Материалдар / Мен және Жанұям
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мен және Жанұям

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың пәндерге деген қызығушылығын арттыру, ой – өрісін дамыту, алған білімдерін пысықтау мақсатында «Менің Жанұям » атты отбасылық танымдық сайыс сабақ. Сабақ барысында оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Мектеп- мұғалім- ата- ана арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған шара болып табылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
556
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Менің Жанұям»

Оқушылардың пәндерге деген қызығушылығын арттыру, ой – өрісін дамыту, алған білімдерін пысықтау мақсатында «Менің Жанұям » атты отбасылық танымдық сайыс сабақ. Сабақ барысында оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Мектеп- мұғалім- ата- ана арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған шара болып табылады.

Жоспары:

І кезең - Топтармен танысу (логикалық сұрақтар)

ІІ кезең –Мың бір мақал ( мақалдық жалғасын табу, суретті мақал)

ІІІ кезең – Жұз бір жұмбақ ( жұмбақтың шешімін тауып, оны үш тілде айту)

ІVкезең- «Кім жылдам» әзіл сұрақтарға жылдам жауап беру керек

ІVкезең- «Сөз тапқанға қолқа жоқ» алған әріптер бойынша жауап беру

V кезең- «Мені түсін» бір затты қимыл қозғалыс арқылы анасына жеткізу, анасы оны табу керек

VІ кезең- «Менің қиялымдағы мектеп» бірігіп мектепті неге теңейтінін сурет арқылы жеткізу


1.Уа халайық, халайық

Бәріңе жар салайық

Бүгінгі кеш төрінде

Жанұялар жарысып

Жұмбақ шешіп аңдысып

Шабыт тасып шалқысып

Есеппен ән салады

Көңілді кеш жасаймыз- деп топтармен танысайық.

Жарысымыздың алғашқы кезеңі «Топтардың өзін- өзі таныстыруы» деп аталады.

Шаттық шеңберін ұйымдастыру. Жанұялардың барлығын ортаға шығарып, шеңберге орналастырамыз. Тұңғыш Президентке байланысты сөздерді айту. Мысалы: Президент батыл, нық қадам баса алады, көшбасшы адам.

І кезең «Логикалық сұрақтар»

Топтарға 5- тен логикалық сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауап үшін бір ұпайдан қойылып отырады.Топ болып жауап береді.

1топқа:

1.Жыл он екі айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады.Ал 28 саны қай айда кездеседі?

2.Қай сандардың қосындысы 5-ке, ал көбейтіндісі 6- ға тең?

3.Тұңғыш Президент күніне неше күн қалды?

4. Ең көне музыкалық аспап қалай аталады?

5.Біз тұрған планета?

2 топқа:

1.Қай сандардың қосындысы 3-ке, ал көбейтіндісі 2-ге тең?

2.Ұшақ зайсаннан Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады.Бұл айырмашылықты қалай түсінуге болады?

3.Қазақстанның тұңғыш президенті кім?

4. Суықта ең төзімді құстар

5.Жердің серігі

3 топқа:

1.Тұңғыш Президент күні қашан тойланады?

2.1тонна тас ауыр ма, 1 тонна мақта ауыр ма?

3.Екі адам 4 сағат шахмат ойнады, бір адам неше сағат ойнады?

4.Биыл тәуелсіздікке неше жыл?

5. Біз қай ғасырда өмір сүріп жатырмыз?

ІІ кезең «Мың бір мақал ....» кезеңі

Жүргізуші мақалдың басын айтады, топтар сол мақалдың жалғасын айту керек.Әр дұрыс жауап үшін бір ұпайдан беріледі.

1.Оқу білім бұлағы, (білім өмір шырағы).
2. Ат тұяғынан семірер, (қойшы таяғынан семіреді).
3. Өнерлінің қолы алтын, (шешеннің сөзі алтын).
4. Еңбек етсен ерінбей, (тояды қарның тіленбей).
5. Отан – қуат (ана- шуақ).
6. Сөйлей- сөйлей шешен боларсың, (көре- көре көсем боларсың ).
7. Болат қайнауда шынығады, «батыр майданда шынығады).
8. Білген кісі тауып айтады,(білмеген кісі қауып айтады).
9. Мың малын болғанша, (жүз досың болсын).


1.Еңбек- адамның (көркі).

2.Еңбектің наны тәтті ,(жалқаудың жаны тәтті).

3.Адам аласы ішінде , (мал аласы сыртында).

4.Білімдіден шыққан сөз, (талаптыға болсын кез)

5. Асырауын тапса, адам болар,

Оқуын ( тапса, маман болар).

6.Көп оқыған білмейді, (көп көрген біледі)

7.Ілім- бұлақ, (білім шырақ).

8.Отансыз адам- (ормансыз ағаш).

9. Білімдіден ақыл шығар, (қариядан нақыл шығар).



1. Ер жігіт ел үшін туады, (елі үшін өледі).
2. Әдепті бала – арлы бала, (Әдепсіз бала сорлы бала).
3. Білекті бірді жығады, ( білімді мыңды жығар).
4. Атаңның баласы болма, (адамның баласы бол).
5. Әдептілік белгісі , (иіліп сәлем бергені).
6. Қыз өссе елдің көркі, (гүл өссе жердің).
7. Жері байдың (елі бай).
8. Жақсыдан үйрен, (жаманнан жирен).
9. Ердің атын (ел шығарады).

Суретті мақал

  1. Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын

  2. Боранды күні ит пен бала құтырады

  3. Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол

  4. Ит адамның досы

  5. Басшысы болмаса ел жетім, жаңбыр жаумаса жер жетім (батыр туса ел ырысы,жаңбыр жауса жер ырысы)

  6. Айтылған сөз атылған оқ

  7. Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі

  8. Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады

  9. Анаңды меккеге үш рет апарсаң да, қарызыңнан құтылмайсың

  10. Отпен ойнама күйерсің, сумен ойнама батарсың

  11. Отан оттан да ыстық

  12. Аузы күйген үрлеп ішеді

  13. Білім инемен құдық қазғандай

  14. Жылы- жылы сөйлесең, жылан інінен шығады

  15. Білім – теңіз, мектеп- кеме

  16. Бір елі ауызға, бес елі қақпақ

  17. Балық басынан шіриді.

  18. Атың шықпаса, жер өрте

  19. Күлме досқа, келер басқа


ІІІ кезең. «Жүз бір жұмбақ» кезеңі.

Топтарға кезек- кезек жұмбақтар жасырылады. Жұмбақтарды шешіп, жауабын қазақ тілінде, орыс тілінде және ағылшын тілінде айтады. Әр дұрыс жауап үшін бір ұпайдан қойылады.

1.Қос құлақты жүз тісті

Жүзінен бірақ із түсті (ара, пила,sow)

2.Екі қатар тал шарбақ

Күндіз алыстайды, қабыспайды

Түнде қабысады, жабыспайды (кірпік, ресницы.eyelash)

3.Жарқылдан соң жаңағы

Суға бөкті бар алап

Көкте түрлі жолақты

Өрнек тұрды ғаламат (кемпірқосақ, радуга.rainbow)

4.Жылт- жылт өтеді

Жылғадан өтеді (су, вода.water)

5.Алтын теңге кетеді

Күміс теңге келеді (Күн мен Ай, Солнце и Луна.sun and moon)

6.Отқа жанбас, суға батпас (Мұз, лед.ice)

7.Тұмсығымен қозғалар

Соңында аппақ із қалар (бор,мел,chalk)

8.Табаныма байладым

Қос аяқпен айдадым (шаңғы, лыжи,ski)

9. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа, воздух, air)



ІVкезең. «Кім жылдам» Әзіл сұрақтар

Жалпы топтарға әзіл сұрақтар қойылады. Кім жылдам қолын көтереді, сол топ жауап беру мүмкіндігіне ие болады.
1. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? ( Құс жолы)
2. Елеуішпен су әкелуге бола ма? ( болады егер қар немесе мұз болса)
3. Егер стакандағы судың бәрін ішіп қойса не қалады? ( ауа)
4.
Дайындауға болады бірақ жеуге болмайды? ( сабақ)
5. Теңізде қандай тастар болмайды? ( құрғақ)
6.Македонский заманындағы уақыт көрсеткіші немесе өлшеуіші болған не? ( тауық)
7. Ыстық суда қандай стакан көбірек жарылып сынады? Қалыны ма әлде жұқасы ма? ( қалыны, ішкі қабаты бірдей уақытта жылынбайды)
8. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)
9. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? ( буланады)
10. қандай ыдыстарға су құйылмайды? ( су толы ыдысқа)
11. Көзіңмен көресің бірақ қолмен ұстай алмайсың. Ол не? ( көлеңке)
12. Жерден көтеру оңай бірақ лақтыру қиын. Ол не? ( мамық)


V кезең. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

Сұрақтар беріледі, жауабы алған әріптен басталуы керек. Әр топқа 10 сұрақтан дайындалған.Ә, А, Ж, Р, С, Т, Б, М, Д, О, Л, К.

І топ
1. Қай қалада тұрасыз?
2. Бұл мектеп қайда орналасқан?
3. Сіз нешеге дейін санай аласыз?
4. Жасыңыз нешеде?
5. Сіз қай тілде сөйлейсіз?
6. Сіз неше тілді білесіз?
7. Сіздің қай жеріңіз әдемі?
8. Қандай мамандықты қалайсың?
9.Балаңыз қандай пәнді ұнатады?
10.Балаңыз ?

ІІ топ

1. Балаңыз сіздің жақсы көретін затыңызды сындырып қойды, сіздің әрекетіңіз?
2. Қазақстанның астанасы?
3. Мұз неден пайда болады?
4. Қардың түсі?
5. Сүйікті тағамыңыз?
6. Қандай гүлді ұнатасың?
7. Бүгінгі сабақта балаңыз кілең бестік баға әкеліп, сізге мақтанды?
8. Күзде ауа райы қандай?
9. Балаңыздың әкесі қандай адам?
10. Қосағаш қандай ауыл?

ІІІ топ

1. Қыс айы немен ұнамсыз?
2. Сен қандай анасыз?

3. Сіздің ойыңызша балаңыздың сынып жетекшісі қандай адам?

4. Балаңыз қандай пәнді ұнатады?

5.Балаңыз қандай пәнді ұнатпайды?

6.Сіз сұлусыз ба?

7.Балаңыз қандай тамақты ұнатады?

8.Сіз неден қорқасыз?

9.Әлемдегі ең жақсы көретін адамыңыз кім?

10.Мектеп бұл....


VІ кезең

«Мені түсін»

Топтарға, яғни балаларына жасырылған сөздер беріледі. Жасырылған парақта қандай зат немесе жануар жазылған болса, соны ым- ишарамен анасына жеткізу керек.Анасы оны табу керек.

І топ. Қоян, доп

ІІ топ. Қолшатыр, жылқы

ІІІ топ. Ит, гүл


VІ кезең. «Менің қиялымдағы мектеп»

Аналардың бұл кезеңде белсенді болады. Мектепті неге теңейтіндерін сурет арқылы жеткізеді.

Қорытынды: Жеңімпаз топты анықтау.Марапаттау.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!