жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Мен және менің балам: түсінісушілікті іздену» семинар-практикум
«Мен және менің балам: түсінісушілікті іздену»
семинар-практикум
Максаты: - Мектеп пен отбасының өзара байланысын, қарым – қатынасын нығайту;
- Отбасының қарым – қатынасындағы сенімділікті және сыйластықты
қалыптастыру;
- Бала тәрбиесінде Әкенiң ролі ерекше екендігін түсіндіру.
Құрметті ата-аналар мен сіздерді көргеніме қуаныштымын! Ұлы Абай: «Бір ғана қуанышым бар ол-менің балаларым»-деген екен. Әрбір ата-ана баласының денсаулығы мықты, ең жақсы болуын, талапты болып өсуін арман етеді. Менің ойымша, құрметті ата-аналар, сонымен қатар оның жақсы адам болып өсуін арман ету керек, ол адамдарға және қоғамға пайда келтіріп, «Адам» деген жоғары атаққа ие болып, барлық өмір тіршілігінің сынақтарынан сүрінбей өтіп, жетістіктерге жетеді.
«Біз балаларға ұқсамаймыз, балалар бізге ұқсайды» дейтін белгілі тәсіл бар. Ал баланың сізге ұқсауы үшін, сіздің қасиеттеріңізді алу үшін өзіңіз не істедіңіз?
Шағын дәріс “Бала тәрбиесінде ата-ана тарапынан қандай қасиеттер керек?”
Мақсаты: Баланы бағалауға, сезінуге, түсіне білуге баулу.
Ата-аналар тәрбиеде шыдамдылықты талап ететіндігін мойындайды. Алайда оған арнайы білім қажеттігін жұрттың бәрі біле бермейді. Бүгінгі жиналысымызда ата-ана мен бала арасындағы психологиялық қарым-қатынасы жайлы әңгімелеп, оны жаттығулар арқылы көрсетуге тырысамыз.
Бала әрдайым ата-ананың аялы алақанын қажетсініп тұрады. Қиындықтар туған сәтте ата-анасының тарапынан қолдау тауып, үлкен сенім артылған бала ісі оңға басады.
Әрине, әр ата-ана баласына деген сезімін түрліше жеткізеді. Қандай жағдай болмасын, баланың өзіне деген сенімін тудырып, қолдап отыру керек. Бала бір істен қателескен жағдайда оған шыдамдылық көрсету керек. Мұндай сәтте өзге отбасыларымен салыстыруға әуестенбеу керек. Рас, кейде өзге біреудің балалары бойындағы қабілеті айрықша сияқты көрінеді. Бірақ, ол басқа бала. Сондықтан әр баланың өзінің жеке басының ерекшелігін, ешкімге ұқсамайтын кейбір қасиеттерін сезіну керек. Кейде бала бір сәтсіздіктерге ұрынады. Ата-ана қатты уайымдап, баланың еш нәрсеге икемі жоқ, қабілетсіз деген асығыс қорытындыға келеді. Осыдан баланың өзіне деген сенімі күрт жойылады, қолын қусырып, кездескен қиыншылықтарды жоюға дәрменсіз болады. Мұндай жағдайда ата-ана баласының жай ғана талпынысының өзін қолдап түсіне білуі керек. Ең бастысы, бала біздің оны қалай бағалайтынымызды және одан не күтетінімізді сезінуі және түсінуі тиіс.
Аяқталмаған сөйлем:
– Егер баланы үнемі сынап отырса, ...
– Егер балаға үнемі күлсе, ...
– Егер баланы үнемі мақтап отырса, ...
– Егер бала төзімділікте өссе, ...
– Егер бала адалдықта өссе, ...
– Егер бала қауіпсіз жағдайда өссе, ...
– Егер бала кекшілдікте өссе, ...
– Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ...
Дұрыс жауаптары:
– Егер баланы үнемі сынап отырса, ... (оның оқуға құлқы болмайды).
– Егер балаға үнемі күлсе, ... (ол бұйығы болып кетеді).
– Егер баланы үнемі мақтап отырса, ... (ол өз қадірі үшін оқиды).
– Егер бала төзімділікте өссе, ... (ол басқаларды түсінуге тырысады).
– Егер бала адалдықта өссе, ... (ол адал болып жетеді).
– Егер бала қауіпсіз жағдайда өссе, ... (ол адамдарға сеніммен қарайды).
– Егер бала кекшілдікте өссе, ... (ол қатыгез болып өседі)
– Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ... (ол әлемнен махаббат табуды үйренеді).
Тренинг: «Мен үшін әке болу – бұл... »
Сөз басында мына ойыншықты /жұмсақ қонжық / бір- бірімізге жалғай отырып, мына фразаны аяқтайық! «Мен үшін әке болу – бұл... » /бақыт, жетістік, байлық, арман, дәреже, мәртебе, өмір, жауапкершілік...т.с.с./
Жүргізуші: Керемет! Ой бөліскеніңізге рахмет! Олай болса, жалғастырайық!
- «Әке – асқар тау» деп теңестіреді халық даналығы. Әр бала Әкесі мен анасының махаббатының жемісі болғысы келеді. Бақыты бала тек бақыты ата-анада ғана болады. Бала тәрбиесінде Әкенiң рөлі ерекше. Алайда, қанша мүмкіншілік болса да көптеген ер адамдар бала тәрбиелеудің негізгі жауапкершілігін мойнына алмайды. Психологтардың зерттеуі бойынша, егер әкелер балаларымен тығыз байланыста болып, тәрбиелеу міндетінің жүктемесін мойындарына алатын болса –анаға қарағанда тигізетін әсері басым болатынын айтады.
Ер бала әкені тыңдағысы келеді, оған ұқсас болғысы келеді. Ерекше әсер ,әрине, - бірігіп ойын ойнау. Көптеген зерттеулер нәтижесі бойынша, мысалы, ана баламен ойын ойнаса, ол әкеге қарағанда, ойнай отырып,баланы күтуді жалғастырады /мысалы: ойнаса да, ол бала құлап қалмаса екен, немесе бір жерін ауыртып алмаса екен, киімін ластап тастамаса екен т.с.с. / Ал әке керісінше,күш, қозғалыс ойындарын таңдайды.Осының салдарынан баланың даму белсенділігі арта түседі. Бұған дәлел, ұлы Аристотель « Ана - өсiредi, Әке – үйретедi» деп бекер айтпаған .
Балалар шығармаларынан...
-А енді, балалардың жауабына құлақ түрсек! Бiрнеше күн бұрын балаларға мынадай тапсырма берген болатынмын. ,, Жасырын турде /аноним/ өз әкелерi туралы жасырмай жазуларын өтiндiк. Олар мынадай сұрақтарға жауап бердi.
- Әкемнің ұнайтын жағы
- Әкемнің ұнамайтын жағы
- Болашақта әке болғанда қандай боламын?
Слайдқа түсірілген балалар жауаптары
Оқушы хаттарынан...
«Менiң әкемнiң мiнезi қаталдау. Менiң әкемнiң қолынан бәрі келедi. Тамақ пiсiрудi де бiледi. Өз әкемдi мақтан тұтамын. Ол бізге әрдайым қамқор болып жүредi. Оның жүрегi таза, жомарт адам.
Маған әкемнiң ғана айқайлағаны ұнамайды»
«Маған әкемнiң күлгенi ұнайды. Ол ешкiмнiң қолын қайырмайды. Маған барлық затты алып бередi.
Әкемнiн анама ұрысқаны ұнамайды. »
«Маған әкемнiң мейiрiмдiлiгi, кеңпейiлдiлігi ұнайды. Ол шебер адам. Ол менi әрқашан түсiнедi. Ол менiң кеңесiмдi тындайды. Ол өте ,өте, өте жақсы адам.
Әкемнiң ұнамайтын жерi, ол жаңа зат алған кезде көп ойланады. Оған жаңа заттың пайдасын түсiндiру киын. Бәрібір ол өте жақсы»
«Менің әкем мейірімді, ақкөңіл, адамдарға қамқор жағы ұнайды. Тек оның темекі тартатыны ғана ұнамайды. Мен болашақта әке болғанда балаларымды спортқа тәрбиелемін»
«Маған әкемнің шылым шекпейді, арақ ішпейді, сол жерлері ұнайды. Ұнамайтын жағы көп ұрсады. Мен өскенде балаларыма ұрыспаймын, оларға бар қуанышты сыйлаймын»
«Ол негізі мейірімді, қолы ашық, жайдары отырған кезде бәрімізді еркелетеді. Кей-кезде күлдіріп отырады. Осы қасиеті маған ұнайды. Ұнамайтын жағы көп ашыла бермейді, жайдары отырғанда болмаса басқа сәттерде қабағынан қорқып көп ештеңе айта алмаймыз өте тәртіпті жақсы көреді. Бізбен ашылып сөйлеспейді. »
«Әкемнің мінезі жақсы, адамды түсіне біледі, қолы ашық, мейірімді. Ол негізі көп күлмейді, көп күлгенді ұнатпайды. Сондада өзіме ұнайды. »
«Әкемнің ұнамайтын жақтарынан гөрі ұнайтын жақтары көп»
Әкелерді аналардан бөлмейікші,
Аналарды артығырақ көрмейікші.
Анаң болып, әкең егер болмаса,
Бүп-бүтін боп өсеміз бекөркейіп?
Әке деген қадірлейтін бір адам,
Шаңырақтың іргетасын құраған.
Әкенің бір қарағаны – тәрбие,
Әкелерді бағалайық , сұранам!
Жүргізуші: Иә, өзіңіз байқап тұрсыз, бала жұрегінде тіпті ,,осал,, әкелерге де орын табылады. Нағыз бетке ұстар әке болу үшін ешқандай жаттығулар, дайындықтар қажет емес, бір нәрсе ғана керек. Ол-ұмтылыс. Балаға тек әкесінің қасында болғаны жеткілікті. Әкемен әңгімелесу, сыр бөлісудің өзі факт жүзінде, оте пайдалы.
Анкета Слайд
Жүргізуші:- Ал енді, сіздер қандай әке екеніңізді білгіңіз келеме? Олай болса, мына тест сұрақтарына назар аударайық?
Тест сұрақтары
Сіз өзіңіздің ата-анаңызға көмектесесіз бе?
2. Сіз балаңыздың нағашы жағымен жиі араласасыз ба?
3. Балаңыз сұраған заттардың бәрін алып бересіз бе?
4. Балаңыздың көзінше жұбайыңызбен ұрыспауға тырысасыз ба?
5. Сіз балаңыздың \қызыңыздың\ дене бітімінің, ой ұшқырлығының дамуына ат салысасыз ба?
6. Балаға берген сертіңізді үнемі орындайсыз ба?
7. Балаңыздың \қызыңыздың\ үй шаруасында белгілі бір міндеті бар ма?
8. Балаңыздың \қызыңыздың\ досы кім екенін білесіз бе?
9. Балаңыз \қызыңыз\ сізге сырын айта ма?
1о. өзіңізді жақсы әке деп есептейсіз бе?
Тест қортындысы:
-егер барлық сұрақтарға ,,ия,, деп жауап берген болсаңыз – сіз нағыз үлгілі әкесіз!
-егер ,,4,, немесе ,,6,, сұраққа ,,ия,, деп жауап берген болсаңыз – сіз міндетті түрде жанұяңызбен айналысып, балаларға деген көзқарасыңызды жедел өзгерту керексіз!
- егер ,,1,, немесе ,,3,, сұраққа ,,ия,, деп жауап берген болсаңыз – сіз бәрінде түсініп, бүгіннен бастап жанұяңызға және балаларыңызға көзқарасыңызды өзгертесіз!
«Сиқырлы қоржын» Ойлауға арналған сұрақтар. Әр адам қоржыннан аяқталмаған сөйлемі бар үлестірмелер алады да өз сөздерімен сөйлемді аяқтайды.
1. Ең үлкен қорқыныш бұл – ....
2. Мен мынадай адамдарға сенбеймін.....
3. Мен ренжимін, егер....
4. Мен қуаныштымын, себебі.....
5. Баланы үнемі қолдап отырса.....
6. Мен үшін бақыт деген.....
7. Отбасының қорғаны кім?
8. Балаңыз сізге қасқыр мен түлкі туралы ертегі айтып беруін өтінді, сіздің әрекетіңіз
9. Мақалды жалғастыр. Бала жас шыбық... (қалай исең, солай иіледі)
10. Ана бауырындағы бұлақ.... (бала жағасындағы құрақ)
11. Балаңыздың қандай да бір іске өнері, қызығушылығы байқалсы не істер едіңіз? 12. Сіздің балаңыз сізге түн неге қараңғы? Күн қайда кетті ? деген сұрақтар қойса, қалай жауап берер едіңіз
13. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер айтасыз?
14. Балаңыз сізді ренжітті, сіздің іс - әрекетіңіз.
Байлаулы бала (тренинг):
Бір ата-ана ортаға шығады. Төмендегідей сұрақтар қойылады.
Сіз балаңызбен көл жағасына бардыңыз. Балаңыз суға қызыққаны соншалық суға қарай жүгіріп кетті. Сіз қалай тоқтатасыз? (аяғы байланады)
Қарасаңыз балаңыз адамдардың тастап кеткен темекінің тұқылын жинап алып, сонымен ойнап отыр. Сіздің әрекетіңіз? (қолы байланады)
Жұмыстан шаршап келсеңіз бала теледидардан атыс-шабыс, бір сөзбен айтқанда өз деңгейіне келмейтін кино көріп отыр. Сіздің әрекетіңіз? (көзі байланады)
Балаңыз досымен келіспей қалды да, жаман сөздермен сыбағасын берді. Сіздің айтар сөзіңіз? (аузы байланады)
Міне, баламыз қандай күйге түсті, құрметті ата-ана. Мұндай күйге түспес үшін баламызға неге болмайтынын, «өйткені» сөзін қолдана отырып түсіндіруіміз керек. Сонда ғана сіз бала тәрбиесінде мақсатыңызға жете аласыз.
«Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау — ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала — әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген