400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен және менің достарым

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп психологтарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Мен және менің достарым

Мақсаты:  Оқушылардың қоршаған ортамен қарым-қатынасын  жақсарту;

- Оқушының өз ойын еркін айтуға үйрету;

- Оқушының достарына деген көзқарасын анықтау;

- Жеке тұлға аралық қарым-қатынастың мүмкіндігін және дағдыларын   қалыптастыру;

- Өз қылықтарын және  өзгенің де талдай білу мүмкіншілігін дамыту;

Сабақтың құрылымы:

1. Қуаныш шеңбері.

2. Менің жағымды , жағымсыз қасиеттерім.

3. «ДОС»  деген ұғымды қалай түсінесің?

- Достар  қандай  болу керек?

- Қалай ойлайсың, сенің досың  бар ма?

- Сен нағыз дос  бола аласың ба?

4. «100 тенгең болғанша,100 досың болсын» деген мақалды қалай түсінесің?

5. «Жақсы дос» ойыны

6. Дос туралы бейнефильм

7. Жүректен  жүрекке…

8. Қорытынды.

Көрнекілік: қалам, А4 беті, ватман, түрлі-түсті маркер, сазды әуендер

Қатысушылар:  8 сынып (ресурс оқушылары)

Өткізу әдісі:  тренинг

Сәлеметсіндерме,  құрметті оқушылар! Сендерді «Қуаныш шеңберін» құруға шақырамын. Шеңбер бойымен көршілеріңізбен амандасып, тілек  айтуларыңды сұраймын.

Тілектеріңе көп рахмет. Жақсы көңілмен тренингімізді бастайық.

Бүгінгі біздің тақырыбымыз  «Мен және менің достарым».

Ең алдымен  әр қатысушы өзіне сай, бір  жақсы әдемі сөз айтады, мыс: (әдемі, суйікті, нәзік т.с.с).

Келесі жаттығуда, төмендегі қойылған сұрақтарға жауап береді.

- «ДОС» деген ұғымды қалай түсінесің?

- Достар  қандай  болу керек?

- Қалай ойлайсың, сіздің досың  бар ма?

- «100 тенгең болғанша, 100 досың болсын» деген мақалды қалай түсінесің?

- Сен нағыз дос  бола аласың ба?

 Оқушылар өз ойларын еркін жеткізуге, бір-бірін тыңдауға  үйретеді.

  Балалар, орындарыңызға емін-еркін жайғаса отырыңыздар. Енді көзімізді жұмып, өзіңнің жақсы досың туралы ойла, бұл шын мәнінде дос болып жүрген адамың болу  мүмкін. Егер сенің шынайы досың болмаса, онда сен жай ғана елестетуіңе болады. Кіммен енді достасқың келетіні жайында ойлан. Сен ол адам туралы не айта аласың? Сендер бірігіп не істей аласыңдар? Сенің досың қандай? Саған оның қандай қасиеті қатты ұнайды? Сендердің достықтарыңның әрі қарай нығаюы үшін не істемексіңдер?

Балалар, достарымызды ойлап болсақ, көзімізді ашайық. Осы  сұрақтар бойынша ойланып көр, сұраққа жауапты қағазға жаза аласың,  суретін  салсаң да болады (15 мин.).

Жаттығуды талдау:

- Адам досты қалай табады?

- Неліктен өмірде  жақсы достар қажет?

- Біздің сыныптан сенің досың бар ма?

Тұз терапиясы. Оқушылар қазір біздер тұзды әртүрлі түске бояп мына құмыраға кезекпе-кезек келіп досымызға жақсы тілек тілеп саламыз.

Қорытынды сөз

Мұғалім:    Достық- адамдарды бір-біріне бауырмал, жақын ететін, кіршіксіз, таза, ізгілікті қарым-қатынас.  Бір-бірлерінің  көзқарастары мен ой-ниеті үйлескен, мінездері сыйымды адамдар ғана дос бола алады. Адам досына ғана өз сырын айта алады, шынын жасырмайды. Дос болу дегеніміз-керек кезде қол ұшын беру, сыйлау, қадірлеу. Өзінің жан досы бар адам бақытты.

М.Мақатаевтың «Дос» туралы өлеңінің бір  шумағын  сендерге оқып беруге рұқсат етіндер:

Досым саған сенемін, сеніп өтем!
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен
Достық деген
- адамның көрігі екен
Достық деген
- ақылдың серігі екен .

Құрметті оқушылар! Осындай құрмет тұтар,адал, шын жанашыр достарың көп болсын, достарыңды құрметтеп, олармен әрқашан тату болыңдар!


«Жүректен  жүрекке»   Оқушыларды шеңберге тұрғызып,  қол ұстастырып, Жігіттер тобының орындауындағы «Жан досым»   әнін бірге орындап, сабақты аяқтаймыз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18.03.2019
797
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі