400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен және менің достарым

Материал туралы қысқаша түсінік
. Өзінің есімін, тегін атай білуге жаттықтыру. 2.Топтағы балаларды атымен атауды үйрету, «ұл», «қыз» ұғымдары туралы түсініктерін бекіту. 3. Адамдармен өзара түсінісіп, қарым-қатынас жасай білуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ортаңғы «Бәйтерек» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы.

Білім беру саласы:Әлеуметтік. Қатынас.

Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы:Мен және менің достарым!

Мақсаты:1. Өзінің есімін, тегін атай білуге жаттықтыру.

2.Топтағы балаларды атымен атауды үйрету, «ұл», «қыз» ұғымдары туралы түсініктерін бекіту.

3. Адамдармен өзара түсінісіп, қарым-қатынас жасай білуге үйрету.

Қолданылатын көрнекі құралдар: ойыншық тышқан, доп, балалардың суреттері, үлестірмелі материалдар.

Сөздік жұмыс: достық, ынтымақ.

Билингвальды компонент: дос- друг, ұл- мальчик,қыз- девочка.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті.

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық.

-Қандай ғажайып таң!

Бәріміз шаттық шеңберіне тұрып, бір бірімізге игі тілектерімізді айтайық.

-Бізге қонаққа келіп тұр.Кім болды екен?(Тышқан жылап кіріп келеді).Педагог тышқанның дауысын салып:

-Сәлеметсіздерме, балалар! Менің көңіл күйім түсіп кетті, өйткені менің достарым жоқ.Қарап тұрсам, сендер өте көңілдісіңдер,сендер көпсіңдер.Мен достардың қандай болатынын да білмеймін.

-Балалар, алдымен танысып алайық.Шеңбер бойымен өз есімдеріңді атап шықсаңдар жақсы болар еді.









Шаттық шеңберіне тұрады,бір біріне игі тілектерін білдіреді,тышқанға әрқайсысы аттарын айтады.

Ұйымдастырушылық- ізденістік.

1Білімді өзектендіру:

-Тышқанға көмектесіп , достың қандай болатынын және достық туралы айтып берейік.

-Сендердің достарың бар ма?

-Достық дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Билингвальды компонент:дос- друг, ұл -мальшик, қыз- девочка.

3. Достық тақырыбында әңгіме өткізу.

-Достық(дружба) адамдардың бір бірімен жақсы ниетпен араласуы, бірге ойнауы. Балалар, нағыз достың қандай болатынын білесіңдер ме?

Ынтымақ(содружество) адамдар арасындағы ұйымшылдық, бірлік.

4.Үлестірмелі материалмен жұмыс.

Тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіреді, қалай орындағандарын қадағалайды.

Жеке жұмыс жүргізеді.

«иә немесе жоқ» ойыны. Шарты: педагог сөйлемдерді айтады, балалар келісетіндерін немесе келіспейтіндерін «иә», «жоқ» деген жауаптармен білдіреді.

-Ұзақ дос боламыз.

-Достықты біз бағалаймыз.

-Бірге ойнаймыз.

-Бір бірімізге көмек көрсетеміз.

-Достарды ренжітеміз.

-Досымның қолындағы ойыншығын тартып аламын.

5. Саусаққа арналған жаттығу:

Достық

Қыздар мен ұлдар

Дос қой біздің топта.

Ұсынса біреу қолын,

Ешқашан бас тартпа.

6. «Досың туралы айт» жаттығуы.

-Досыңның есімі кім?

-Сенің досың ұлма, әлде қыз бала ма?

-Досың ызақор ма,әлде мейірімді ме?

Сұрақтарға жауап беріп,

өз білімдерімен бөліседі.






Қайталайды.




Педагогті мұқият тыңдап,сұрақтарға жауап береді.





Тапсырманы орындайды.




Сұрақтарға жауап бере отырып,ойынға қатысады.




Иә.

Иә.

Иә.

Иә.

Жоқ.


Жоқ.

Саусаққа арналған жаттығуды орындайды.Мәтін мазмұнына сәйкес қимыл қозғалыс жасайды.



Өз достарын сипаттайды.

Айша.

Ол қыз бала.


Ол мейірімді.

Рефлексиялық- түзетушілік

Тышқан:Балалар,сендерге көп рахмет. Менің кетуім керек. Енді мен дос табатыныма сенімдімін, өйткені мен дос және достықтың не екенін түсіндім.

Балалармен қоштасады.

Педагогпен бірге сабақты қорытындылайды.



Тышқанмен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: заттарды сипаттап айтуға және басқа да ойыншықтардың неден жасалғанын ажыратуға арналған тапсырмаларды.

Түсінеді:металл және ағаштан жасалатын ойыншық түрлері туралы мәліметтерді тыңдап.

Қолданады:затардың қандай материалдардан жасалғанын анықтап, оларды топтастыра білу дағдыларын.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
809
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі