жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мен және жанұям
Сапақкөл орта мектебі
Тренинг сабақ
Тақырыбы: «Мен және жанұям»
Дайындаған: Аманқызы Ш.
2018-2019 оқу жылы
Тақырыбы: Мен және жанұям (тренинг сабақ)
Мақсаты: Ата - ана мен баланың арасындағы қарым - қатынстың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету. Оқушылар мен ата - анасының арасындағы қарым - қатынасты нығайта түсу. Сондай - ақ, «мектеп - ата - ана», «оқушы – ата - ана» байланыстарын бір жолға қою.
Күтілетін нәтиже:
бала мен ата - ананың арасында жылылық
орнату.
Тренинг жоспары:
-
Кіріспе сөз
-
«Біз біргеміз!» жаттығуы
-
Топқа бөлу
-
Ертегілер елінде
-
«Сіз балаңызды білесіз бе?» жаттығуы.
-
«Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасы
ТРЕНИНГ БАРЫСЫ:
-
Кіріспе сөз
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бігінгі біздің «Мен және жанұям» атты тренинг-сабағымызға хош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі – баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.
Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек. – дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана.
-
«Біз біргеміз!» жаттығуы
Мақсаты: Отбасындағы қарым – қатынасты нығайтуға
өзара түсінушілікте ата - аналар мен балаларға қолдау көмек
көрсету.
«Қолынан танып біл!»
Көздері байлаулы аналары баласын тауып алуы керек.
Талдау:
1. Сізге балаңызды табуға не көмектесті?
2. Балаңыздың қолынан ұстағанда не
сезіндіңіз?
Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса,
баланың басты ұстазы – ата-ана. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ,
сондықтан да баласының әдепті, білімді болып өсуін армандайды.
Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы
алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі
отбасының әсері мол. Сондықтан да мектеп өміріне, бала тәрбиесіне
белсене араластыру, мәдениетін арттыру, ата- ана мен мектеп
арасында серіктестік орната отырып ынтымақтастықта жұмыс жасау
мақсатында ұйымдастырылатын тренингтердің маңызы орасан
зор.
3.Топқа бөлу
1. Мейірім
2.Татулық
3.Бақыт
Күнделікті өмірде біз аса мән бере бермейтін «түстердің» адам психологиясына айтарлықтай ықпалы бар екендігін бүгінде дүниежүзілік ғалымдар дәлелдеп шықты. Сіздің таңдаған түсіңіз айналаңыздағыларға сіз туралы көп мәліметті беріп тұрады. Мәселен, жасыңызды, мәдениет деңгейіңізді, біліміңізді, ерекшеліктеріңізді, мінезіңізді сіз жиі қолданатын түске қарап–ақ байқауға болады.
Сондықтан да, оқушылар раушан гүлдерін өзінің ұнатқан түсін таңдайды.
Көк түс – жан тыныштығын, молшылықты, татулықты білдіреді. Ол адамдар мен қоғамды байланыстыратын негізгі дәнекер іспетті, бірлік, көпшілдік сезімнің, сенімнің түсі. Сондай–ақ, көк түсті ұнататындар өкпелегіш, сары уайымға салынғыш болып келеді. Әсіресе, көк түсті молшылықтың нышаны болғандықтан семіз келген адамдар ұнатады. Көк түсті таңдағандар – тыныш ортаны, мазасыздық пен сотқарлықтан, келіспеушіліктен алыс болуды қалайтындар. Олар бір-біріне деген сенімді қалайды және өзгелердің де оларға сенуіне әбден болады.
Сары түс – жеңілдік пен қуанышты, сабырсыздықты, нұр сәулені білдіреді. Қуаныштың, күн шапағатының нышаны. Сары түс адамды болашаққа бағыттайды, жаңалыққа талпындырады, заманауилыққа, дамушылыққа құштар етеді. Бұл түсті таңдаған кез келген адам қиындықты тезірек жеңуге құлшынып, тезірек босап шығудың амалын іздеп тұрады. Өзгерісті жиі қалап тұрады, сары түске құмар адамға тұрақсыздық тән.
Қызыл түс адамның энергияға толы екенін көрсетеді. Өмірлік күшті, белсенділікті, нәтиже, сәттілікке қол жеткізу үшін барлық мүмкін болған талпынысты, бейімділікті, албырттықты, жеңіске деген жігерді, құлшынысты білдіреді. Бұл түсті таңдағандар - кез келген қиындыққа мойынсұнбайтын, күрескер, батыл адамдар
4. Ертегілер елінде
Топқа бөлінген оқушылар мен ата – аналарға ертегілер кейіпкерлерінің суреттері таратылады. Аудио арқылы топтар іс әркеттерін көрсетеді.
-
«Сіз балаңызды білесіз бе?» жаттығуы
Аналар мен балаларға қаламсап пен ақ парақ беріледі. Сұрақтар қойылады. Сұраққа балалар өздері туралы жауап берсе, ал аналары баласы туралы жауап жазады. Содан соң ана мен баланың жауаптары салыстырылады. Екеуінің жауабы қаншалықты сәйкес келсе, анасы баласы туралы соншалықты білетіндігі анықталады.
Ж.Ж. Руссо: «Бала туылғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де солай сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» — деген екен.
5.«Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасы
Ата-аналарға мынандай ережелерді қадағалап отырып сурет салатындығы ескертіледі:
-
Бұл жұмыста Сіздер өз бейсаналарыңыздың хатшысы іспеттес боласыздар, сол себепті де еш ойланбай, қорықпай, берілген тапсырманы тездетіп орындауға тырысыңыздар.
-
Сурет салу тапсырылғанда, «Қалай саламын? Суреттер қандай болу керек?» деп сұрауға болмайды: өз қалауларыңыз бен шешімдеріңіз бойынша салу керек.
-
Суреттерді тез салу керек, өйткені оларды салуға уақыт өте аз беріледі.
-
Суреттерді салғанда, басқалардың суреттеріне қарауға болмайды.
Осыдан кейін ата-аналарға үй, жол, жылан, шарап ішетін бокал, шалбар мен әйелдердің басына тағатын орамалды кезекпен салуға тапсыру керек: әр затты салуға мейлінше аз уақыт беріп (5-10 сек), ата-аналарды асықтырып, жұмыстарын жеделдетіп отырған жөн.
Ата-аналар салынып біткен суреттерін бір-біріне көрсеткеннен кейін, оқытушы олардың мынандай мағына білдіретіндігін айтады:
Үй – адамның өзін-өзі бағалау деңгейін көрсетеді.
Үйдің суреті кең әрі биік болса, онда бұл ата-ана өзін-өзі бағалау деңгейі жоғары деп есептеуге тұрарлық.
Үйдің есік-терезелері бар болса онда бұл студент – қарым-қатынасқа ашық адам.
Үйдің есігі ашық болып немесе оның тұтқасы бар болатын юолса, бұл жәйт ата-ананың қонақжай екендігін білдіреді.
Жол – адамның қарым-қатынасқа қандай деңгейде араласатындығының айғағы.
Жол кең, әрі үйдің есігінен басталатын болса, бұл адамның қарым-қатынасқа бейім және қонақжай екендігін көрсетеді.
Жол тар немесе үйдің қасынан (үйге бұрылмай) өтіп жатса, онда бұл жәйт адамның қарым-қатынасқа оңай кірісіп кетпейтіндігін білдіреді.
Жылан – «Басқа адамдардың мен туралы пікірі қандай?» деген сұраққа өзіңіздің қалайша жауап беретініңіздің айғағы.
Жылан үй жаққа қарап тұрса әрі оның айрық тілі аузынынан көрініп тұрса, онда Сіз «Басқалардың мен туралы пікірі жақсы емес: олар күні бойы мені жамандаудан басқа іспен айналыспайды екен» деген ойдасыз.
Жылан үй жаққа қарап тұрмаса, онда, онда Сіз «Басқалардың мен туралы ойы жаман емес» деген ұстанымдасыз.
Бокал – адамның ішімдікке деген көзқарасын білдіреді.
Бокалдың суреті кішкене болып, оның іші бос болса, онда мұны салған адамның ішімдікке немқұрайды болғаны.
Шалбар мен орамал – ата-аналардың түсінігіндегі ер адамдар мен әйелдердің дәрежесін көрсетеді.
Шалбардың суреті орамалдан биік тұрса, онда ата-ана өмірде ер адамды әйелдерден жоғары санайды деген сөз.
Қорытынды.
Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік
және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық. Олай
болса балаға әрдайым жылы сөздер айтып, дұрыс тәрбие беруге сіз
болып, біз болып бірге атсалысайық.

төменде ұсынылған түстер психологиясын оқи отырып, жақындарыңыз туралы мәлімет алуға немесе айналаңыздағы адамдардың сізге деген оң пікірін тудыра отырып, өз стильіңізді, бедел–бейнеңізді қалыптастыруға мүмкіндігіңіз бар.
Жасыл түс – еркіндікке деген жігерлікті, табандылықты, мақсаткерлікті, өзімшілдікті, «Мен» деп өзіне жоғары баға берушілікті білдіреді. Бұл түсті таңдағандар – өзінің құндылығына деген сенімді жоғарылатқысы келетіндер, айналасындағы адамдардан мақтаулар, жақсы пікірлер күтетін адмадар. Сондай-ақ, бұл түс тәкаппарлықтың нышаны.
Күлгін түс - адамның тілегені мен қиялындағысы ақиқатқа айналады деген үміттің нышаны. Асыл арман мен көркем қиялдың түсі. Бұл түсті таңдағандар тек өзгелерді таң қалдырғысы немесе сүйсіндіргісі келмейді, өзін де таң қалдырғандығын қалайды. Сондай–ақ, бұл түсті мектеп оқушылары, аяғы ауыр әйелдер таңдап жатады. Оларға әлем сиқырлы, бар нәрсеге қол жеткізуге болатындай болып көрінеді.
Сұр түс – еркіндіктің нышаны. Бұл түсті таңдағандар – белгілі бір жүктелетін міндеттен ада болғысы келеді. Ештеңеге араласқысы келмейді, көпшілік ортаны ұнатпайды. Ортада оның бары, жоғы байқала бермейді. Адамдар оларды тез жалықтырғыш, іш пыстыратын жаратылыс ретінде қабылдайды.
Қара түс – абсолютті шекара, өмірдің тоқтайтындығының белгісі. Ол ғайып болу, өлім ойын көрсетеді. Қара түс – соңы, енді ештеңе болмайтындықтың нышаны. Десе де, қара түсті таңдаған адам тағдыр ағысына қарсы тұра алады.
Ақ түс – таза парақ, онда әлі де талай тарих жазылады. Пәктік, тазалық нышаны. Ақ түс әділдікті білдіреді. Еш бояуы жоқ ақ түс кіршіксіз сезімді көрсетеді. Пәк қалыңдықтар ақ көйлекті осы себеппен де киеді.
Аралас түстер:
Көк-қара – тыныштық.
Сұр-көк - сабырлық, немқұрайлылық.
Көк-қызыл қоңыр – өз жағдайын өзі жасап алу.
Көк-күлгін – нәзіктікке талпыныс.
Көгілдір - түсінуге деген құлшыныс, айналасын махаббатқа бөлеу.
Қоңыр-қызыл – белсенділік.
Көк-жасыл – нақтылық, ұқыптылық.
Ашық жасыл– жігерлік, бәрін өзіне бағындыруға талпыныс.
Жасыл-сары – адалдықты сүю.
Жасыл-қара – турашылдық.
Сұр-жасыл – сенімсіздік.


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген