жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мен және менің отбасым
Мен және менің отбасым
Мақсаты: Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын күшейту жолымен бала мен ана арасындағы қарым-қатынастың ерекшелігін психологиялық жаттығулар, ойындар, тапсырмалар арқылы көрсете отырып, отбасылық тұрақтылықты нығайтуға үлес қосу; ата-ананың мектепке, мұғалімге деген сенімін күшейту;
Көрінекіліктер:Түрлі қағаздар, интерактивті тақта, сиқылы таяқша,
видео материалдар, слайд-шоулар.
Кіріспе (Мұғалім сөзі)
Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар, ата-аналар!
Бүгінгі өзіндік тәрбиелік мәні бар сабағымызға қош келдіңіздер!
-Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік әдеп, инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен сіздердің жекелеген отбасыларыңызда өркен жаюына, яғни,баланың ата-анасын жан жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып жүзеге асырып отыруларына байланысты.
Адам өмірінің мәні мен сұлулығы – баланың ата-анасын ардақтап., өзінің перзенттік қарызын бір сәт те есінен шығармауында.
Бала – ата-ана өмірінің жалғасы. «баламның табанына кірген шөгір менің маңдайыма кірсін.» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа қатер төнгенде «Өзімді алып, баламды аман қалдыр,»деп құдайға жалбарынған ата-ананың жүрегі не деген кең, не деген ерекше десеңші!
Бала тәрбиесінің қызығы мен қиыншылығы қатар жүретіні бәрімізге белгілі.
Сондықтан бәріңіздің отбасыларыңызға амандық ,тек жақсылық тілеймін.
1.Шаттық шеңбері
Енді келесі кезекте сіздерді шаттық шеңберіне шақырамын. Экранда көрсетілген балаңыздыздың есімі неге байланысты қойылғанын бір ауыз сөзбен айтып, сол есімнің бірінші әрпінен басталатын жақсы тілек айтуларыңыз керек.
- балам айдың жарығында дүниеге келгендіктен айдай сұлу болсын деп айсұлу қойған екен. Ай қабақты сұлу, ақылды болуларыңа тілектеспін.
- баламның есімін атасы Диана деп ********
- баламның есімін Ержан ер мінезді жан болсын дегені, жігіттер, сіздерге нағыз ер мінезді, қыз балаларға еліктей нәзік болуларыңа тілектеспін.
Әр тілектен соң 3 рет қол соғып қошеметтеп отырамыз.
2. «Біз бақытты жанұямыз» Суреттер әлемі
Ендігі кезекте тақтада балаларыңыздың өз отбасына байланысты салған суреттері бар, сол суреттерді кезепен тауып алуларыңыз керек. Ал балалар орындаңызға жайғасуға болады. (Музыка)
-Сонымен өз балаларыңыздың суретін табуда қаншалықты қиын болды?
- қандай белгісіне қарап таптыңыз? 3-4 анаға
3.Видео-ролик Құрал Айдана
-Кей оқушыларға өздігіне тапсырмалар берілген болатын. Шаршағанымызды басу үшін ортаға Айдананы шақырсам…
4. Слайд-шоу Диана
Ортамызда диананың анасы отыр. Диана бүгін сыныбымыздың , мектебіміздің , тіпті облысымыздың намысын қорғауға кетті десек те болады. Бүгін өзі болмаса да өз отбасы жайында дайындаған слайд –шоу материалын көріп тамашалайық.
-Дина апай, сіз қазір қандай сезімде отырсыз? Қандай әсер алдыңыз? Жалпы ана баласы бір қадам жанынан жырақ кеткенде қандай сезімде болатынын айтып жеткізсеңіз?
5. «Біз біргеміз»
Келесі тапсырмамызға көшейік
Қолдарыңызға фламастер, маркер алып алдымен аналарда ортаға шақырамыз.
Сіздер кез келген бір заттың суретті бастайсыз, музыка тоқтаған кезде сіз де тоқтайсыз.
Енді ортаға сол аналардың балаларын шақырамыз, сіздерді қошеметпен орындарыңызға жайғастырамыз.
Сіздер аналарыңыз бастаған суретті аяқтап және бір суретті бастап кетесіздер.музыка тоқтағанда тоқтатып, орындарыңызға жайғасып, аналар ортаға шығып суретті аяқтайды.
Суреттеріңіз көңіліңізден шықты ма?
Қандай әсер алдыңыз? Тапсырма несімен ұнады?
6.Тыныштық сәті
Келесі кезекте тыныштық сәтін бұзбай Ержанның өз отбасы жайлы дайындаған бейне материалын тамашалайық.
7. Тренинг Сиқырлы таяқша
Ортаға 4 отбасын шақырамыз
Кез келген парақты алып сөзді оқисыз да келесі отбасына бересіз олар отбасы болып әр жаман қылықтың бір жақсы жағын ойлап табу керек.
Мысалы :
Сараң——-Үнемшіл
өтірік айту————-ренжітпеу үшін
Төбелесу—– біреуді қорғау
сабақтан қалу——–балаға ие болу
Ұрысу—жаманнан сақтау
қорқу——өзін қорғау
Кек сақтау——-ренжігенін білдіру
Ұшқыр ойларыңыз бен ұттқыр жауаптарыңыз үшін көп рахмет сіздерге.
8. Тренинг «Өтінемін» ойыны
Тағы да сіздерді ортаға шақырамыз.
Сіздермен бір ойын ойнап көрейік
«Өтінемін» ойыны
-Құрметті ата-аналар, сіздер қандай сиқырлы күші бар сөдерді білесіздер?
Рахмет, ғафу етіңіз. өтінемін
Мен сіздерге түрлі өтініш жасаймын, сіздер Егер мен «Өтінемін » деген сөзді айтсам, онда орындауларыңыз қажет, Егер мен «Өтінемін » деген сөзді айтпасам, онда орындамайсыздар.
-Секіріңіздер,
- өтінемін ,қол шапалақтаңыздар.
-оң аяқтарыңызды көтеріңіздер.
- өтімін, оң жақтағы көршіңізге қараңыз
-құлақтарыңызды ұстаңыздар.
-өтінемі, отбасы боп құшақтасыңыздар.
Рахмет,орындарыңызға жайғасуға болады.
9. Қысқа метражды фильмі
Келесі кезекте сыныбымыздың болашақ маманы, техниканың құлағында ойнайтын мырза жігіт Нұрзаттың сіздерге арнайы дайындаған қысқа метражды фильмі бар, соны ұсынамыз.
10.Тренинг «Жазбай танимын»
Барлығымыз ортаға шығып шеңбер жасайық. Құрметті аналар, бүгін біз ана мен бала арасында битти де болсын қарым –қатынастың жақындайына өз үлесімізді қостық деп есептейміз. Сіздерді арнайы шақырғандықтан бізде білім алып, тәрбиеленіп отырған көз қуаныштарыңыз-балаларыңызды көздеріңіз жұмулы болса да, жазбай танитындықтарыңызда көрсетсеңіздер.
-Құрметі ата-аналар, міне бүгінгі сіздерге арналған «Менің отбасым-менің байлығым » атты шарамыз аяқталып та қалды. бүгінгі сабақтан түйгендеріңіз, ұнаған жаттығулар, жұмыстар болса өз тілектеңізді білдіреміз десеңіздер сөз сіздерде.
Қолдарыңыздағы параққа ұсыныс, тілек жазуларыңызды сұраймыз.
Осындай қарбас шаруасы көп күннің арасынан уақыт тауып келгендеріңізге көптен көп рахмет. Келесі жүздескенше қош сау болыңыздар.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген