400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Мен және менің мектебім"

Материал туралы қысқаша түсінік
1-сыныпқа дүниетану пәнінен қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алғалиева Гүлзат Рахымжанқызы

бастауыш сынып мұғалімі

Шығыс Қазақстан облысы

Тарбағатай ауданы

Көктүбек ауылы, Көктүбек орта мектебі

Дүниетану1-сынып

Тақырыбы: Мен және менің мектебім

Сабақ мақсаты:

1.2.1.1. мектептің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру

1.1.2.6. өзін мектеп оқушысы,сынып ұжымының бір мүшесі ретінде сипаттау

Сабақ түрі: кіріктірілген сабақ (әдебиеттік оқу , өзін - өзі тану,музыка )

Көрнекілік: кеспе әріптер,мектеп,сынып бөлмесі,кітапхана туралы сюжетті суреттер,слайд,таратпа материалдар.

Барлық оқушылар:өз мектебі туралы білу

Оқушылардың көпшілігі: мектепте кімдер жұмыс істейтінін және олардың қызметі туралы білу

Жекелеген оқушылар: кітапхана қызметін пайдалануды үйрену.

Сабақ барысы:

Психологиялық дайындық.

Шаттық шеңберіне тұрып, «Орын ауыстыр» ойынын ойнайды. Есімінде «а» (басқа да әріптер айтуға болады) әрпі бар,есімі екі,үш буыннан тұратын балалар орын ауысу керек.

«Доп қағып ал» ойыны арқылы сұрақ-жауап негізінде үй тапсырмасын пысықтау

Жаңа сабақ

Стикер арқылы топқа бөлу.Топтық,жұптық жұмыстар орындау.

1.Мектепке алғаш келгендегі сезімдері туралы әңгімелеу.

2.Мектептегі қызметкерлер,олардың атаулары туралы әңгімелеу

3. Мектеп ережесі мен тәртібі туралы әңгімелеу.

Оқулықпен жұмыс.Суреттер бойынша әңгімелеу,өз мектебімен салыстыру.

Кітапхана,кітапханашы туралы салыстыра отырып әңгімелеу.

Тыңдалым.Ы.Алтынсариннің «Кел,балалар,оқылық!» өлеңін тыңдату.



Ы.Алтынсарин өмірі жайлы мағлұмат беріп,суретін көрсету.

Сергіту сәті «Біріншіге барамын» әні қосылады,бірге айтып,қимыл-қозғалыс жасау.

Дәптермен жұмыс.

- «Дұрысын тап»

Мектепте қызмет ететін адамдар суреті,оларға қажет құралдар.Меңзер арқылы қатысы бар суреттерді қосу,неге олай екенін қорғау.Мысалы: мұғалім-журнал,сөре-кітап, тақта-бор.

-«Сөз құра,тез құра»

Әр топқа кеспе әріптер беріледі.Сөздер құрап,парақшаға жазу керек.

Мысалы: мектеп,қалам,ұстаз,кітап.

-Бұл сөздерді үш тілде айту.

Сабақты қорытындылау.

«Болады.Болмайды» ойыны.

Шарты: Оқушыларға мектептегі іс-әрекеттері көрсетілген суреттер беріледі.Жақсы іс-әрекет болса, «болады» қабырғасына ілу.Жаман іс-әрекеттегі сурет болса, «болмайды» кәрзеңкесіне салу.Неге олай еткенін қорғау.

Кері байланыс «Бағдаршам»

Бағалау.Смайлик арқылы бір-бірін бағалайды,өздерін бағалайды.Мұғалім барлық оқушыны бағалайды.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
494
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі