Мен
және менің мамандығым
Эссе
Мейірімді
болу - ізгі іс,
ал
мейірімді болуды өзгеге үйрету- одан
да ізгі іс.
Марк
Твен
Кез
келген мамандық адамнан шеберлікті,
еңбектенуді керек етеді. Әр адам өз
мамандығынан рухани күш алып, еңбегінің
рахатын көру керек. Мен мектептің
әлеуметтік педагогі қызметін өз алдыма
мақсат және талап қоюдан бастадым.
Әлеуметтік педагог ретінде өз қызметімде
қажет болатын қасиеттерді бойыма
сіңірдім. Бұлар: айналасындағылармен
өзара қарым-қатынастағы процесте
өзі-өзіне қабілетті – табиғилық;
әрқашанда адамдарға және айналасындағыларға
мейірімділікпен қарап, оларға қол ұшын
беруге даяр болатын-мейірімділік; мәселе
туындаған жағдайда компромистік шешімге
келу жолдарын іздестіру; өз ойы мен
сезімін ашық айтып, оны әңгімелесушіге
дұрыс жеткізе білетін- ақ жарқын,
жұмсақтық; сыпайы түрде өзге адамдармен
қарым-қатынаста болатын – кішіпейіл;
қойылған сұраққа оң жауап беріп, өз ойын
толық жеткізетін – нақтылық.
Ойлап
қарасақ, шеті мен шетіне көз жетпейтін
үлкен кеңістікте сан алуан әлем бар.
Адам әлемі, әдебиет әлемі, өнер әлемі,
ғылым әлемі аталымдар толып жатыр.
Әрбіреуі өзінше ғажап, сан сырлы, көп
қырлы. Соның ішінде адам әлемі ерекше
дүние. Әр адамның өзінің ортасы болады:
мектеп, сынып, жұмыс, қоршаған орта,
отбасы. Ал бала үшін ең ыстығы дүние
есігін ашқан, өмір сыйлаған отбасы,
ата-анасы. Бала өмірінің қалыптасуына
да әсер етуші, баланың бойына адамгершілік
дәнін себетін, имандылыққа, еңбекке
үйрететін, өнегелі өмірімен тәрбиелейтін
отбасы емес пе? Өкінішке орай кейбір
жағдайда отбасы, ата-анасы бола тұра
бала өзін жетім сезінеді. Әлеуметтік
жетімдік деген осыдан басталады. Бұл
өмірде тұл жетімнен әлеуметтік жетімдер
көбейіп отыр. Отбасы мен мектептің
арасындағы ынтымақтастық ортақ мақсатқа
негізделген және нәтижелі болуы үшін
мен өз жұмысымның бірінші баспалдағын
отбасын жүйелі, жан-жақты зерттеуден,
отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері мен
жағдайын ескеруден бастаймын. Одан соң
отбасы, ата-ана, бала жаны мен жүрегіне
жол тауып, сезімдерін ояту, сенімділік
туғызу, тосын шешім қабылдауды
қалыптастырамын.
Әрбір
әлеуметтік педагог жасөспірімге, қала
берді ата-анаға ақылшы, ұйымдастырушы,
психолог, тәрбиеші, жол көрсетуші,
қамқоршы, сүйемелдеуші, кеңесші, дос,
олардың құқықтарын қорғаушы болуға
тиіс. Менің жұмысым баланың рухани
байлығын, адамгершілік тазалығын,
денсаулығын дамытуға жағдайлар жасау
үшін мектеп және отбасылық күштерді
келістіру, үйлестіру және біріктіру
болып табылады.
Балалар,
жасөспірімдер, олардың ата-аналары
өмірде қиын жағдайға тап болғанда,
өмірден түңіліп, үмітін жоғалтқанда,
ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты
шеше алмаған жағдайда олар түсіністікті,
тілектестікті, адамгершілік қолдауды
және нақты көмекті менен күтеді. Оларға
сөзбен және іспен көмектесу, олардың
өзіне сенуіне, өзінің құндылықтарын
қайта қарауына және кемелденуіне ықпал
ету менің басты міндетім деп білемін.
Өздерінің
проблемаларын мен сұрамай, өздері жайып
салатындай сенімге кіріп, оларға жақын
дос, кеңесші бола білуім керек. Сол
жағдайда ғана менің жұмысымның нәтижесі
де болады. Осындай жұмысымның жемісін
көру мен үшін бақыт. Бір отбасына
моральдық көмек беру, материалдық көмек
беру арқылы алғыс алсам, менің одан әрі
қарай жұмыстануыма шабыт беріп отырады.
Міне, менің мамандығымның ғажайыбы мен
сиқыры, тамашасы мен кереметі де осында.
Әлеуметтік
педагог Ахмедалиева Дина Уалиевна