400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен және менің ортам.

Материал туралы қысқаша түсінік
өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі Үшқарасу негізгі мектебі» ММ











Тренинг-сабақ

Тақырыбы: «Бала сезімінің қыры мен сыры»







Педагог –психолог: Абилова А.Ж









2017-2018 оқу жылы







Тренинг- сабақ



Тақырыбы: «Бала сезімінің қыры мен сыры»

Күні: 25.09.17

Мақсаты:оқушылардың таным процестерін оның ішінде шығармашылық қабілеттерін адалдық ,достық қасиеттерін, тіл байлығын, сезімімен сенімін дамыту.

Көрнекіліктер:Ватман, бүктемелер, музыка, жұмсақ ойыншықтар, қима қағаздар.

Ұйымдастыру:оқушыларды ыңғайлап отырғызу, көңіл-күйлерін сұрап, жылы сөздер айтып, сезімдерін ояту.Ережелермен таныстыру.

1-жаттығу. «Менің қиялымдағы сыйлық»

Балалар шеңбер болып отырады. Балаларға сұрақ қойылады.

-Балалар,сендер саяхатқа барғанды ұнатасыңдар ма?

-Сыйлық алғанды ше?

-Ендеше бір-біріңнің қолдарыңнан ұстап, көздеріңді жай ғана жұмып отырыңдар. Айтылған сөздерді сезіне біліңдер.Мінеки қозғалыс байқалды. Біз жай ғана көтеріліп өздеріңді жеңіл сезініп ұша бастадыңдар. Төменде мектеп, үйлер,адамдар кіп-кішкентай болып көрінді. Сендер толқындай қалықтап айналадағы бұлттармен қатарласып ұшып келесіңдер.

Өте бір керемет әлем бардай. Кенет, алдарңнан үлкен бір есік ашылды. Кең және жарық бөлме көрінді. Онда көптеген әшекей заттар және үлкен-үлкен қораптар жатыр .Сендер бір-бір қораптан алдыңдар. Ал енді көздеріңді ашыңдар.

Талдау:1Қандай сезімде болдыңдар?

2.Қораптағы сыйлықтың қандай зат болғанын қалайсың?

3.Сен өз достарыңмен сыйлықты бөлісесің бе?

2-жаттығу:Әріптер ойыны- «ТАП»

Әріптер жазылған қағаз ілінеді. Көзі байланған бала бір әріпті алады . Баланың көзін шешіп, екінші бала сұрақ қояды. Бірінші бала мүдірмей сол әріптен басталатын сөздермен жауап беруі керек.

Мысалы:Атың кім?

Қала аты?

Жеміс аты?т.с.с.

Талдау:1.Балалар ойын ұнады ма?

2. жауап беру қиынға соқты ма?

3.Қошемет сөздер

3-жаттығу: «Жұмсақ ойыншық сыры»

Ойынның шарты: Әр түрлі жұмсақ ойыншықтар қойылады. Балалар өздеріне ұнаған ойыншықты таңдап кезекпен алады. Шеңбер құрып отырып қолдарындағы ойыншық атауына байланысты бір оқушы ертегі бастайды. Психолог белгі бергенде екінші бала жалғастырып кетуі керек.Соңында балалардың өз ойларынан құралған керемет, қызықты ертегі пайда болады.



Талдау:1.Ал, балалар сендерге ойыншықтар ұнады ма?

2. Ертегі ойлап шығару қиын болды ма?

3.Жан- жануарлардың Бір-бірімен тату болғанын қалайсыңдар ма?



Пікірлесу:Балалардың сезімдерін, алған әсерлерін бөлісіп, әңгімелесу арқылы анықтау.

Тілек айту:Балалар жылы сөздер айтып өз тілектерін бір- біріне гүл беріп білдіріп шығады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
474
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі