400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Мен және менің ортам»

Материал туралы қысқаша түсінік
педагог-психологқа
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тренинг тақырыбы: «Менің қолымнан келеді!» 
Тренинг мақсаты:
1. Оқушылардың жарыс жағдайына психологиялық дайындығын қалыптастыру
2. Басқа адамдардың алдындағы қорқыныш пен сенімсіздікті, ішкі кедергілерді жеңуге ықпал ету
3. Өзіне жауапкершілік арту қасиетін дамыту.
Тренинг жоспары:
1. Кіріспе – Миға шабуыл «Стресс туралы не білем?»
2. Жаттығу «Бойларыңмен қатарымен тұру»
3. Жаттығу «Екі топ»
4. Жаттығу «Ең жылдам»
5. Жаттығу «Визитка»
6. Жаттығу «Рефрейминг» 
7. Аутотрнинг
1. Кіріспе Миға шабуыл «Стресс туралы не білем?»
Олимпиада ситуациясында:
- Басқа мектепте өтілуі
- Нәтижені басқа, танымайтын адамдар бағалайды
- Олимпиада тапсырмаларын орындауға уақыттың шектеулі болуы
- Оқушының өзінің мектебінің алдында жауапкершілікті толық сезінуі
- Олимпиада қатысушының өзіндік бағалауы: қаншалықты мен ақылдылығымды көрсете аламын
Олимпиада кезінде маңызды психологиялық оқушылардың сипатамалары:
- Өзіндік іс-әрекетінің ұйымдастырылудың жоғарғы сатысы
- Еңбекке деген қабілеттілігінің тұрақтылығы 
- Зейіннің жоғары концентрациясы
- Ойлаудың ерекшелігі
- Ішкі әрекеттердің жоспарының қалыптасуы
- Эмоционалдық өзіндік реттеу
- Стресске қарсы тұру.
Сол себептен психологиялық коррекция жұмыстары М.Люшердің тұлғаның жан-жақты даму бағыттарына сүйенеді. Олар:физикалық, интеллектуалды,эмоционалды мен ерік-жігерлі және әлеуметті-коммуникативті.
№ І Интеллектуалды блогі
2.Жаттығу «Бойларыңмен қатарымен тұру»
Талдау:Жаттығу кезінде қандай сезімде болдыңыздар?
3.Жаттығу «Екі топ»
Топ мөлшері: 8-15 қатысушы
Берілетін уақыт: 15-20 минут
Мақсаты: қатысушылардың логикалық қабілеттері мен байқағыштық қабілеттерін дамыту
Жаттығу барысы:
Өз еркімен бір оқушы аудиториядан шығып кетеді. Сол уақыт аралығында ойынға қатысушылар бір белгі арқылы екі топқа бөлінінеді. Мысалы, бір жақта көзайнек тағатындар, ал басқа жақта қолдарында сағаттары бар ойыншылар.(Мінез-құлық ерекшеліктеріне, қызығушылықтарына байланысты) Сыртқа шыққан ойыншы сол ерекшеліктерді табу керек.
Талдау:Ойында не ұнады? Сізді топ қалай қабылдайтынын қандай жағдай ойландырды?
№ ІІ Блок “Әлеуметтік-коммуникативті” 
4.Жаттығу «Ең жылдам»
Берілетін нұсқаулар:
Қатысушылар шеңберде турып, допты лақтырған ойыншының атың айтып,бір түсті белгілейді. Допты ұстаған қатысушы допты ұстап алып, белгілеген түс бойынша бір затты атап, ойынды жалғастырады.

5. Жаттығу «Визитка»
Лидерлік ерекшелік деген логикалық сана негізінде таңдау жасап, ешқашан қателеспеу деп түсінген дұрыс. 
Қатысушылар ватман қағазына (ортасын қайшымен қиып, басынан киіп алуға ыңғайлап) алдыңғы жағына: өздерінің жеке ерекшеліктеріне байланысты коллаж құрастыру (қасиеттер, кемшіліктер, суреттер т.с.с.), ал «арқа» жағына армандайтын, ұмтылатын және қол жеткізгілерін келетін қасиеттер тізімін жазу керек. Барлық қатысушылар бір-бірінің визиткаларымен танысып, сұрақтар қояды (музыка қосу)
Талдау: 
- Тапсырманы орындаған кезінде өзіңіз қандай адам екеніңізді байқап көрдіңіздер ме? Өз визиткаңыз толық және түсінікті болды ма деп ойлайсыз ба?
— Тапсырманың қандай жағын орындау жеңілдірек болды - мінездегі жақсы жақтары тұралы ма жоқ әлде кемшіліктер тұралы жазған
— Қатысушылардың араларынан өздеріңе ұқсайтын немесе ұқсамайтындар бар ма?
— Кімнің коллажі есіңізде қалды?
№ ІІІ Эмоционалды
6. Жаттығу «Рефрейминг»
«Жеңілісті жеңіске айналдыруға болады егерде қайсарда әрі ынталы болсаң» Бисмарк
Мақсаты:
- Рефрейминг әдісін менгерту
- Басқа адамдардың алдындағы қорқыныш пен сенімсіздікті, ішкі кедергілерді жеңуге ықпал ету
- Көшбасшы болуға септігін тигізетін немесе кедергі келтеретін қасиеттерді талдауға жағдай 
Көрнекілік: ватман, фломастерлер, қайшы, желім
Барысы:
РЕФРЕЙМИНГ (refraining) –ситуацияға басқа мағына беру үшін пікіріңді өзгерту 
Тиімді қарым-қатынас - айналадағылардың көзқарасы арқылы әлемді көріп, түсіну.
Ойын барысында әр топқа келесі тапсырма беріледі:
1. Әр топта өз таңдауы бойынша визитка ойынында құрастырған коллаждан адам бойындағы жағымсыз, кедергі келтіретін қасиеттерге жағымды жағынан сапалы баға беру. Мысалы, жайбасарлық қасиетін - өмірлік тәжірибені асықпай, ойланып ұсақ-түйегіне дейін баға беру деп түсіну. Батылдықтың жетіспеушілігін – табиғи өзін-өзі қорғау жүйесі ретінде қарау. Ұқыпсыздықты – шығармашыл тұлғаның қасиеті ретінде қарастыру. (10 минут).
Талдау: 1. Өзін-өзі бағалауда рефрейминг әдісі арқылы осы кезге дейін қолдандыңыз ба? 2. Осы тәжірибеге көзқарасыңыз қандай?
№ ІҮ блог Физикалық
Психогигиенаның заңдылықтары: 
Біріншісі. Аутотренинг жаттығуларын меңгеру қажет. 
Екіншісі. Жүйке-жүйесіне демалыс беріп турған абзал. Жақсы демала білетін ғана, жақсы жұмыс жасай білетін болады.
Үшіншісі. Жағымсыз эмоцияларды жағымды эмоциялармен алмастырған дұрыс. 
7.Аутотренинг (арнайы видео)
Қорытынды бөлім
Тренингке қатысушыларға арнайы кеңестер беру

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
09.04.2019
559
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі