Материалдар / Мен және менің мамандығым

Мен және менің мамандығым

Материал туралы қысқаша түсінік
логопед - дефектолог мамандарына
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



Мен және менің мамандығым

Бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым төмен болса,

соғұрлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болуы керек”

неміс педагог-дефектологі П.Шуман

Өмірде өз орнын тауып, білікті де, білімді, білгір маман атану әрбір көзі ашық,көкірегі ояу, саналы азаматтың басты арманы.«Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан»,- деп ұлы Абай атамыз айтқандай,әрбір саналы азамат- бұл дүниеде өз орнын тауып, кірпіш болып қалануды қалайды. Дұрыс таңдалған мамандық әр адамның өмірінің айнасы, болашақта маздап жанар шамшырағы.Сол секілді менің де өміреді асыл арманым, жүрек қалауымен таңдаған мамандығым-ұстаздық.Ұстаздық еткен жалықпас,Үйретуге балаға-демекші ұстаз жай ғана маман иесі ғана емес, ол келешек ұрпақтың сәулетшісі.Ұстаз атану, соның ішінде қазіргі заман талабына сай біліммен, біліктілікпен қаруланған, педагогика-психология білімдерін терең меңгерген арнайы маман педагог-дефектолог атану үлкен мәртебе.Иә, мен мұны үлкен мақтаныш сезімімен айта аламын. Менің педагог-дефектолог мамандығым менен аса улкен жауапкершілікті күтуде. Өйткеніқазіргі таңда қоғамда болып жатқан әлеуметтік мәселелер: отбасылық, экологиялық, экономикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, психикалық ауытқулары бар әр түрлі жастағы балалардың көбеюіне әкеліп соқтыруда.Ел өмірінің қай кезеңіне көз жіберсек те, балалар тағдыры кімді болса да бейтарап қалдырмай, өзекті мәселенің бірі болғаны белгілі.Қазіргі таңда бойында кінараты бар, даму мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдап, заң жүзінде қорғай отырып, заман көшінен қалдырмау үшін еліміз түрлі жағдайлар жасауда.Қазіргі заман талабы бәсекеге қабілетті, біліммен қаруланған жан-



жақты ұрпақ тәрбиелеу мәселесі болса, мен инклюзивтік білім беру барысында –даму мүмкіндігі шектеулі балалардың мүддесін қорғап, дамумүмкіндігі шектеулі балаларды көштен қалдырмай оқу-білімге жетелеп, жан-жақты жетілдіріп, барлық балалардың білім алу саласында тең құқылы, олардың өзге балалардан, артықшылығы болмаса, еш кемшілігі жоқ екенін көрсетуге тырысудамын.Инклюзивтік білім беру саласы- жаhанданған заманда,қазіргі білім беру саласы педагог-маманнан да жоғары кәсіби білім мен қатар үлкен жауапкершілікті, педагогика білімін терең мегеру мен қатар үлкен төзімділікті, асқан шыдамдылықты, күш пен қайратты талап етеді. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың барлығы дерлік жасқаншақ, ұяң, сөздік қоры мен сөйлеу тілі, тіл байлығы, қарым-қатынас қабілеті, сонымен бірге танымдық процестері жетілмеген болып келеді. Маман ретінде мен бұл балалардың бойында бар асыл қасиеттерді, танымдық үрдіс пен әлеуметтік ортада қалыптасып, өз-өзіне қызмет етіп, білім мен тәрбиені бойларына қатар ұштастыра біліп, өркениетті елде өз орнын тауып қалыптасуына жағдай туғызушы міндетін өзіме жүктеудемін. «Саналы тәрбие-сапалы білім кепілі»,- болғандықтан шәкірттерім білімді өздеріне азық етіп, өмірде өз орындарын таба білсе мен үшін бұл шын бақыт болары сөзсіз. Қазақ халқында «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»,- деп бекер айтылмаса керек. Ең алдымен осы бойында, жалпы психологиялық тұрғыдан қарағанда дамуында ауытқушылығы бар жандарды қатарға қосып, психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау, түзеу жұмыстарын шебер ұйымдастыру барысында педагог-дефектолог маман өз шәкіртінің танымдық қабілеттері-есте сақтау, зейін, ақыл-ой, қиял,қабылдау, түйсік секілді психофизиологиялық қабілеттерді дамыта білсе өз жұмыс барысында үлкен жетістікке жетері сөзсіз. Қай маманның болмасын еліне, халқына пайдасын тигізгісі келетіні анық.



Ісім оңсын десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз.

Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз.

(Әл – Фараби)

Қазіргі таңда заман талабына сай тұлға болып қалыптасып, мақсат – арманыңа жету үлкен өнерді, өмір сүру өнерін меңгеруді қажет етеді. Әрбір адам өзін-өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек. Осы логопед мамаңдығына келгенше бірінші тәрбиеші болып қызмет атқардым, сосын екінші мамңдық алдым ол психолог мамаңдығы .Психолог болып жұмыс жасау өте қиында қызықты мамаңдық адамдармен өте тығыз байланысты болып, олардың жан-күйзелісін, қуанышын, барлық жағынан өз көмегінді аямай бір нәтижеге қол жеткізгенде бірге қуанып, сол адамға жылу сыйлағандай, тығырықтан жол ашып бергендей жақсы сезімде боласын. «Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла …» деп Абай Құнанбаев айтқандай, әрбір адам жеке тұлға, олардың әрбіреуінің шешілмеген жұмбағы бар, сол жұмбақтың кілтін тауып аша білу, әрбір жүректің құпия сырын оқи білу біздердің, психолог мамандардың міндеті болып саналады.Қазіргі мамаңдығым өте қажет, өйткені көптеген адамдар кейбір дыбыстарды дұрыс айта алмайды, ал логопед оларға дұрыс сөйлеуге көмектеседі. Логопедтің жұмысы асқан шыдамдылықты талап етеді — сенімсіз пациенттерге күн санап жаттығу жасату тек өз дегенінен қайтпайтын, табанды маманның ғана қолынан келеді. Емдеу процесі кем дегенде 5 ай уақытты алады; кейде қиын пациенттермен жұмыс жасау бір жылға және





одан да көп уақытқа созылады. Жұмыс бір қарағанда оңай болып көрінгенімен, күшті теориялық дайындықты, бірінші кезекте сөйлеу дыбысын келтіру тетігін және сөйлеу патофизиологиясын білуді талап етеді. Логопедтер тіл кемістігі бар (белгілі бір дыбысты дұрыс айта алмау, тұтығу және т.с.с.) балалармен де, ересектермен де жұмыс істейді. Алдымен, маман тіл кемістігінің себебін анықтайды. Бұл үшін ауыз қуысындағы сөйлеу аппаратының қалай орналасуын, дыбыстардың қалай шығатынын, дауысы қалай шығып тұрғанын білуі керек. Бұдан әрі логопед пациентке толық сабақ оқыту курсын өткізеді. Оларға жаттығуларды маман өз бетінше таңдап алады. Осы жұмыстың барлығына жарты жыл немесе одан да көп уақыт кетеді. Логопед өзінің сөйлеген сөзінде тіл кемістігі бар болса, «етікші етікке жарымайдының» кебін киеді. Ол пациентке сөйлеу кемістігінің себебін анықтап, туындаған жағдаяттарды шешуге көмек беруі үшін шебер психолог болуы тиіс. Логопедке балалармен жиі жұмыс істеуге тура келетіндіктен, олармен ортақ тіл табыса білуі маңызды. Мұндай маманға есте сақтау қабілетінің жақсы болуы да қажет: ол барлық жаңылтпаштарды, сөйлеу машықтарына арналған жаттығуларды жақсы есте сақтауы тиіс. Шыдамды, байсалды болуға машықтану қажет, себебі адамды қысқа уақытта дұрыс сөйлеуге үйрету мүмкін емес.Сөйлеу ақауын жою үшін логопед оның пайда болу себебін анықтауы тиіс. Бұл ретте оған адамның даму деңгейіне: ол қаншалықты сауатты, оның сөздік қоры қандай дәрежеде бай екендігіне тағы да көңіл бөлу керек. Жақсы логопед адам сөйлегенде ерін мен тілдің дұрыс орналасқандығы туралы бәрін біледі, оған сөйлетуге арналған жаттығулар мен жаңылтпаштар да белгілі – пациентпен жұмыс жасаған кезде ол өз дағдыларын белсене қолданады. Логопед жүргізетін сабақ жеке (бір адаммен) де, топпен де өткізілуі мүмкін.Мамандық әр адамның мақсаты. «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең», дейді халық. Барлық



адамның арманы болады. Арманшыл адам болашақта арманына жете алады. Мамандықпен өнерді ол өз қалауымен таңдап алады.Мамандықтың түрі өте көп. Мысалы: әнші халық алдына шығып ән салады. Дәрігер адам өмірінің арашасы. Ұстаз шәкірттерді білімге Ең алдымен адамға тәрбие берілуі керектігін, тәрбиесіз білімнің болашағы қараң екендігін түсінген кезде, өмірімнің қиын кезеңдеріне тап болғанымда, мен өзімнің осы мамандықты таңдағаныма қуандым.Мамандық таңдауда адамның психологиялық ерекшеліктері мен болашақ жұмысының мазмұны арасындағы байланыс маңызды рол атқарады. Кез-келген мамандық адамның бойындағы сол мамандыққа сәйкес келетін «кәсіби маңызды қасиеттердің» болуын талап етеді. Осы кәсіби маңызды қасиеттерді өз бойымнан көре алмадым ба деген ойда туындаған болатын, бірақ ол кәсібиліктің өмір мектебі мен психологияны, логопед қызметін ұштастыра отырып келетіндігін ұғындым.Логопед мамандығы қарапайым жаттап алып бере салатын нәрсе емес, ол үшін көпті өмірден алған тәжірибең, айнала адамдарға деген шынайы көзқарасың, адалдық, кеңпейілділік қажет деп ойлаймын. Себебі сенің алдында әртүрлі диагноздағы балалар отырады, сол балалармен өзінді калай ұстау қажет, қандай әдіс -тәсіл қолдану керек екенін,оның ата-анасымен тіл табыса білуге керек. Бұл жерде сен тек бір дыбысты үйрете қоймайсын сонымен қатар образға еніп әнші де актерда болу қажет. Себебі ойын ойнатасын,ән айтасын, суретті саламыз, өрнектіде кестелейсін.Сондықтан логопед кім?- десек, Ол- ең ғажап мамандық иесі- дер едім. Себебі:— ол- адам жанын емдеуші, өзінің тіл мүкістігі бар шарасыз жандардың көзі мен көңілінен жанын ұғушы;— ол, алдымен, зерттеуші. — ол- бақылаушы, балаларды үнемі назарда ұстап, жандарына қамқорлық арқылы алақан жылуын беруші;— ол- әр адамның мінезі мен ерекшелігін зерттеп, танып, олармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдеріне жол тауып беруші;— ол- қарым-қатынас мәдениетіне үйретуші, ата-аналар мен оқушылар арасында ойындар мен тренингтері



арқылы позитивті көңіл-күй мен қуаныш сыйлаушы;— ол- дамытушы, даму мүмкіндігі шектеулі немесе түрлі санаттағы балалармен тіл табысып, оларға өмірдің бағытын нұсқаушы.Әр адам өзінше қызықты. Барлығымыз бірдей құтқарушы, мұғалім, ұшқыш бола алмаймыз. Әр адам өз қалауы бойынша мамандық таңдайды. Біздің таңдауымызда әртүрлі. Біреуің ертең ақын, екіншісі инженер, үшіншісі құрылысшы болады . Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.Қорыта айтсам, мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет, ол үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін еңбек. Кімде -кім өзінің мамандығын сүйіп, жүрек қалауымен қызмет етсе, өз басына да, қоғамға да үлкен пайда келтірмек. Мамандығымыз- мақсатымыз, мақтанышымыз және болашағымыз болсын дегім келеді.

Тургалиева А.А



Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі