№
8 ҰОҚ
Білім беру
саласы: Әлеумет.
Бөлімі:
Қоршаған ортамен
танысу.
Тақырыбы: Мен және менің достарым!
Мақсаты:
балаларға «Дос», «Достық» құндылығы туралы түсінік беру;
Міндеттері:1. Өзінің есімін, тегін атай білуге жаттықтыру. Топтағы балаларды атымен
атауды үйрету; «ұл», «қыз»
ұғымдары туралы түсініктерін бекіту.
2.Баланың айналаны өзі
танып-білуіне жағдай жасау.
-
Адамдармен өзара түсінісіп,
қарым-қатынас жасай білуге үйрету.
Күтілетін
нәтижелер:
орындайды:
заттарды сипаттап айтуға
және басқа да ойыншықтардың неден жасалғанын ажыратуға арналған
тапсырмаларды.
түсінеді:
металл және ағаштан
жасалатын ойыншық түрлері туралы мәліметтерді тыңдап.
қолданады:
заттардың қандай
материалдардан жасалғанын анықтап, оларды топтастыра білу дағдыларын.
Қолданылатын көрнекі
құралдар: ойыншық
тышқан, доп,
балалардың суреттері,
үлестірмелі
материалдар.
Сөздік жұмыс:
достық, ынтымақ.
Билингвалды
компонент: дос – друг, ұл – мальчик, қыз – девочка.
ҰОҚ барысы
-
Ұйымдастыру
кезеңі
–
Қандай ғажайып таң! Бәріміз
шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірімізге игі тілектерімізді
айтайық.
–
Бізге қонаққа келіп тұр. Кім
болды екен? (Тышқан жылап кіріп келеді).
Педагог тышқанның даусына
салып:
–
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Менің көңіл күйім түсіп кетті, өйткені менің достарым жоқ. Қарап
тұрсам, сендер өте көңілдісіңдер, сендер көпсіңдер. Мен достардың
қандай болатынын да білмеймін.
–
Балалар, алдымен танысып
алайық. Шеңбер бойымен өз есімдеріңді атап шықсаңдар, жақсы болар
еді.
-
Негізгі кезең
Білімді
өзектендіру:
–
Тышқанға көмектесіп, достың
қандай болатынын және достық туралы айтып берейік.
–
Сендердің достарың бар
ма?
–
Достық дегенді қалай
түсінесіңдер?
Билингвалды
компонент:
дос –друг, ұл – мальчик, қыз
– девочка.
Достық тақырыбында әңгіме
өткізу.
–
Достық (дружба) – адамдардың
бір-бірімен жақсы ниетпен араласуы, бірге ойнауы. Балалар, нағыз
достың қандай болатынын білесіңдер ме?
Ынтымақ (содружество) –
адамдар арасындағы ұйымшылдық, бірлік.
Үлестірмелі материалмен
жұмыс.
Тапсырманы қалай орындау
керектігін түсіндіреді, қалай орындағандарын қадағалайды. Жеке
жұмыс жүргізеді.
«Иә немесе жоқ»
ойыны.
Шарты: педагог сөйлемдерді
айтады, балалар келісетіндерін немесе келіспейтіндерін «иә», «жоқ»
деген жауаптармен білдіреді.
–
Ұзақ дос боламыз.
–
Достықты біз
бағалаймыз.
–
Бірге ойнаймыз.
–
Бір-бірімізге көмек
көрсетеміз.
–
Достарды
ренжітеміз.
–
Досымның қолындағы ойыншығын
тартып аламын.
Саусаққа арналған
жаттығу:
Достық
Қыздар менен
ұлдар
Дос қой біздің
топта.
Ұсынса біреу
қолын,
Ешқашан бас
тартпа.
«Досың туралы айт»
жаттығуы.
–
Досыңның есімі
кім?
–
Сенің досың ұл ма, әлде қыз
бала ма?
–
Досың ызақор ма әлде
мейірімді ме?
3.
Рефлексия.
Тышқан: Балалар, сендерге
көп рақмет.
Менің кетуім керек. Енді мен
дос табатыныма сенімдімін, өйткені мен дос және достықтың не екенін
түсіндім. Балалармен қоштасады.