400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен және менің мамандығым

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің таңдаған мамандығым туралы және оны не үшін таңдағаным туралы қысқаша айтып өтемін
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мен және менің мамандығым»

«Мен мамандықты қалай түсінемін?» деген сұраққа былай жауап берер едім: мамандық дегеніміз өзіңнің сүйікті ісіңмен айналысу. Яғни сен ұнатпаған киіміңді кигің келмейтіні секілді, қаламаған мамандық та дәл солай тәрізді. Сондықтан мамандық таңдауға бей - жәй қарауға болмайды. Мамандық таңдау - әр адамның жүрегіндегі мазасыз ойлардың соңғы түйіні деп есептеймін.  Мектепті бітірер шақта менің де алдымда үлкен таңдау тұрды. Мектепті ойдағыдай аяқтадым. Өзім балажан болғандықтан ең бірінші тапсырған оқуым - Ақтау қаласындағы «Болашақ» колледжінің» “Бастауыш жалпы білім беру” мамандығы еді. Оқуымды үздік аяқтағаннан кейін одан әрі жалғастырып, Алматы қаласындағы Абай атындағы қазақ ұлттық университетінде оқып, «педагог-психолог» мамандығын игеріп шықтым. Адам баласы өмірде екі таңдаудан шатаспау керек дейді, соның бірі мамандық таңдаудан. Осы екі мамандықтың екеуі де жақсы, бірақ психолог мамандығы жүрегіме жақын болғандықтан соны таңдадым. Психолог мамандығын таңдау арқылы бала бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамыта отырып, рухани өсіп жетілуіне ықпал жасау қажеттігін ұғындым. Психолог әр баланың ата-анасы, жанашыры, досы, ақылшысы, рухани жетекшісі екендігіне жасаған жұмыстарым арқылы көзім жетті. Әр баланың ішкі әлеміне үңілген сайын, ғажайып сырларына бойлайсың, ашылмаған әлеміне жол тауып, қуанасың, таңырқайсың.  Психологтың сөзі адам жанын қанаттандырып, өмірге қызығушылықтарын арттырып, сенімділігін оятып, өзінің бұл өмірде қажет екенін ұғынғанда жаның марқаяды. Осындай жетістік бақыт пен қуанышқа жетелейді. Адамзат игілігі үшін, таңдаған мамандығымның маңыздылығының жоғары екендігіне көзімді жеткіздім. Сондықтан да осындай мінез-құлық, жүрек, ақылдың арқасында өзінің жүрегін тыңдауға үйренсе, өмірден орнын таба білсе, мен де осындай асыл қасиеттер арқылы шабыттанамын. Таңдаған мамандығым арқылы көмек сұрайтын әр адамның жан дүниесімен қоса тағдыры тұрғанын жүрегіммен сезініп келемін дей келе мына өлең жолдарымен аяқтағым келіп отыр:

Ықыласпен жыр шумағын ақтарамын,

Психолог мамандығы таңдағаным.

Әр бір сәттен қызықты ләззат алып,

Мамандығыммен ерекше мақтанамын.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31.08.2026
23
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі