400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мен және достарым» түзету дамыту сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланың мектепке бейімделуіне қолдау көрсету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Мен және достарым» түзету дамыту сабағы

         Мақсаты: оқушылардың көңіл-күйін игеріп, басқаруға үйрету. Ортада жағымды психологиялық атмосфера қалыптастырып, бір-бірімен жақсы араласуына және тануына мүмкіндік жасау. 

 «Ерекше амандасу ойыны»

Балалар бір-бірлерімен дәстүрден тыс амандасады. Жүргізуші: біз әдетте бір-бірімізбен қалай  амандасамыз? Оқушылар жауап береді. Қолмен, «сәлем» деп. Ал, бүгін біз дәстүрден тыс амандасамыз: бірінші маңдаймен, көзбен, аяқпен оң аяқ сол аяқ, тіземен, иықпен, арқамен.

 «Жағымды танысу» Доптың немесе жұмсақ ойыншықты әр балаларға лақтырып «Есімің кім? деп сұрап», ойыншық кімге түседі сол есімін айтып жүргізушіге қайта лақтырады. Солай кезек кезепен балалар өз есімдерін айтады.

Кім не жақсы көреді? Ойыны

Барлығы орындықтарға отырады. Қазір мен жазулар тізбегін оқимын. Кім сол әрекеттерге «иә» деп жауап берсе сол орнынан тұрады  және жан жағына қарайды, өзі сияқты қанша досы бар екен. Содан соң жылдам отырады.

-         Кім балмұздақты жақсы көреді, сол орнынан тұрсын

-         Кім сары түсті жақсы көреді?…

-         Кім өзін батырмын деп есептейді?…

-         Кім ет жегенді жақсы көреді?…

-         Кім айнаға қарағанды жақсы көреді?

-         Кім тентек?

-         Кім сабақ оқығанды жақсы көреді? т.б. сұрақтар қоюға болады.

 «Менің есімім» жаттығуы.

Оқушы өз есімдерін параққа жазып, әр әріпіне жағымды сөздер табады. Мысалы Әсел  Ә-демі, С-салмақты, е-ерке, л-лайықты.

«Жеміс салаты» жаттығуы

«Алма, алмұрт, апельсин, өрік, құлпынай» оқушыларға әр қайсысына атау беріп шығамыз. Сосын алма дегенде алмалар орын ауыстырады, алмұрт дегенде алмұрттар орын ауыстырады. Салат дегенде бәрі орын ауыстырады.



Қорытындылау.


Педагог-психолог: Лепесова А.К.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
02.02.2023
353
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі