Мен және менің есімім

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мен және менің есімім

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға тигізер пайдасы көп
Материалдың қысқаша нұсқасы
«Мен және менің есімім» Мақсаты: Педагогтардың өз – өзіне деген сенімділігін арттыру. Өзін таныстыра білу мәнеріне ие болу. Бірін – бірі жақынырақ білуге көмектесу және қысылу сезімін жеңуіне ықпал ету. Көрнекі құралдар: ақ қағаз , түрлі – түсті қарындаштар, үнтаспа, диск, жүрекшелер, алақандар, қалам, түрлі – түсті шеңберлер т.б.Ұйымдастыру сәті «Жүрек жылуы» Мақсаты: Педагогтардың бір – біріне деген жағымды ой, дұрыс көзқарастарын қалыптастыру. Ішкі сезімдерін білдіре алуға жағдай жасау.Нұсқау: Тренингке қатысушылар көңілді шеңбер құрып тұрады. Жүрекше беру арқылы бір – біріне жанға жайлы, жүрекке жағымды әсерлі сөздер айтады.«Танысу»Нұсқау: Әр педагог өзін таныстыра отырып, өзінің есімін неліктен олай қойғанын түсіндіріп кетуі тиіс. Мысалы: Менің есімім Жұлдыз. Есімімді анам қойған. Жұлдыздай жарқырап, әрдайым биіктен көрінсін деген. Осылай әр қатысушы өз есімі туралы қысқаша анықтама береді. Содан кейін әр қатысушы «Егер мен өз есімімді өзгеретін болсам...» деп өз ойларымен бөліседі. Мысалы: Маған Роза деген есім ұнайды. Өйткені мен кішкентай кезімнен әнші болуды армандадым. «Сүйінші» жаттығуы Шеңбер бойында отырған қатысушылар жұп бойынша бірін-бірі итереді. Әрбір қатысушы орындықтың екі жақтауынан ұстап отыруы тиіс. Жаттығу соңында, бұл өмірде әр нәрсенің сүйінші болуы керектігі айтылады Биопоэма
  • Есіміңіз?
  • Өзіңізді сипаттаңыз?
  • Өмірде нені ұнатасыз?
  • Өмірде неден қорқасыз?
  • Басқа жандар үшін сіз өмірде кімсіз?
  • Басыңыздан өткізген қызықты оқиға?
  • Өткізгіңіз келетін жағдай?
  • Алға қойған мақсатыңыз?
  • Бүгінгі күні жеткен жетістіктеріңіз?
  • Мекен-жайыңыз?
  • Тегіңіз?
«Бағдаршам» ойыны Нұсқау: Ойыншылар түстерді таңдайды , солар түстер бойынша екі-екіден билейді, Қызыл жанғанда тоқтап, жасыл жанғанда билеп, сары жанғанда бір-бірлерімен ауысады. Сосын жүргізуші әрбір алақандағы жазуларды оқиды, ал қатысушылар оның кім екенін анықтайды. «Алақан» жаттығуы Әрбір саусаққа өз бойындағы іскерліктерді, қаблетті, жағымды қасиеттерді, мінезінің мықты жақтарын жазады. Сосын жүргізуші әрбір алақандағы жазуларды оқиды, ал қатысушыла р оның кім екенін анықтайды. «Сен сұлу» Ортаға өз еркімен бір ойыншы шығып, подиумда еркін жүріп өтеді. Көрермен өз ойларын ортаға салып қай жерлеріңізді өзгертуге болатынын ашып айтады. «Ақ тілек» Шардың ішінде тілектер жазылады. Қатысушылар өздеріне ұнаған шарды таңдап алып , оны жарады. Шар ішіндегі тілекті оқиды. Ән көңілдің ажары Мен өзіңді сүйем Сені де сүйем білем Өзіңді сүйе білсең Сүйесің мені білем Қорытынды. Ойыншылар қандай ойын ұнағанын, не себептен ұнағанын, не ұнамағанын, қандай тақырыпта тренинг өткізуі жөнінде ұсыныстарын т.б айтып қорытындылайды. Әр ойыншыға сөз беріледі.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.02.2019
548
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі