Материалдар / "Мен және менің Отбасым"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Мен және менің Отбасым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың музыкаға деген қызығушылығын тудыру, марш сипатын ырғақты жүріспен беру,тыңдалған музыкадан алған әсерлері туралы әңгімелеу, әуенді таза және сөздерді анық айтуға, музыканың сипатын жеткізе білуге үйрету. Әнді орындауда балаларға арналған әртүрлі шулы музыкалық аспаптарды қолдану.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Музыка жетекшісі: А.Б.Калиева

Білім беру саласы: Шығармашылық

ҰІӘ: Музыка

Тақырыбы: «Менің отбасым»

Міндеттері: Балалардың музыкаға деген қызығушылығын тудыру, марш сипатын ырғақты жүріспен беру,тыңдалған музыкадан алған әсерлері туралы әңгімелеу, әуенді таза және сөздерді анық айтуға, музыканың сипатын жеткізе білуге үйрету. Әнді орындауда балаларға арналған әртүрлі шулы музыкалық аспаптарды қолдану.

Көрнекіліктер: қолшатыр, отбасы мүшелерінің суреттері, бейнежазба, үлестірмелі карточкалар, балаларға арналған әр түрлі шулы музыкалық аспаптар.

Әдіс-тәсілдер: Зайцев, мнемокесте, блум әдістері.

Кіріспе

Жетекші балаларды марш музыкамен қарсы алады («Марш» Е.Андосов)

Музыкалық- ырғақтық қимылдар:

Балалар марш ырғағымен аяқтарын нық басып топқа кіреді, шеңбер бойымен дөңгелене тұрады. Музыкалық сәлемдесу.

-Сәлем, сәлем балалар!

Сәлеметсізбе.

-Қалдарыңыз қалай?

Өте керемет.

-Сабаққа кірісейік,

Ия,ия,ия.

-Жақсылап ән жаттайық.

Ия,ия,ия,ия,ия.

Бірге билейміз, әнді де айтамыз.

Қанекей бәріміз, бірге қайталаймыз.

Жақсы рахмет.

Балалар шеңберді айнала жайғасып отырамыз.

Негізгі бөлім

-Балалар, мен жұмбақ жасырайын, ал сендер шешуін табыңдар.

Онда анам-әкем тұрады,

Ата-әже, бауырым.

Бәрі бірге қосылып,

Бір ұғымды құрады.

- Ия балалар, бұл жұмбақтың шешуі отбасы екен.
- Олай болса, «Қолшатыр» ойыны арқылы отбасы мүшелерін атаймыз.

Музыка жетекшісі қолына қолшатырды алып, ортаға 6 баланы шақырады, қолшатырды айналдырғанда, балалар жақындап келіп, қолшатырда ілулі тұрған суреттерді алады.
-Балалар, кімдердің суретін көріп тұрсыңдар?

-Балалардың жауабы: Ата, әже, әке, ана, әпке, аға.

-Дұрыс айтасыңдар, өте жақсы.

(балаларды орындарына жайғастырып отырғызады.)

Бізге ең жақын, ең қымбат жандар ол отбасы мүшелері екен. Олар бір-бірін жақсы көреді, сыйлайды және бір-біріне қамқор болады.

Ән тыңдау: «Бармақтар отбасы».

Балалар бейне жазбаға назар аударып, әнді мұқият тыңдайды, әңгімелейді.

-Жақсы балалар.

Ал енді, жаңа ән үйренеміз. Ән айтпас бұрын алдымен не істейміз?

-Дауысымызды жаттықтырамыз.

Дауыс жаттығуы:

-Олай болса, мына текшедегі қосарлы дыбыстарды, менімен бірге қайталап, кейін әуенге қосылып, даусымызды жаттықтыратын боламыз.

Жаттығуды орындағанда орнымыздан тұрып денемізді тік ұстап, терең тыныс алып, дауысты еркін шығарып, таза айтамыз.

- Өте тамаша.

Ән үйрену: «Ата-ананы тыңдаймыз» Б.Бейсенова

Әнді балаларға тыңдатып, мәтінін мнемокесте арқылы жаттату және әуенге қосып сөздерін таза, анық айтқызу.

«Отбасы мүшелерін тап» ойыны.

Мақсаты: есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

Шарты: Жетекші балаларға отбасы мүшелері бейнеленген үлестірмелі карточкалар таратады. Балалар музыканы мұқият тыңдай отырып, сәйкес карточканы көтеру қажет. Мысалы: ата туралы ән орындалса, атаның суреті бейнеленген карточканы көрсетеді.

Балалардың музыкалық аспаптарында ойнауы:

Ал енді балалар, музыкалық аспаптарды қолымызға алып, жаңадан үйренген Б.Бейсенованың «Ата-ананы тыңдаймыз» әнін, музыка ырғағымен ілесіп, әнді қайталаймыз.

Әдемі көңіл-күймен іс-әрекетімізді аяқтаймыз.

Қорытынды

Жетекші блум кубигі арқылы балаларға сұрақтар қояды, балалар өз ойларын еркін айтады.

-Балалар, бүгін біз қандай ән үйрендік?

-Ән кімдер туралы екен?

-Балалар жалпы отбасы деген ұғымды сендер қалай түсінесіңдер?

-Қандай шулы музыкалық аспаптарымен әнді қайталадық?
Өте тамаша! Жарайсыңдар!

Ұйымдастырылған іс-әрекетіне белсенді қатысқан балаларды мақтайды, мадақтайды.














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!