімен қанша қасиет қосқандығын шеңбер бойынша айтқызу.
д) «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы.
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.
Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын айтады.
Рефлексия: сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке-жеке қошемет көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты болсын!
е) «Өрмекші торы» жаттығуы.
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ойынға барлығы қатысуы тиіс. Жіп кімнен ілініп басталса, сонымен аяқталып өрмек жиналу керек.
Жаттығу шарты: Топта бірін-бірі жақын танығандықтан, әр кім 1-ші өзінің достарына айтар тілегін, қошеметін, жағымды қылықтарын білдіріп жіпті саусағына іледі, өрмек тоқылды. 2-ші кері бағытта, бірақ сол ізбен достарының бойына қажет емес қасиеттерін, қылықтарын айту. Өрмекті жию.
Рефлексия: Айтылған тілектер мен сынды қабылдаймыз ба? Сын орынды айтылды ма? Бұл жаттығудың мақсаты да сол, сын түзелмей, мін түзелмейді – дегендей, айтылған ескерте, сындарды түзете білейік. Болдырмайық.
Тыныштық сәтін ұйымдастыру .
ІV. Қорытынды бөлім.
а) «Жүйрік ой» жаттығуы
Мынадай сауалдарға ойша өзіңізге ғана іштей жауап беріңіз: /музыканың ақырын әуені ойналады/
— Маған қажет қасиеттер, мыналар……
— Сол қасиеттердің кейбіреуі менің бойымнан табылады. Олар: ……
— Әлі де жетіспейтін, түзетуді қажетсінетін қасиеттерім, мыналар …..
— Менің жанымнан мына адамдардың табылғанын қалар едім, себебі …..
Рефлексия: бұл жаттығуды орындап болғаннан кейін қандай сезімде болғаныңызды айтыңыз.
б) «Қайта байланыс» жаттығуы
Оқушылар шеңбер құра отырады да, допты әр қайсысы кезекпен кезек ала отырып тренингтің өткізілуіне байланысты өз ойларын білдіреді:
— Тренингте ең бірінші не ұнады?
— Не ұнаған жоқ?
— Өзің жаңадан не білдің?
б) «Алған әсеріңіз қандай?»- үлестірмелі карточкалар /смайликтер/ арқылы анықтау.
в) тренингке қатысушыларға рахмет айта отырып, тренингті аяқтау.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 наурыз
313
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі