«Мен және менің
анашым»
Сабақтың
мақсаты: Ұлттық салт-дәстүрлерді
сақтау, отбасы тәжірибесін насихаттау.Ата-аналардың мектеппен
тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру, отбасы тарихын және отбасы
дәстүріне деген қызығушылықтарын дамыту.
Көрнекілігі:
„Қыз-елдің көркі" (ұлттық
киімді қыздардың суреттері), «Өнер таусылмас азық" (қолөнер
түрлерінің фотосуреттері), мақал-мәтелдер, қанатты
сөздер.
Сабақтың
көрнекілігі:
Нақыл
сөздер
Сабақтың
барысы:
Мұғалім сөзі:
Ана-өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің,аналардың,қыздардың
Мұң
шалмасын күлім қаққан көздерін
Ана- барлық өмірдің бастауы Ол адамды өмірге
әкеледі, оны тәрбиелейді,өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет
күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам
,Ана-құдіретті жан ,ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты
болсын,
Аяулы аналар!!!
1-жүргізуші. Қайырлы күн, құрметті
көрермендер!
2-жүргізуші. Бүгінгі „Мен және менің
анашым" атты қыз сыны сайысына қош
келдіңіздер!
1-жүргізуші
Жанұямыз-сәніміз,
Отбасымыз-әніміз.
Біз бастадық сайысты,
Қош келіпсіз бәріңіз!
Құрметті ата-аналар, ұстаздар,
оқушылар, жарысқа қатысушы жанұялар және олардың жан-күйерлері,
бүгінгі мектебімізде өткелі отырған
“Мен және менің
анашым” атты сайысқа қош
келдіңіздер!
2-жүргізуші
Асыл іс көп халықта,
Іле жүрсең құлаққа.
Ізденген жетер мұратқа,
Ізденуден жалықпа – демекші, ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы
жанұяларды шақырамыз.
1-жүргізуші
Ақ көңілмен, ниетпен,
Әділ баға берсін деп,
Шаршамай еш жалықпай,
Айтқанына көндік деп,
Әділқазы алқасын сайлап алған жөн болар
Мұғалім әділқазылар алқасымен
таныстырады.
2-жүргізуші
Сайыстың шарттарымен таныстырып
өтейік.
1.
Таныстыру
2. Шебер
қолдар
3. Сұрақ -
жауап
4. Салт- дәстүр
көрсету
5.
Ептілер
6. Өнер
көрсету
1-жүргізуші
Көп сөйлеп жөн- жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болса да, қашпайық біз.
Ал, енді, халқым, рұқсат етсеңіздер.
“Мен және менің анам” сайысын бастайық біз.
2-жүргізуші
Жалын болып жанайық,
Әсем әнге салайық.
Сайыскерлер күтіп тұр
Соларменен бір танысып алайық!-
деп, сайысымыздың бірінші бөлімін бастайық.
1-Бөлім Әр отбасы өздерін
таныстырады.
Әділқазылар алқасы бағаларын
берсін
2-бөлім
1-жүргізуші.
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп
тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,-келесі
сайысымыз-
( Шығармашылық қолөнер
сайысы.)
3-бөлім
Сұрақ-жауап
4-бөлім
2-жүргізуші.
Әдет-ғұрып, салт –дәстүрі
қазақтың,
Жарасымды үйлесімді ғажап шын.
Ұмыт болған дәстүрлерді
сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан
қашпайық..
(Салт дәстүр
көрсету)
5-бөлім
1-жүргізуші
Күміс белбеу белімде
Жалт- жұлт етеді көрдің бе?
Тең келмейсің менімен
Түсіңдер менің соңыма
Келесі сайысымыз «Ептілер »
сайысы
Мұғалім
: (бір ыдыстағы суды екінші
ыдысқа төкпей құюы керек)
6-бөлім
2-жүргізуші
Ал, кімнің өнері бар
қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі , ән
салыпты.
Бүгінгі қыз сынында бәйге
алуға,
Арулар оянбай-ақ жан салыпты.
Ендігі тамашалайтындарыңыз өнер
сайысы.
1-жүргізуші
Өнер-білім серігің, адам-атың,
Болашаққа сеніммен бара алатын.
Осыменен сайыс та тәмам болды,
Бәрің аман болыңдар, жамағатым!
Әділқазы алқасы аруларымыздың ұпайларын
есептегенше өнерпаздардың өнерін тамашалайық.
Хор : Құттықтаймын мама.