Мен және менің мамандығым

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мен және менің мамандығым

Материал туралы қысқаша түсінік
мамандықтың қыр сырлары
Материалдың қысқаша нұсқасы

МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ

Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдарымен келеді. Мамандықты таңдау үшін, ең алдымен өзін, өз бейімділігін тану қажет. Дұрыс таңдамаған мамандық әсері мамандық иесіне ғана емес, қоғамға кері әсерін тигізеді. Мен алғашқы кәсібімді бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша бастадым. Екі жыл өткен соң, мектепке дейінгі тәрбие беру саласына педагог-психолог мамандығын қоса атқардым. Одан әрі өзімнің осы педагог-психолог мамандығын 3 жылдай ұштастырып, балалардың болашақ өмірінің кілтін жан – жақты зерттеу мақсатында жұмыстанудамын.
Мамандықты дұрыс таңдай білген адам: «Мамандығым - мақтанышым» дей отыра, сол мамандықтың қыры мен сырын меңгеріп, шыңына жете білу керек. Менің бүгінгі таңда атқарып отырған психолог мамандығыма қызығушылығым зор. Қазіргі кездегі мақсатым – тұлғаның жеке ерекшеліктерін ескере отырып, психология принциптерін, заңдылықтарын қолдау негізінде өзін – өзі анықтауға тиімді дайындық жүргізу және тұлғаның жан – жақты қыр – сырын ашу үшін көптеген әдістемелер, тестер, сауалнамалар жүргізу арқылы балалар өмірге еш қорқынышсыз, зұлымдықсыз қарап, алдарында бір ғажап жұмбақтың шешімін табатындарына және алда ашық, жарқын күндер күтетініне сенсе екен деймін. Қазіргі балалардың көпшілігі психикасы тез дамыған, сұрақ қойғыш, бәрін білгісі келіп қарым – қатынасқа тез түсіп отырады.Сондықтан Қазақстанның болашағы – жас ұрпақ десек, олардың еш алаңсыз жеке тұлға болып қалыптасу үшін менің де педагог – психолог маман ретіндегі өз қолтаңбам қалса деймін.
Мектеп психологы, ең алдымен адамның ішкі жан – дүниесін зерттейтін ғажап мамандық арқылы жабырқаған көңілге қуаныш сыйлап, мазасызданып, қорқынышқа тап болса, болашағына сеніммен қарауға жетелегім келеді. Баланың ақылы, ой – сезімі мұғалімнің ерік – жігері, мол сабыры мен еңбекқорлығы арқасында жетіледі. Осы жолда бала тәрбиешісін, мұғалімін болашақтың бейнесіндей көріп, пір тұтатынын есте ұстауымыз қажет.
Мен үшін оқушының қызығушылығы, бейім – қабілеті және басқа да психологиялық ерекшеліктері үнемі басты орында. Мектеп психологының негізгі жұмысы оқушымен, мектеп ұжымымен, ата – аналармен байланыста болады.Осы үш одақтың бақылауы мен қамқорлығы өз мәнінде болуы керек. Тәрбие бір қалыпты беріліп, балаға, оның күшіне сену аса маңызды. Ал қатыгездікпен жазалау баланың тұлғалық даралығын жояды. Бала дұрыс өсу үшін оған сүйіспеншілік, өз күшіне сенушілік, әр бала үлкендер үшін өзінің қажетті, бағалы екенін сезінуі керек. Бір ғана «жарайсың» деген қарапайым сөздің өзі бала бойындағы мазасыздық пен қобалжуды азайтады. Адам кей уақытта өзіне деген сенімін жоғалтып, күйзеліске ұшыраса да, өмірге деген сенімін, құштарлығын жоғалтпай, тоқтамастан тек қана алға ұмтылуы керек екенін ұмытпауы тиіс. Қандай қиын жағдай болса да күш – жігерін жинап, алға ұмтылса ғана барлығын жеңіп, жүрегінде де, жан – дүниесінде де тыныштық орнайтынына, барлығы тек жақсы болатынына сенуі керек. Сондықтан мен шәкірттерімді қолдай отырып , жан жылуымды шәкірттеріме сыйлауды өзімнің ұстаздық парызым деп санаймын. Психолог адамның сырласу, адам жанының елшісі. Бүгінгі біздің қоғамда жаһандану үрдісімен келген қиыншылықтар көбейіп жатыр. Көгілдір экранды жаулаған шетелдік фильмдер, түрлі діни бірлестіктер, шетелдің арзанқол музыкасы т.б. жастарымызды улап жатырғаны жасырын емес. Олардың бәрі жастардың көңіл – күйіне, психикасына әсер етуде. Яғни, тәрбие жұмыстарындағы мәселелер бәрімізге ортақ. Бұндай келеңсіз істермен күрес жүргізу бірінші кезекте тұр. Халқымыз көне заманнан келе жатқан «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген даналық сөзін ұмытпауымыз керек. Психолог мамандығы ерекше саналады.Өйткені күні бойы көптеген адамдардың басынан өткергендерін,олардың қиындықтарын,қуаныштарын тыңдап,оларға ақыл кеңес бере отырып,қолдау көрсету керек. Сондықтанда бұл мамандықты әр адам әр қалай түсінеді.Психолог әр кезде өз әлемімді балалармен бөлісуді,оларға дем беріп,олардың жан-дүниесіне үңіліп,олардың бүгіп,ұялып, сыртқа шығара алмай жүрген ойларын іске асыруға ұмтылдырады.Мен оқушылардың,балалардың күнделікті өмірден бір сәтке болсада шығып,өздерін жаңа қырдан танып,өздерін жақсы қырдан көрсете алуларын айтып,өмірдің әр сәтін тек жақсылыққа,артынан өкінбейтін жақсы істер жасауына,жастық шақтарын босқа өткізбей,өмірден дұрыс жол таңдап,тек қана алға ұмтылуларын қалаймын. Қасыңда келе жатқан адам.Біз кей уақытта өзімізді жалғыз қалғандай сезінеміз. Сондай кездерде ойымызды алыстағы адамдарға жүгіртіп,соларды іздейміз.Бірақ менің мақсатым бала тек қана өзінің жанындағы адамды іздеп тауып,сол адаммен өзінің көңіл-күйін,ішкі сезімін,жан-дүниесімен бөлісіп,өзін босқа кінәлай бермей,сол адамнан қолдау тапса деймін.
Мен психологты «құтқарушы» мен салыстырамын.Мен өтінішті күтпеймін.Өйткені мына әлемде көптеген адамдар жайдан-жай көмек сұрай алмайды.Менің мамандығымның жауы-басқа адамның қайғысына бей-жай қарау.Қандай жағдай болмасын,мен ойланбастан сол адамға әрқашанда көмек көрсетуге дайын тұрамын.

Педагог – психологтың еңбегінің күрделі және жауапты екенін айта келе, психологқа тән мынадай қасиеттерді: әр жастағы баланың даму ерекшеліктеріне сай келетін тәрбиенің тиімді әдісін таба білу, баламен тіл табыса білу шеберлігі, ақыл – парасаты мол болуы, оқыту мен тәрбиенің жаңа әдістемелерін тәжірибеге батыл еңгізу, оқушының сеніміне бөлену, ұйымдастырушылық қабілетерін қалыптастыру .









Малыбай жалпы орта білім беретін мектеп















Shape1











Дайындаған: мектеп психологы Асанова А.С.













2017-2018 оқу жылы











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
742
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі