Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен және менің отбасым

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дүниетану

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: Дүниетану

Сабақ: 1

Мектеп:

Күні:


Педагогтың аты жөні:


Сабақтың тақырыбы:

Мен және менің отбасым

Сынып:2

Қатысқандар саны:


Осы сабақта қарастырылатын оқу мақсаттары:


2.1.1.1 отбасылық мұрағат негізінде отбасы мүшелерінің ауызша портретін жасау

Негізгі ұғымдар:

Отбасы,Мұрағат,Отбасы мүшелері,Портрет

Құндылықтарды тәрбиелеу

Сыйластық, қамқорлық

Сабақ барысы:

Сабақтың кезеңі

Жоспарланған сабақ әрекеті

Ресурстар



5 мин


Психологиялық ахуал:

Шеңбер-бұл әлемдегі мейірімділік,жақсылық.Шеңбер арқылы-бір-бірімізге күлімдеп қарап,бақыт,қуаныш,жылылық тілейміз. Шеңбер-сонымен қатар,қай әріпке ұқсайды?

-«О»-әрпіне ұқсайды.Ендеше «О» әрпінен басталатын сөздер айтайық (Отан, от, отбасы,т.б.)

-Бүгінгі сабақтың тақырыбы да дәл осы әріптен басталатын сөзбен

байланысты.


Отбасы жайлы бейнебаянды тамашалайды.

11 қыркүйек-отбасы күні екендігін айтып өтемін.

Бейнеролик назар аударыңдар!



Талқылауға арналған сұрақтар:

Отбасы деген не?

Отбасын кімдер біріктіреді?

«Отбасылық құндылық» дегенді қалай түсінесің?


Ұ.ж. «Сөзден сөз құра» әдісі

Нұсқау: Оқушыларға «отбасы» сөзінің әр әрпіне отбасы ұғымын ашатын құндылықтармен жазу ұсынылады.

Мысалы:

О - ошақ қасы, ортақ

Т – тәуелсіз, тәрбие

Б -бақытты, бауырмалдық,берекелі

А -арманшыл, ардақты

С -сүйікті, сыйластық

Ы -ынтымағы жарасқан.


ҚБ : Мадақтау пікірлері: Жарайсыздар!








https://youtu.be/l3eRYAOeoOA?feature=shared


Интерактивті тақта


Сабақтың ортасы



7 мин





























10 мин



















5-7мин





















2 мин












7-9мин

Отбасы- бірге тұратын жақын туыстар, сыйластығы жарасқан берекелі орта. Отбасының әрбір мүшесі бір-біріне қамқор болып келеді.

Отбасы- саған ең жақын, ең қымбат адамдар.

Отбасы-бірлесіп күн көретін, туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы.

Отбасы- қоғамдық құрылымының шағын, ерекше үлгісі, сонымен қатар адамдардың өзара қарым-қатынаста болатын тұрақты тобы, қоғамның алғашқы ұясы.


1-тапсырма

Отбасы мүшелерін ата және олардың отбасындағы рөлін сәйкестендір.



АShape1 та Отбасы тіреуі


Әже Ата-ананың перзенті


Әке Баланың ата-анасының әкесі


Ана Отбасы ошағы


Бала Баланың ата-анасының анасы


Эмоционалды бағалау


2-тапсырма.

ТЖ. «Кластер» құрастыру

Топ атауына сәйкес кластер құрастырып, отбасы мүшелерінің рөлдері қандай екендігін талқылайды.

1 топ: Әке

2 топ: Ана

3 топ: Балалар

ҚБ: Топаралық бағалау.

Топтар бір-бірін бағалайды.Жасаған жұмыстарына ұсыныстар береді.

Осы кезде отбасына жататын әрбір мүше туралы анықтама беремін.

Ата-туыстық қатынасты білдіретін атау.Әкенің әкесі немесе ағасы;

Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады.

Әке - өзінен туған немесе асырап алған баласы бар ер адам, туыстық қатынасты білдіретін ұғымның атауы.

Ана - ұлы адам, қасиетті жан.Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді деген.

Аға - бірге туған, туысқан, ағайынды, аталас, рулас ер адамдардың патролиния (әке) жағынан жасы үлкені.

Қарындас – туыстық атау. Дәстүрлі қазақ қоғамында ер адамдардан жасы кіші қыздар Қарындас аталады үлкені.



Мұрағат немесе Архив – тарихи маңызы бар құжаттар сақталатын мемлекет арнаулы мекеме. Мекемелердің ескі құжаттарын сақтайтын бөлімі немесе жеке тұлғаның өмірі мен қызметіне байланысты жинақталған жәдігерлер жиынтығы да архив делінеді.


Потрет-бұл адамның суреті немесе оның жалпы сырт бейнесі мен мінезінің сипаты.

Ауызша портрет- адамды тек сөздерді қолдана отырып сипаттау.


Жеке жұмыс.

3-тапсырма

Балалар үйлеріңнен алып келген отбасылық мұрағатты қарап,өз отбасы мүшелеріне ауызша портрет жасаңдар


Дескриптор:

  1. Оқушылар отбасының мүшелеріне ауызша портрет жасайды.

  2. Оқушылар отбасыларының мінезіне

ауызша портрет жасайды.




Сергіту сәті.

Біз бір үйде нешеуміз?

Кел санайық ,екеуміз.

Бас бармағым - атам,

Балан үйрек-апам.

Ортан терек –әкем,

Шылдыр шүмек анам.

Кішкентай бөбек - мен.

Біз бір үйде нешеуміз?

Біз бұл үйде бесеуміз.


4-тапсырма.

Балалар қазір әркім өзінің отбасы ағашын құрайтын болады.Өздеріңнің отбасыларың шағын немесе көп балалы отбасы екендігін ажыратыңдар.



Дискриптор:

  1. Балалар отбасы мүшелерін ағашқа желімдейді.

  2. Отбасыларын шағын немесе көп балалы отбасы екендігін ажыратады.








Оқулық




















«Qazmath» онлайн платформасы

Интерактивті тақта


















































Сабақтың соңы


5 мин

Рефлексия.

Сұрақтар қою арқылы сабаққа қорытынды


Сұрақтар

  1. Отбасының тіреуі кім?

  2. Отбасының ұйытқысы кім?

  3. Адамға отбасы не үшін қажет?

  4. Отбасының қоғамда қандай маңызы бар?

  5. Отбасындағы бір адам бірнеше істі қатар атқара алама?






Дифференциациялау




Бағалау

Пәнаралық байланыс



ҚБ : Мадақтау пікірлері: Жарайсыздар!


ҚБ: Топаралық бағалау.


Эмоционалды бағалау


  • Жүктеу
    bolisu
    Бөлісу
    ЖИ арқылы жасау
    Файл форматы:
    docx
    19.01.2024
    232
    Жүктеу
    ЖИ арқылы жасау
    Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
    шағым қалдыра аласыз
    Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
    Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
    Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
    Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
    Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
    Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
    Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
    Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
    Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
    Министірлікпен келісілген курс саны 12