Мектеп:
ЖББ
Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп
Тақырып:
«Менің
отбасым»
Сабақ
№ 11
Мұғалiм:
Сукбаева З.Х.
Күні:
20.11.2018
Сыныбы:
1 «В»
Мақсаты:
оқушыға отбасы туралы түсінік беру, өз
жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету.
Сабақ
міндеттері:
отбасы
туралы, отбасындағы байланысы, үйіндегі
отбасы мүшелерінің міндеттері туралы
білімің кеңейту.
Ойлау
қабілетін, есте сақтау қабілетін,
зейінін дамыту.Ұсақ моторикасын дамыту.
Отбасы
мүшелерін сыйлауға, қол ұшын созығу,
бір біріне көмектесуге тәрбиелеу.
Материалдар:
үйшік, отбасы туралы суреттер, доп,
смайликтер, дайын суреттер.
Тақтада
отбасы суреттері ілініп тұрады.
Түрі:
ойын.
Әдісі:
Сурет салу, түсіндіру, сұрақ –жауап.
Өту
барысы.
1.
Ұйымдастыру.
Жаттығу
«Салемдесу ритуалы».
Оқушының
алдында үш түрлі смайлик қойылады, қай
смайлик өзінңі көңіл-күйніе ұқсайды
соны таңдайды.
Ойын
«Өз
отбасы мүшелерін ата».
Нұсқау:
Өз отбасы мүшелерін атап, неше адам
екенін сана. (Мысалы: менде әкем, анам,
апам бар.Барлығы 4 адам.))
-
Жарайсың,
Мирхан!
Ал
қазір біз бір отбасының үйіне қонаққа
барамыз.
2.
Ойын
«Киіз
үйде кім тұрады және бір біріне кім
болып келеді?»
Үстелдің
үстінде киіз үй тұрады отбасы
мүшелерімен. (атасы,
әжесі, әкесі, анасы,ұлы, қызы ).
Нұсқау:
Осы киіз үйде тұратын отбасы мүшелерін
ата. (Оқушы
отбасы мүшелерін атап, үйшіктің алдына
қойады).
Сосын,
оқушыға анасымен әкесіне бала, қыз кім
болып келетінің сұрайды.
Атасы
мен әжесіне кім болып келеді.
Баланың
суретін алып әкесінің, анасының, атасының,
әжесінің, қыздың суреттерін көрсетіп,
кім болып келетінің сұрайды.
Қыздың
суретін алып әкесінің, анасының, атасының,
әжесінің, қыздың суреттерін көрсетіп,
кім болып келетінің сұрайды.
3.
Ойын
«Сыйлық
сыйла».
-Мирхан,
біз қонаққа келгендіктен, әр отбасы
мүшелеріне сыйлық сыйлайық.
Нұсқау:
Мына сурет-сыйлақтарға қарап, кімге
қандай сыйлық беруге болатының айт.
(Мысалы,
анасына гүл сыйлаймыз; әжесіне тоқыма
жіптер; қызға әдемі шашқа тағатыңдар ;
атаға кітап; балаға доп, әкесіне балық
аулайтын заттар.)
Санамақ:
«Міне менің отбасым»
Бас
бармағым – атам,
Балалы
үйрек – әжем,
Ортан
терек – әкем,
Шылдыр
шүмек – анам,
Кішкене
бөбек – мен.
Міне
менің барлық отбасым.
4
. Доппен ойын
«Кім
неммен айналысады»
Нұсқау:
Қазір біз кім не істейтінің айтамыз.
-
Анамыз не істейді? (мысалы:тамақ пісіреді,
кір жуады, үйді жинайды)
-
Әкеміз не істейді?
-
Ата не істейді?
Әже
не істейді?
Бала
не істейді?
Қыз
не істейді?
Игра «Ретімен
орналастыр».
Тақтада
отбасы мүшелерінің суреттері ілініп
тұрады. (Бала бөпе, қыз бөпе, бала, қыз,
оқушы қыз, оқушы ұл, бойжеткен мен
бозбала, анасы мен әкесі, ата мен әже)
Нұсқау:
мына суреттерді жасымен орналастыр,
бірінші кім болды, кейін кім тұрады.
«Отбасы
бейнесі».
А4
формат қағазға алақан суреті салынған
парақ беріледі. Анасы мен баласы алақанын
акварельмен өзіне ұнайтын түске бояп,
алақанын қағазға басып, суретін қалдырады.
Үйіне барған соң әкесінің де алақанын
сол параққа басып салу тапсырылады.
Қорытынды.
Қоштасу
ритуалы. Оқушының қолынан алып, жылы
тілектер айту.