400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен және менің отбасым

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Екінші кіші «Балапан» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:05.09.2019ж.

Тәрбиеші: Муканова Д.Д.

Өтпелі тақырып: Менің отбасым

Білім саласы: таным, жаратылыстану

Тақырыбы: Мен және менің отбасым

Мақсаты:

Тәрбиелік: Балаларды үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу

Дамытушылық: Өзінің отбасы туралы әңгіме құрастыруға үйрету. Тілде сын есімдерді (мейірімді, тату), етістіктерді (қамқорлық жасау, жұмыс істейді, көмектеседі) дұрыс қолдана білуді үйрету

Оқыту: Өз отбасы жайлы әңгімелу барысында сөздік қорларын дамыту, есте сақтау қабілеттерін арттыру, «г», «п», дыбыстарының айтылуын бекіту

Педагогикалық технологиялар:ақпараттық технология, түсіндіру, көрсету,

Ресурсты қамтамасыз ету: жүрек ойыншық, суреттер, ойынға арналған керекті құралдар

Ұйымдастырушылық оқу қызметінің барысы

Сәлеметсіздер ме балалар!

Тәрбиеші «жарығым», «ботам», «құлыным», «күнім» деген сияқты жылы сөздер айтады. Сұрақ-жауап.

- Балалар, қалай ойлайсыңдар,осындай жылы сөздерді сендерге кімдер айтады?

- Иә, балалар сендерге жылы сөздерді аталарың, аналарың әке, әжелерің айтады екен.

- Ал, осы адамдарды бір сөзбен кімдер деп атаймыз?

- Онда бүгінгі жиынымызда біз кімдер туралы әңгіме қозғайды екенбіз?

Балалар өз ойларын ортаға салады.

- Маған мұндай сөздерді анам айтады.Сұрақтарға жауап беріп:

- Отбасы мүшелері туралы.

Негізгі бөлім

Тәрбиеші балаларды қалауы бойынша екі орталыққа бөледі. Бірінші орталықтағы балаларға отбасы бейнеленген суреттерді қарастырып, өздерінің отбасы мүшелерінің қызметтері мен қарым-қатынастары туралы айтып беруді тапсырады.

Екінші орталықтағы балаларға бірнеше қуыршақтарды пайдаланып, отбасы мүшелерін топтастыру және олардың отбасындағы туыстық қарым-қатынасын анықтап айтып беру тапсырылады (әңгімелесу барысында амандасу, қоштасу, алғыс айту секілді әдептілік қарым-қатынас мәдениеті мен сыпайылыққа қатысты сөздерді пайдаланады).

Сергіту сәті:

Басбармағым – атам

Балан үйрек - әжем,

Ортан терек – әкем,

Шылдыр шүмек – анам,

Кішкене бөбек – мен.

Бір үйде біз нешеуміз,

Бір үйде біз бесеуміз.

Бірінші орталықтағы балалар өз отбасы мүшелерінің немен айналысатындығын, бір-біріне жасаған қамқорлығы, жақсылығы мен қайырымдылығы туралы айтып береді.

Екінші орталықтағы балалар бір-бір қуыршақты алып, ол қуыршақтың туыстық қарым-қатынасы туралы айтады. Мысалы: мынау-Әдемі. Әдемі- Асқардың қарындасы.

Балалар саусақтарымен көрсетеді, қосылып айтады.



Қорытынды

«Жылулық тілегі» дидактикалық ойыны:

Ойын шарты бойынша ойынға қатысушы барлық балалар ата, апа, ана, әке, ағаның, ал допты ұстаған бала, баланың рөлінде ойнайды. Бала допты лақтырған кезде, қағып алған бала (ата, апа, ана, әке, аға) допты кері қайтарып теңеу сөз, лебіз немесе тілек айтады. Балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.Балаларды мақтайды.

Балалар шеңбер бойына тұрады.

- Мен сені қатты жақсы көремін.Сен менің қошқан-ымсың. Жұлдыздай жарқырай бер.



Балалар қуанады

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қыркүйек
629
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі