Материалдар / Мен және менің мамандығым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мен және менің мамандығым

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагог-психолог менің көзқарасымдағы ең маңызды және қажет мамандық. Әр адам өзінің болашақ мамандығы туралы мектеп қабырғасында жүріп-ақ ойланары сөзсіз. Кім болам? Не үшін? Қандай маман болам? Қолымнан не келеді? Сынды сансыз сұрақтар мені де мазаламай өтпеді. Алайда , мен бала күнімнен мұғалім болуды армандадым. Әр ойынымда мұғалімдер секілді жүріп-тұру, сөйлеу сынды електеу болды. Алайда нақты қандай пән мұғалімі? Бұл жайында ұзақ ойландым. Сонымен мектеп бітірер сәтте жақын қалып психолог болам деп шештім. Ол кезде бұл мамандық туралы ақпарат аз еді. Ешкім түсінбейді. Психолог кім? Немен айналысады? Білім саласына қандай қатысы бар? Баламен жұмыста маңызы бар ма? Әр адам белгілі бір маман иесі болмас бұрын оны шын жүрегімен қалап, сүйіп тұру керек. Әр таңда қуаныш сыйлайтын, жұмыс жасағанда ләззат алатындай сезімде болуы маңызды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қаңтар 2022
654
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Ақмола облысы білім басқармасының

Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі

Волгодоновка ауылының жалпы

орта білім беретін мектебі»КММ

педагог-психологы

Кенжегулова Карлыгаш Ертаевна


МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ


Педагог-психолог менің көзқарасымдағы ең маңызды және қажет мамандық. Әр адам өзінің болашақ мамандығы туралы мектеп қабырғасында жүріп-ақ ойланары сөзсіз. Кім болам? Не үшін? Қандай маман болам? Қолымнан не келеді? Сынды сансыз сұрақтар мені де мазаламай өтпеді.

Алайда , мен бала күнімнен мұғалім болуды армандадым. Әр ойынымда мұғалімдер секілді жүріп-тұру, сөйлеу сынды електеу болды. Алайда нақты қандай пән мұғалімі? Бұл жайында ұзақ ойландым. Сонымен мектеп бітірер сәтте жақын қалып психолог болам деп шештім. Ол кезде бұл мамандық туралы ақпарат аз еді. Ешкім түсінбейді. Психолог кім? Немен айналысады? Білім саласына қандай қатысы бар? Баламен жұмыста маңызы бар ма?

Әр адам белгілі бір маман иесі болмас бұрын оны шын жүрегімен қалап, сүйіп тұру керек. Әр таңда қуаныш сыйлайтын, жұмыс жасағанда ләззат алатындай сезімде болуы маңызды.

Мен – педагог-психологпын. Бірақ сиқыршы емеспін. Баланың өсіп жетілуіндегі сезімдері, ата-ананың бала тәрбиесіндегі қиындық тудырған сұрақтары, мұғалім мен ата-ана, бала арасындағы түсіністікте психолог мамандығының ықпалы зор. Менің арманым басы дауға қалған, сансыз сұрақ шырмауынан шыға алмай, тағдырдың сынына қарсы тұра алмай,өз-өзіне сенімсіздігі артқан жандарға, балаларға қол ұшын беру болды. Мектептегі үштік одақ: ұстаз-ата-ана-бала. Осы үштіктің арасындағы ынтымақтастықты арттырып, өмірге құштар бала, рухани бай ұстаз бен ата-ана қалыптасуға ықпал жасау мен үшін басты мақсат болды. Менің педагог-психолог болудағы мақсатым – бала бойындағы талантты табу. Бала - бұл ең алдымен адам. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері бар, олардың мінездері, темпераменті, олар ерекше және өзін-өзі растауға, өзін-өзі тануға құқылы. Меніңше, біз өзіміз үшін ыңғайлы адамдарды тәрбиелеуден аулақ болуымыз керек деп санаймын. Әйтпесе, жеке тұлғаның құндылығы, даралығы жоғалады.

Балалар сүйіспеншілігі - ересектер мен балалар арасындағы қарым-қатынас негізінде өскен өнім деп қарастыруға болады. Мен оқушылардың өмірге деген сүйіспеншілік сезімін, басқаларға сенуге, рухани атмосфера туғызуға, мектептің барлық мүшелеріне жылулық, шынайылық, құрмет және өзара байланыста болуға тәрбиелеудемін. Менің қызметімнің өте маңызды бөлігі – білім алушылардың ерекшеліктерін зерттеу және мұғалімдерге ұсыныстар жасау. Мектептегі психологиялық қызметтің басым бөлігі балалардың пайдасына бағытталған. Мен мұғалімдер мен мектеп оқушыларының байланысы ретінде тәрбиешілерге балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, өз жұмысын құруға, жеке өсу тұрғысынан, оларға сабақ үстінде жағдай жасауға көмектесуге тырысамын . Мен барлық адам сияқты жұмысымның нәтижелеріне риза болғым келеді. Адамдар маған алғысын білдірген кезде - менен бақытты жан жоқ, сірә. Балалардың көздері нұрланып, кейде бақытты, кейде қайғылы, бірақ әрқашан қарым-қатынасқа ашық. Мен барлық кездесулерге, әр әңгімеге қуаныштымын, өйткені олардың кейбіреулері үшін мен тек ересек досымын. Мен олардың сенімдерінен шыққаныма қуанамын.

Барлық қиындықтарға қарамастан, педагог-психолог жұмысының ең бастысы баланы адал, лайықты өмір сүруіне бағыт-бағдар беру. Біз ересекміз, сондықтан олар үшін үлгі болуымыз керек.

Педагог - психолог қызметі - бұл кәсіп. Біздің елімізде адамдар әлі де психологиялық орталықтардың, психолог-кеңесшілердің, мектепке дейінгі мекемелердегі психологтардың, мектептердегі психологтардың рөлін түсінбейді.

Мен педагог-психолог қызметіне кіріскеніме аз уақыт болса да өз тәжірибемде мектеп жасындағы балалрдың агрессивтілігіне, мазасыздығымен, өз-өзіне сенімсіздігіне жиі кездесіп тұрдым. Негізгі сұрақ - неге? Біздің өміріміз қазіргі таңда өте қарқынды ырғақпен, түрлі технологиялардың пайда болуымен бірге өтіп жатыр. Сондықтан да отбасына, балаларға аз уақыт бөлінеді. Ата-аналар көбіне балаларға аз уақыт арнап, жұмысқа көп бөлігін жұмсайды.Нәтижесінде қазіргі заманғы балалар ата-аналарының назарынан тыс қалуда. Осы жерден бала дамуында, агрессивтілік, мазасыздық, жабық проблемалар туындайды. Ата-аналар барлық қол жетімді құралдармен балалардың назарын аударуға тырысады.

Балалар мен ата-аналар психологиялық көмекке мұқтаж. Сондықтан, ең алдымен ата-аналардың психологпен өзара қарым-қатынасы- балаға проблемалық сәттерді жеңуге көмектесу үшін, жақсы жаққа өзгерту жолындағы маңызды фактор болып табылады. Ата-анамен бірлескен жұмыс қана табысты нәтиже береді. Менің кәсіби ұстанымым-жан-жағыма жағымды, оң энергия беру. "Сен психологсың!" деген фразаны естігенде мен өзіме қандай жауапкершілік жүктелгенін түсінемін. Бірақ мен сол адаммын. Мен де көремін, мен де естимін және басқалар сияқты сезінемін. Біздің әр күніміз, минутымыз, сәтіміз – адамдар.

Мен таңдаған педагог- психолог кәсібі маған, менің мақсаттарым мен армандарыма, атап айтқанда: балаларға олардың мәселелерін шешуге, олардың маңыздылығын сезінуге көмектеседі. Мен балаларымыздың өмір жолында кездесетін түрлі қиындықтарға қарсы тұра алатын қайсар, сабырлы, жігерлі, адал, өз сезімдеріне асқан жауаппен қарағанын қалаймын.Мен өз қызметімде жетістікке жететінімді және мен өз қызметімді, балаларымды жақсы көремін. Өйткені, мен олардың мүдделері мен проблемаларын шешуде психологиялық қолдау көрсетуге қажет екенімді сеземін.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!