Мен және менің
мамандығым.(Эссе)
... өзі қалаған мамандығы
бойынша жұмыс істеу адамға зор ләззат береді, оның нәтижесі де мол
болмақшы.
И.Қарақұлов
Мамандық таңдау - бұл әр
адамның жүрегіндегі армандар мен үміттер жолы деп
ойлаймын. Мектепті бітірер кезімде менің
де алдымда үлен таңдау тұрды. Алдымыздағы әрбір бала
қайталанбас бір ғажайып әлем, баланың басқаға ұқсамайтын ерекше
қасиеттерін тану, оның жүрегіне, жан
дүниесіне жол табу- әрбір
маманның ең бірінші мақсаты деп
есептеймін.
Бұл қандай
мамандық? Педагог-психолог деген
кім? Педагог ретінде оқушылардың
оқу үлгерімін, тәртібін жақсарту барысында жұмыс істесе,психолог
ретінде әрбір оқушыға жек тұлға ретінде қарап,олардың ішкі
жан-сырын,ойын түсіне отырып,дұрыс жол сілтеу,бағыт-бағдар
көрсету,белгілі бір іске деген қызығушылықтары мен белсендіктерін
арттыру,шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытында жұмыс істеуіміз
керек деп ойлаймын. Мектеп жасында әрбір баланың
жүрегіне мейірімділік пен адамгершілік қасиеттерді ұялата білген
психологқа қарап қызығатынмын. Әртүрлі тесттерді,сауалнамаларды
және сурет салғанды ұнататынмын. Осындай істерді
көріп,қызыққандықтан 2012ж Өскемен қаласындағы Сәрсен Аманжолов
атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіне «педагогика
және психология» мамандығын таңдап,оқуға түстім. Әрине, адам жанын
түсіну оңай, жеңіл нәрсе емес екендігін түсіндім. «Ағаш түзу өсу
үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда
оны түзете алмайсың» деген халық сөзіне сүйене отырып, әрбір
оқушыны жеке тұлға деп танып, рухани мұраларды игерген,
шығармашылық ой-өрісі бар олардың мәдениеті қалыптасқан жастарды
тәрбиелеу бүгінгі күннің ең негізгі мақсаттарының бірі деп
ойлаймын.Психолог мамандығын таңдау арқылы бала бойындағы туа
біткен табиғи мүмкіндіктерін дамыта отырып, рухани өсіп жетілуіне
ықпал жасау қажеттігін ұғындым. Психолог әр баланың ата-анасы,
жанашыры, досы, ақылшысы, рухани жетекшісі екендігіне жасаған
жұмыстарым арқылы көзім жетті. Әр баланың ішкі әлеміне үңілген
сайын, ғажайып сырларына бойлайсың, ашылмаған әлеміне жол тауып,
қуанасың, таңырқайсың.
Психолог болу өте жауапты
іс. Өйткені бұл мамандық-жеке тұлғаның өмірге
құштарлығының артуына, көкірегі ояу, көзі ашық, білімді де білікті
болып қалыптасуына үлкен көмегі бар, жақсы өмір сүрулеріне,
сүйіспеншілікпен рухани азық беретін, жылағанды жұбататын, рухани
биіктік мамандығы. Әрбір адамға жақсы маман болып қалыптасуы
үшін білім, тынымсыз еңбек, өзіне деген сенімділік, мақсатына
жетуге деген ерік – жігер, тиянақтылық сияқты қасиеттер қажет. Ал
жақсы психолог болып қалыптасу үшін жоғарыда көрсетілген
қасиеттермен қатар, әрбір істі шығармашылықпен, адамгершілікпен
шешуді қажет ететін интуиция, дәлдік, тапқырлық, мейірімділік
сияқты қасиеттер болуы қажет деп
есептеймін.
Осының нәтижесінде психолог – көмекші,
психолог – өзгелердің жан – дүниесін терең түсінетін немесе
түсінуге ұмтылатын – зерттеуші, психолог – өзгелердің жан ауруын
емдеп жазуға ұмтылатын – қолдаушы, - деп айта аламыз. Осындай жақсы
қасиеттерді бойына сіңіріп, еңбек жолын бастаған әрбір жас психолог
өз мамандығы арқылы қоғамға, жалпы адамзатқа тигізер пайдасы көп
екеніне
сенемін. Осындай мәртебелі мамандық иесі екендігіме
ізгі ниетіммен қуаныштымын және
мақтанамын.
Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы
«Қайыңды негізгі орта мектебі» КММ педагог-психолог: Анакулова
Меруерт Мұхтарқызы