400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен және менің мамандығым Эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бейімділігін тани білу – болашаққа жол сілтеу, мамандықтарға деген ынта – ықыласын, қызығушылықтарын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Павлодар қаласы «№7 Жалпы орта білім беру бейіндік бейімдеуге мамандандырылған мектебі» мемлекеттік мекеме


Касимова Жанна Айткалиевна педагог – психолог



Мен және менің мамандығым

Эссе


Әсемепаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тапта бар қалан,

деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті маман иесі болу әр адамның  арманы.

Мамандық таңдау-бұл өмірдегі күрделі шешімнің бірі. Өз ісіңді таңдар алдында қандай мамандықтар бар екендігін және бұл мамандықтың не үшін керек екендігін біліп алған жөн. Мамандық жайлы толық түсінік алу үшін: Маман иесі не істейді? Оның қызметінің нәтижесі неге алып келеді? Маман иесі қандай жағдайда жұмыс істейді? деген сұрақтарға жауап таба білу керек. Кәсіби қызметтің нәтижесі – кез келген жұмыстың негізі. Біздің өмірде неге қол жеткізгіміз келетін туралы түсініктің өзі біздің арманымызға жетуге мүмкіндік береді. Әрине, мамандық таңдағанда маманға тек қана білімі мен іскерлігі ғана емес, сондай-ақ оның қабілеті мен жеке қасиеттерін дамыту деңгейі жағынан да қандай талаптар қойылатынын білу маңызды. Кеше ғана ата – анамның аялы алақанында, ұстаздарымның қамқорлығында болған мен, бүгінгі күні өмірден өз орынымды тауып, қоғамға пайдалы еңбекпен айналысатын белсенді азаматшаның бірі болып өмірлік парызымды атқарудамын. Бұл өмірде адамның тағдырын айқындайтын екі нәрсе бар: бірі – өмірлік жолдасы жары болса, екіншісі – мамандық. Ия, мен де осы айтылғанға толықтай келісемін. Мен өз мамандығымды және түсетін жоғары оқу орнымды мектеп аяқтағаннан кейін таңдадым. Қазіргі таңда, Аллаға шүкір, өмірлік жарым да, алтын асықтай ұлдарым да, сүйікті мамандығым да бар.
Мамандық алғың келе ме,
Мамандық өзі немене?
Айналаң толған мамандық,
Айналаң толған өнеге, демекші, әр адам ерте ме, кеш пе өз өмірінде «Қандай мамандық иесі боламын?» деген сұраққа жауап іздейді. Мамандық таңдау – өте жауапты іс. Өйткені, таңдаған мамандығың ертеңгі сенің өмірің, болашағың, қоғамның болашағы, еліміздің ертеңі. Өзіміз таңдаған мамандық саласында өмір бойы қызмет атқарамыз. Мамандықтың саны әр алуан: дәрігер, мұғалім, ұшқыш, есепші, аспаз, қаржыгер, архитектор, механик, көлік жүргізуші, сатушы және т.б. Бірақ бұларды байланыстыратын маңызды факт – бұлар бәрі халық үшін қызмет атқарады. Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты болады, жұмысы да алға басады. Ал жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындықтарға кездеседі.
З.Фрейд: «Адам жанын түсіне білу, оны зерттей білу- үлкен өнер» дегендей, менің таңдаған мамандығым – психолог. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты жас күнімнен армандадым. Адам баласына көмектесу – игілікті істердің бастысы. Менің мамандығым ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мамандығымды мақтаныш тұтамын. Жеке менің ойым, психолог тіл байлығы мол, өзгені тыңдай білетін, жөнімен ақыл айта білетін, жанашыр, сыпайы, саналы адам және адам жанын түсініп қана қоймай оларды дұрыс жолға салуда және тәрбиелеуде игілікті жұмыстарға қол жеткізетін маман.
Білім беру саласында жұмыс істеп келе жатқаныма бірнеше жылдар болды, психолог болғаныма жетінші жыл. Осы мамандықты тандауыма заман талабы әсер етті. Жұмыс істеу барысында оқушылар құрамын саралай отырып, мемлекеттің жүргізіп отырған саясатының дұрыстығына көзім жетті. Оқушылардың жас ерекшеліктері, әлеуметтік жағдайы әртүрлі, не бір дау-даяның мәнісін дұрыс түсіне алмаған азаматтар. Оларға психологтің көмегі қажет-ақ. Мен өз жұмысымды оқушылардың білімі және рухани деңгейіне қарай құруға тырысамын. Жұмыстың негізгі бағыттары: оқушылармен, жасөспірімдермен, келеңсіз отбасылардан шыққандармен, бала тәрбиесімен айналысатын аналармен әңгімелесу және т.б. Қолданатын әдістерім: әңгіме, тестілеу, тренинг, ойындар, сауалнама. 
Мектепті бітіріп шыққан оқушылардың негізгі мақсаты өмір жолын жоспарлау. Ал психологиялық тұрғыдан оқушыдан күтетін нәтижелердің бірі – түлектердің тұлға ретінде қалыптасуы.

«Мен бір жұмбақ адаммын» оны да ойла – деп Ұлы Абай атамыз айтқандай, әрбір тұлға – жұмбақ. Сол жұмбақтың кілтін тауып, жүрек кілтін аша білу, әрбір жүректің құпия сырын оқи білу мен қалаған мамандықтың ғажайып тылсым сыры.
Сондықтан мен өз мамандығымды қоғамға қажеттілігін сезіне отырып, ерекше жақсы көрем және жақсы психолог  болу үшін барлық ерік –жігерімді сарп етуге әзірмін.

Түркі тілдес халықтың "жеті рет өлшеп, бір рет кес" деген нақыл сөзін ұран етіп, мамандықты дұрыс таңдау керектігін ұмытпайық.
Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес. Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілектеспін.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.02.2018
2666
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі