Тақырыбы:
Мен
және болашақтағы мен
Мақсаты:
оқушылардың
өзін-өзі
тани білуі, бағалай білуіне баулу
Өткізілетін
күні:
Сыныбы:
10
«Автобус»
тренингі
Жүргізілу
барысы:(20
адамға №5 және №22 маршрут билеттері
бейнеленген қағаздар үлестіріледі)
Сәлеметсіздер
ме, құрметті әріптестер! №22 және №5
қалалық маршрут билеттері таратылған
әріптестер ортаға шыға қояйық! Тренингке
қатысушылар 2 қатарға бір-бірлеріне
қарама-қарсы тұрады. Барлығыңыз
өздеріңізді бір сәт қолдарыңызға
берілген билеттерге байланысты №22 және
№5 автобустарда тұрмыз деп елестетейік.
Бір уақытта осы екі маршрут жүріп келе
жатып бағдаршамға тоқтайды.
1)
№5 маршрут жолаушылары үшін тапсырма:
сіздердің алдарыңыздағы №22 маршруттағы
қарама-қарсы тұрған жолаушы, сіздің
көптен көрмеген досыңыз. Сіз оған
өзіңіздің өміріңізде болған бір қуанышты
жаңалығыңызды жеткізуіңіз керек.
Жаңалықты сөзбен емес, ым-ишарамен
(вербальды емес) тез түсіндіресіз.
Жүргізуші «стоп» деген бұйрық бергенде
тоқтайды.
2)
Осы ереже бойынша №22 маршрут жолаушылары
өз жаңалығымен бөліседі.
«Қазіргі
мен және болашақтағы мен»
Мақсаты: Тұлғаның
өзін-өзі тани білуі, өзін-өзі бағалай
білуіне бағыттайды.
Қажетті
құрал: қалам, қағаз.
Жүру
барысы: Қатынасушыларға парақ таратылады.
Әр қатысушы парақты екі бөлікке бөліп,
бір бөлігіне
«Қазіргі
Мен» және екінші бөлігіне «Болашақтағы
Мен» тақырыбында сурет салулары
сұралады.
Әрбір
қатынасушы суреттерін салуды аяқтағаннан
кейін салған суреттеріне сипаттама
береді.
ЖЕТІСТІККЕ
ЖЕТУ ЖОЛЫНДАҒЫ ҰСТАНЫМДАР
—
Алдыңа
мақсат қою
—
Сені
жетістік күтіп тұрғанына үміттену
—
Әр
іске дайын болу
—
Адымыңды
анық басу
—
Алға
ұмтылу
—
Қорықпау,
күмәнданбау
—
Жаңашыл
болу
—
Басқалармен
кеңесу
—
Жетістіктеріңнің
қайдан келуің ұмытпау
Мына
ұлы сөзді ұмытпайық:
«Жетістікті
тоқсан пайызы – тер, он пайызы – шабыт»
ЭДИСОН
ЕСІҢДЕ
САҚТА:
Жетістік
тек оза шауып бәйге алуда емес, адамдық
қасиетті жоғалтпауда жатыр.Әуелі, адам
деген атқа лайық бол, жетістігің
адамдығыңмен өлшенсін;
өзіңе
деген сенім сені барлық белестерден
алып шығады.
Өзіңді
мына әлемнен алыстатпа, әлемге өз
қабілетіңді, қасиеттеріңді ашып,
өміріңді жарқын жаққа өзгерт;
Ең
үлкен жетістік – қоғамға пайдалы істі
тындыру;
Жетістіктің
ең үлкен жауы – “кейін істермін” деп
айту;
Жетістікке
апаратын жолдан қаймықпау және әрқашан
үмітіңді үзбеу;
Әр
жағдайдың жағымды жағын көре біл,
кездескен қиындықты жетістікке жетер
жолдың бір қадамы ретінде қабылда;
Өміріңізде
тек жетістіктерге жете беріңіз!
Тренинг
соңында тренингке қатысушылар тренингтен
алған әсерлерімен бөліседі.
Тренингке
белсенділікпен қатысқандарыңызға
рахмет!
Өмірлеріңізде
қуанышты жаңалықтар көп болсын!