Материалдар / Мен және менің ортам
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мен және менің ортам

Материал туралы қысқаша түсінік
11 сынып оқушыларына арналған тренинг сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қырқүйек 2023
229
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





__________________ мектебі













Тренинг сабақ

Тақырыбы: Мен және менің ортам








Мектеп психологы: Жұматаева Гүлзада Жетписбайқызы
























Мерзімі:

Қатысушылар: 10-11 сынып оқушылары


Тренинг сабақтың тақырыбы: Мен және менің ортам


Тренинг сабақтың мақсаты: оқушылар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу, оқушылардың өмірдегі өз орнын табуға көмектесу.


Тренинг сабақтың өтілу барысы:


І. Сәлемдесу

  1. Танысу

Оқушылар өз аттарын және өзінің өмірлік ұстанымдарын айтады.

Мысалы: — «Өмірдің ағымынан қалмау»

«Ешқашанда білмеймін демеу»

«Қасымдағыларға көмектесу, қуаныш сыйлау»

«Биік шыңға ұмтылу»


  1. «Сиқырлы сандық» жаттығуы

Сиқырлы сандық (онын ішінде айна болады). Тренингті бастамас бұрын ең бірінші, өз-өзімізді айқындап алайық. Қазір сендер мына сандықты бір-бірінің қолдарына бересіңдер. Осы сандықты алған адам оны ашып, ішіне қарайсыз. Оның ішінде жан-жақты, ғажайып және қайталанбайтын бейнені көресіңдер. Оған күліп қарауларың керек.

Барлық қатысушылар сандыққа қараған соң, психолог сұрақтар қояды:

Жан-жақты, ғажайып және қайталанбайтын бейне кім болып шықты?

Сендер ол бейнеге күліп қарағанда, ол сендерге қалай қарады?


  1. «Ха» жаттығуы

Қазір екі аяғыңызды иық деңгейіне қойып, қолыңызды төмен қарата түсіріп қоясыз, жайлап тыныс алып қолыңызды жоғары қарай көтересінде қолымызды төмен қарай сілкіп тастап «ха» деп айқайлаймыз. Жаттығуды 3 – 4 рет қайталауға болады.


  1. «Қар қиыршықтары» жаттығуы

Нұсқау: Бәріміз қолымызға ақ қағазды алып ортасынан бүктейміз. Оның оң жақ жоғарғы бұрышын жыртып аламыз.Тағы да бүктейміз , оң жақ жоғарғы бұрышын жыртып аламыз. Тағы да ортасынан бүктеп оң жақ жоғарғы бұрышын жыртамыз. Осылай мүмкіндігімізше жалғастыра береміз. Енді өзіміздің әдемі қар қиыршығын ашып қараймыз.

Талдау:

Кімде бірдей, бір-бірінен аумайтын қар қиындысы шықты? Себебі неде деп ойлайсыздар?- не себепті бәрімізде бірдей ақ қағаз бен бірдей әрекет бола тұра әр түрлі қар қиыршықтары пайда болды?

Себебі бәріміз бірдей әрекет жасағанмен, ол бізде әр түрлі шықты. Өйткені біз әртүрлі адамдармыз. Біздің ата-аналар мен мұғалімдер қоғамдағы орнымыз, қызметіміз, жан-дүниеміз бәрі әртүрлі. Ал, біздің бірге жиналуымызда бір себеп бар – ол ҰБТ, одан жақсы жетістікке жету. Қоғамдағы орнымыз бен роліміз әртүрлі болсада, бәріміздің алдымызда тұрған мақсат бір.


  1. «Сөзді есіңде сақта» жаттығуы

7-8 оқушы ортаға шығады. Психолог сөздерді оқиды, ойынға қатысушылар сөздерді бұлжытпай қайталап беруі керек.


  1. «Мұнара тұрғызу» жаттығуы.

Мақсаты: қатысушылардың ситуациялық жағдайлардан шығу мүмкіндігін бағалау, жағымды эмоциялық қарым-қатынасты нығайту.

Нұсқау: қатысушыларды үш төпқа бөлеміз

Ойынға 4-5 минут беріледі. Төрт топқа 15-15-тен ақ қағаз (А4 форматын) береміз. Осы ақ қағаздарды пайдаланып, төрт топ «биік мұнара» жасап шығуы керек. Қағазға қосымша тіреуіш заттар және т.б. қағазды көлденеңінен, тігінен, т.б. жағдайларға қажетіне қарай пайдалануға болады.

Айта кететін шарт – мұнара биік әрі орнында қозғалмай нақты тұру керек.


  1. Ашулы шарлар» жаттығуы

Шарты: шеңбер болып тұрып, шарды үрлеп, оларды байлау. Шарлар адам денесін бейнелейді, ал оның ішіндегі ауа – адам сезімі. Қатысушылар қолдарындағы шарды жаруы керек.

Шарды жарғанда қандай сезімде болдыңыздар? Ашуды солай шығару дұрыс жол ма? Ондай ашудан кейін қандай сезімде болдыңдар?

Бұлай қатты жарылған шар агрессияны білдіреді. Ол қауіпті.

Енді қатысушылар келесі шарларды үрлейді, оны байламай ұстап тұрады. Бұл шарлар ашу толы сезімді білдіреді, ал енді жайлап қана ауасын шығарайық. Шар кішерейеді, бірақ жарылмайды. Бұл нені білдіреді? Егер біз ашумызды бақылап шығарсақ, ол ешкімге зақым келтірмейді.

Енді қатысушылар шардағы ауаны толығымен сыртқа шығарады. Бұл дегеніміз ашудың қауіпсіз жолын табу – ол әр адамның өз қолында екендігін тұжырымдау.


  1. «Өрмекші торы»

Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ойынға барлығы қатысуы тиіс. Жіп кімнен ілініп басталса, сонымен аяқталып өрмек жиналу керек.

Жаттығу шарты: Топта бірін-бірі жақын танығандықтан, әр кім 1-ші өзінің достарына айтар тілегін, қошеметін, жағымды қылықтарын білдіріп жіпті саусағына іледі, өрмек тоқылды. 2-ші кері бағытта, бірақ сол ізбен достарының бойына қажет емес қасиеттерін, қылықтарын айту. Өрмекті жию.

Рефлексия: Айтылған тілектер мен сынды қабылдаймыз ба? Сын орынды айтылды ма? Бұл жаттығудың мақсаты да сол, сын түзелмей, мін түзелмейді – дегендей, айтылған ескерте, сындарды түзете білейік. Болдырмайық.


  1. Молекула

Нұсқау: Қанша рет шапалақ соғылса, сонша адам бірігуі керек. Мысалы: шапалақ екі рет соғылса, екі адам бірігуі қажет.

  1. «Сыр сандық» жаттығуы.

Ойлануға арналған «Сыр сандық» ойынының шартын таныстырамын. Мен сұрақтарды оқимын. Сендер әр сұраққа 2-3 оқушы жауап беруі керек. Барлығы 10 сұрақ.

Ойынның шарты: Біз бір-бірімізді жақын тану үшін барлығыңа «сыр сандықты» ұсынамын. Топтың әр қатысушысы «сыр сандықтағы» аяқталмаған сөйлемді өз сөзімен аяқтайды.


1. Ең үлкен қорқыныш – бұл…

2. Мен мынадай адамдарға сенбеймін…

3. Мен ренжимін, егер…

4. Мен ұмытпаймын, егер…

5. Маған көңілсіз, егер…

6. Егер маған дауыс көтерсе, мен…

7. Мен қарсыласқанда…

8. Егер мен сенімсіз болсам, онда…

9. Егер маған ұнамай қалса...

10. Егер, мен шаршасам…

Сөйлемді аяқтағанда, қандай сезімде болдыңдар? Әрине, әрқайсымыз қорқыныш, сенімсіздік, сәтсіздік сезімдерінен өттік. Ренжіген, нашар көңіл-күй немесе көңілсіздік болған шығар. Бұл сәтте қолдау мен сүйенішті қажет етеміз.


Қорытынды сөз:

Психолог: Құрметті оқушылар алдарыңда үлкен сын, намысты дода. Сынға әрқашан сеніммен барыңдар. Бақытты ғұмыр болмайды, ол бақытты секунд, бақытты минут, бақытты сәттерден тұрады, біз сол бақытты сәтті сезіне білу арқылы бақытты боламыз. Бір-бірінің қолдарыңды ұстап жоғары көтеріңдер, біркелкі хор дауыспен «Біз ҰБТ-ға сеніммен барамыз!» деп дауысымызды қаттырақ шығарып айтайық.

«С- фейервергі»

Мен сендерге Сенімділік, Сүйіспеншілік, Сәттілік тілеймін!







































(«Бір дәуірдің түлегіміз» әнінің әуенімен )

1. Арман, мақсат бір болған соң тілегіміз,

Ұбт-деп бірге соққан жүрегіміз.

Білім болған бастау алар тірегіміз.

Әннен шашу шашайық.

Қайырмасы:

Болашаққа қанат қаққан түлегіміз,

Орындалсын үміт толы тілегіміз,

Бәріміз де лайым,

Көрмей қайғы- уайым,

Ұбт-дан жетістікке жетейік.

2. Жанымызға сенімділік серік болсын,

Бірлігіміз әрқашанда берік болсын,

Басымызға бақыт құсы келіп қонсын,

Асулардан асайық.

Қайырмасы;

Болашаққа қанат қаққан түлегіміз,

Орындалсын үміт толы тілегіміз,

Бәріміз де лайым

Көрмей қайғы- уайым,

Ұбт-дан жетістікке жетейік.




(«Бір дәуірдің түлегіміз» әнінің әуенімен )

1. Арман, мақсат бір болған соң тілегіміз,

Ұбт-деп бірге соққан жүрегіміз.

Білім болған бастау алар тірегіміз.

Әннен шашу шашайық.

Қайырмасы:

Болашаққа қанат қаққан түлегіміз,

Орындалсын үміт толы тілегіміз,

Бәріміз де лайым,

Көрмей қайғы- уайым,

Ұбт-дан жетістікке жетейік.

2. Жанымызға сенімділік серік болсын,

Бірлігіміз әрқашанда берік болсын,

Басымызға бақыт құсы келіп қонсын,

Асулардан асайық.

Қайырмасы;

Болашаққа қанат қаққан түлегіміз,

Орындалсын үміт толы тілегіміз,

Бәріміз де лайым

Көрмей қайғы- уайым,

Ұбт-дан жетістікке жетейік.




(«Бір дәуірдің түлегіміз» әнінің әуенімен )

1. Арман, мақсат бір болған соң тілегіміз,

Ұбт-деп бірге соққан жүрегіміз.

Білім болған бастау алар тірегіміз.

Әннен шашу шашайық.

Қайырмасы:

Болашаққа қанат қаққан түлегіміз,

Орындалсын үміт толы тілегіміз,

Бәріміз де лайым,

Көрмей қайғы- уайым,

Ұбт-дан жетістікке жетейік.

2. Жанымызға сенімділік серік болсын,

Бірлігіміз әрқашанда берік болсын,

Басымызға бақыт құсы келіп қонсын,

Асулардан асайық.

Қайырмасы;

Болашаққа қанат қаққан түлегіміз,

Орындалсын үміт толы тілегіміз,

Бәріміз де лайым

Көрмей қайғы- уайым,

Ұбт-дан жетістікке жетейік.



(«Бір дәуірдің түлегіміз» әнінің әуенімен )

1. Арман, мақсат бір болған соң тілегіміз,

Ұбт-деп бірге соққан жүрегіміз.

Білім болған бастау алар тірегіміз.

Әннен шашу шашайық.

Қайырмасы:

Болашаққа қанат қаққан түлегіміз,

Орындалсын үміт толы тілегіміз,

Бәріміз де лайым,

Көрмей қайғы- уайым,

Ұбт-дан жетістікке жетейік.

2. Жанымызға сенімділік серік болсын,

Бірлігіміз әрқашанда берік болсын,

Басымызға бақыт құсы келіп қонсын,

Асулардан асайық.

Қайырмасы;

Болашаққа қанат қаққан түлегіміз,

Орындалсын үміт толы тілегіміз,

Бәріміз де лайым

Көрмей қайғы- уайым,

Ұбт-дан жетістікке жетейік.


















1. Ең үлкен қорқыныш – бұл…

2. Мен мынадай адамдарға сенбеймін…

3. Мен ренжимін, егер…

4. Мен ұмытпаймын, егер…

5. Маған көңілсіз, егер…

6. Егер маған дауыс көтерсе, мен…

7. Мен қарсыласқанда…

8. Егер мен сенімсіз болсам, онда…

9. Егер маған ұнамай қалса...

10. Егер, мен шаршасам…



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!