400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

мен және менің мамандығым (эссе)

Материал туралы қысқаша түсінік
мен және менің мамандығым тақырыбындағы эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мен және менің мамандығым

Адам – өз өмірінің суретшісі

Б.Бұлқышев


Мамандық таңдау – адамның өміріндегі ең жауапты кезеңдердің бірі, өйткені бүкіл болашақ өмір осыған байланысты.
Мүмкін мен дәрігер немесе заң қызметкері, жазушы не мұғалім, тіпті, музыкант болуым да ықтимал еді, бірақ қайда да, қайсы мамандық таңдасам да, маған ол қызықты және өмірге, қоғамға пайдалы болса деп ойлайтынмын.

Ең негізгісі - қандай маман болсаң да адал, еңбекке қабілетті, зейінді, ойлы болу қажет. Менің таңдаған мамандығым қандай? Мен ол мамандықты жүрек қалауыммен таңдадым ба? Осындай сұрақ әрбір адамның ойында болады. Менің ойымдағы, жүрек қалауымның түбіндегі таңдауым психология әлеміне түсті. Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау деген сөз. Олай болса, мен өз таңдауымды, тағдырымды дәл таптым деп ойлаймын.

Психолог-ол адамның ішкі жан дүниесін ұғынып, оны жан -жақты зерттеп, рухани жан дүниесін байыта отырып, алға қойған мұрат-мақсаттарына, жетістіктеріне жетуге үлес қоса отырып, өмірде кездесетін қиыншылықтар мен сәтсіздіктерден қиналмай өте шығуға қайраттандыратын биік тұлға. Мен өзгелердің жанын ауыртпай, керсінше, күйзеліске түскен адамдарды психология әлемін шарлай отырып, жанына дауа себемін. Адамдарға жақсылық жасағанды бар болмысыммен қалаймын. Мен сүйген мамандық – адам жанын зерттейтін мамандықтардың бірі.

Сондықтан да мен және менің ішкі жан дүнием психологияны қалап, 2015 жылы жоғарғы оқу орнына түсіп, оны 2018 жылы бітіріп, Ақжайық ауданы Чапай ауылындағы № 1 жалпы орта білім беретін мектебіне өз мамандығым бойынша жұмысқа орналастым. Әрине, алғаш еңбек жолымды бастағанда бойымда қорқыныш сезімі болды. Мен адам жанын түсініп, көмек көрсете аламын ба?- деген ойлар мазалады. Себебі заман ағымына сай өсіп келе жатқан балаларда интернетке тәуелділік басым. Берілетін мәліметтің көптігінен пайдасы мен зиянының ара жігін ажырата алмай сергелдеңге түсіп жатады. Сонымен қатар отбасындағы ата-анасының арасындағы отбасылық қарым-қатынасқа сызат түссе олда бала жанын ауыртатыны анық. Алайда, жұмыс барысында кездескен қиындықтарды шешкенде өзімнің мамандық таңдауда қателеспегенімді ұғындым. Себебі менің алдыма маған деген сенімділіктері жоғары, өз жан дүниелерін ақтарып, жанына медеу санағандары мені рахат сезімге бөлеп, бойыма қанат бітірді.

Қазіргі заман ағымында қиын қарым-қатынас, зорлық-зомбылық, құқықбұзушылық, ғалам дерті нашақорлық, ерте шылым шегу, ерте жүктілік, өмірден түңілген жағдайлар болып отырады. Күнделікті еңбек күнімде бала тәрбиелеу жолында қиындықтарды жеңу үшін ата-аналармен кездесіп, сұхбаттасып, әңгіме жүргізе отырып, тығырықтан шығу жолдарын ортаға саламыз. Өзін жалғыз сезінген оқушыларым өмірден түңіліп, қараңғы қапаста қалған жерінен көмек қолын созуымды қажет еткен кезде, дер кезінде қол ұшымды бере отырып, олардың жарқын болашаққа деген үміт отын жандыра білдім.

Менің негізгі жұмысым оқушы, ата-ана, ұстаздармен қарым қатынас орнату. Осы үш одақтың бақылауы мен қамқорлығы үнемі тығыз байланыста болу керек, сонда ғана біздің еңбегіміз жанданып, өз мәнінде болады. Ал қатыгездік пен жазалау баланың тұлғалық даралығын жояды. Бала дұрыс өсу үшін оның бойына оған деген сүйіспеншілік пен өз күшіне сенушілік қасиеттерін дарытқан абзал. Бір ғана «жарайсың» деген қарапайым сөздің өзі бала бойындағы мазасыздық пен қобалжуды азайтады. Сондықтан мен шәкірттерімді қолдай отырып, жан жылуымды оларға сыйлауды өзімнің басты парызым деп санаймын.

Адамның ішкі жан дүниесі қандай болса, сөйлеген сөзі де, іс әрекеті де сондай болады, демекші, менің өзімнің ойым да, іс -әрекетім де, бір жерден шығып, үлгі- өнеге алатындай болу керек. Ойымыз бен, іс әрекетіміз бен бүкіл әлемнің көрінісін жасаймыз. Біреуге көмек көрсетер алдында бүкіл ойымыз бен санамызды жаман ойлардан арылтамыз. Сонда ғана жасаған жұмысымыздың берекелі нәтижесі болады.

Арманыма қанат бітіріп, психолог болуды жан тәніммен қалап, психолог болдым. Арманыма жеттім. Еш өкпем жоқ. Себебі мен адам жанын өз жанымдай түсінемін. Еңбек жолымда бұл өмірден баз кешкен, жалғыздықпен арпалысқан жандар болмаса екен, болған жағдайда шешу жолын тауып, қиындықтан шығуға өз үлесімді қосамын деп өз-өзіме сенемін.





БҚО, Ақжайық ауданы №1ЖОББ мектебінің педагог-психологы

Сериккалиева Айсауле Абаевна













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
13.02.2023
715
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі