400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Мен және мені қоршаған орта»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Мен және мені қоршаған орта» барлық ұстадармен окушыларға кажет деп ойлаймын кажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мерзімі: 13.12.2018ж.

Тобы: «Балауса»

Тәрбиеші: Қарабөпеева Баян

Сыныптан тыс жұмыс

Тақырыбы: «Мен және мені қоршаған орта»

Мақсаты: Оқушыларды туған өлкесін қорғауға тәрбиелеу: Оқушыларды туған жерін сүюге, табиғатты аялай және қорғай білуге баулу; Оқушылардың қоршаған ортаны қорғауға деген жоғары адамгершілік сезімі мен жауапкершілігін арттыру; Оқушылардың халық ауыз әдебиетінсн табиғат туралы білімдерін кеңейту.


Әдісі: Ой бөлісу.

Түрі: Сыныптан тыс жұмыс.

Көрнекілігі: « Табиғат адам үшін жаралыпты»

«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ

Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» нақыл сөздер тақтада


Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу және түгендеу. Оқушылардың көңіл-күйлерін сұрау арқылы сыныптан тыс жұмысын бастаймын.



Кіріспе.

« Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Дархандықты қазаққа дала берген секілді.
Еркелікті ерікті желден алған секілді,
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді
Табиғат! Осы бір жүрекке жылы, көңілге қонымды естілетін салиқалы сөзде қаншама терең ой, мағына, ұлағатты мол ұғым, тұжырымы кең ой жатыр десеңізші. Таиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс – мекені, алтын ұя бесігі, құт - берекесі. Адам үшін табиғат – ең қасиетті де қастерлі ұғым, өйткені адамның өзін дүниеге келтірген аяулы Анасы, сондықтан да адамның табиғатты Ана деп құрметтеуінде өте үлкен мән жатыр.


Негізгі бөлім.

Қазақ халықының бар өмір – тіршілігі табиғатпен етене байланысты. Сан ғасырлар – бойы халқымыз сол өзін аялаған табиғат құшағында тіршілік ете жүріп онын сан алуан құпия сырларына көңіл бөлді және сол туралы орынды тұжырым, пікірлерге келеді.
Халқымыздың табиғат жөніндегі ой – пікірлері оның құбылыстармен, заңдылықтарымен үнемі үндесіп жатты. Халық өзін табиғаттың бір бөлінбес бөлігі, құрамдас тобы деп есептеледі. Сондықтан да табиғат бірлікте өмір сүру қажеттілігін ерте кезде – ақ сезінді. Табиғаттың қатаң жағдайына, түрлі өзгерістерін сай көшіп – қонып жүріп өз шарауашылығын табиғатпен үйлесімді жүргізіп отырды. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек екеніне ерекше мән берген.

Халқымыздың табиғатқа деген зор сүйіспеншілігі табиғаттың көркем келбетін, арайлы ажарын, сұлулық сымбатын сезіне білуінен бірте – бірте қалыптасқан. Табиғат сұлулығынан, әдемілігінен, әсемдігінен бойына қуат, жүрегіне шуақ алып аса зор іңкәрлік сезімге бөлінген және табиғат сұлулығының алдында бас иген. Халқымыздың мақтанышы болған ақын Мағжан Жұмабаев жырларында туған жерге деген ыстық сезім мен зор сүйіспеншілік айрықша айтылған.

Табиғат
Орманы, тауы, сулары Табиғат – біздің анамыз
Қандай әсем нұр таңы Оны аялап бағамыз
Алуан түрлі аңдары Бар байлығын игеріп,
Мезгіл сайын өзеріп, Өркендейміз, жанымыз
Далаға тұрар оң беріп Мәпелейміз анадай
Қыс та, көктем, жазы да Гүл егеміз аялай
Күздері қандай жазира Шуағын төгіп әрқашан
Табиғат – Ана, жер – Ана Күліп тұрсын әрқашан.
Мәңгілік адам бесігі
Қуат беріп жаныма
Ашылған өмір серігі.

Қорытынды: Табиғатты қорғау барша халқымыздың міндеті. Сондықтанда табиғатымызды аялап өтейік

Табиғатым сырың терең сенің неткен,
Тау мен тастан сыңғырлаған сұлу өзен
Күн көзінен күмістей шағылған нұр
Көз алдымда көк орай гүлді кезең
Кең даламда шертілген сыбызғы үні
Тебіренген бар тіршілік,аспан нұры
Құстар да қылықтап жан тербеген
О,табиғат,не деген керемет ең
Сенің әсем бейнеңнен әсер алам
Ағаштарың әдемі бұралған
Бар керемет қасиет сенен екен
Әрқашан да боламын саған қорған.

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!



Тексерілді: _______________





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
1126
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі