Эссе:
«Мен
және менің мамандығым»
Мен
үшін психология деген не:
менің
мамандығым
немесе
менің өмірлік жолым ба? Психолог
болу жақсы ма?
Жақсы!
Бірақ
оңай ма?
Шынымен:
қиын деп айта аламын.
Ол
күн сайын қайта жаңару,
адам
өміріне деген жуапкершілік сезімі.
Психолог
мен үшін
– сүйікті
мамандығым,
тұрақты
өсуім.
Сондықтан-да, менің психологиялық
ұстанымым - бұл мамандықтың кең ауқымын
түсінуге деген ұмтылыс, күнделікті
талпыныс пен биік шыңға жету қабілеттілігім,
маған қоғам тарапынан деген сенімді
ақтау.
Он
бес жылдан астам мен психология жолында
жүрмін. Көптеген жоспарлар, идеялар…
Мен көп істі жүзеге асырдым, әлі де көп
нәрсе істеу керек деп ойлаймын.
Мен өз айналысатын ісімді жақсы көремін.
Педагог-психологтың
қызметі
мен үшін:
өзін
-өзі
тану жолы,
жұмысты
орындаудан өзіндік құндылық пен қанағат
сезімін тудыратын жұмыс,
өз
миссиямды жүзеге асыратын мамандық,
менің
өмірімдегі көптеген оқиғаларға
көзқарасымды өзгертуге мүмкіндік
беретін мамандық,
өмір
мен сынақтардан өту үшін маған күш
беретін мамандық,
мені
жақсы көретін адамдарға жақын болуға
мүмкіндік беретін мамандық,
мінез-құлықтағы
кемшілігімді дұрыс арнаға бұруға
мүмкіндік берген мамандық
Педагог-
психолог,
адамға
өзің және айналасындағы адамдармен
үйлесімділікке қол жеткізуге көмектеседі.
Өз
жұмысымда келесі принципті ұстанамын:
«Білім
берудегі практикалық психология жолына
түсіп, өзімнің барлық білімімді және
қабілеттерімді күрделі қызмет барысында
көрсетуге тырысамын».
Психология
– жан
туралы ғылым.
Менің
қолымда адамның жаны, демек, маған көмек
сұрап келген адамның тағдыры.
Сондықтан
менің барлық білгенім, маған келген
адамдарға бағытталады.
Менің
әлемім -
күрделі және қарапайым эмоциялар әлемі.
Менің
мамандығым күрделі, бірақ онда шығармашылық
үшін орын көп.
Өзіңді
үнемі дамыту,
қызықты және мазмұнды іс-шаралар
жүзеге асыру керек.
Өзіңді
әр түрлі салаларда дамыту үшін:
ағартушылық, зерттеу, жобалау, кеңес
беру, әдістемелер құрастыру сияқты
бағыттарда жұмыстану.
Әрқашан,
колледждің барлық жағдайларынан хабардар
болу,
оқытушылар,
оқушылар,
ата-аналар,
колледж
әкімшілігімен әңгімелесу.
Үнемі
ізденісте,
үнемі
іс-әрекеттерді
үздіксіз талдау.
Үнемі
қозғалыста!
Қиындықтар
да кездеседі…
Менің
мамандығым маған ұнайды!
Мен
әр жұмыс күнімді жаңа күш-қуат
жігерімен қарсаламын,
өз
білімімен, жұмыс тәжірибемен бөлісуге,
дос, көмекші, тәлімгер болуға дайынмын.
Кез-
келген мамандық тек қана күнделікті
қызмет ғана емес, сонымен қатар
шығармашылық ұмтылыс пен маңызды
жауапкершілік.
Мен
психологпын және бұл түрлі түстерге
толы, көп қырлы жолды білдіретің өмір.
Менің жұмысымның басты жетістігі,
бүгінгі күні қол жеткізуге оңай емес-
тәрбиенушілердің махаббаты мен сенімі!