400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Мен және менің отбасым" баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшіге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жаңа Ертіс орта мектебі» КММ













БАЯНДАМА

ТАҚЫРЫБЫ: «Мен және менің отбасым»





















Тақырыбы: Мен және менің отбасым
Мақсаты:
1. Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру.
2. Халқымыздың тәлім - тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігін, өзіндік ұлттық құндылықтарымызды балалардың бойына дарыту.
3. Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қарым - қатынасты қалыптастыру.
Көрнекілігі: оқушылардың суреттері, отбасы туралы мақал - мәтелдер, шарлар.
Өткізу әдісі: сайыс түрінде
Тәрбие сағатының барысы:

І. Ұйымдастыру
Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар! «Адамға ең бірінші білім емес рухани тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамның қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» - деген ұлы ғұлама әл - Фараби.

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Мен және менің отбасым». Осы тәрбие сағаты барысында біз отбасы туралы, адамға ең қымбат, ең жақын адамдар туралы сөз қозғаймыз. Адамдар арасындағы мейірімділік, сүйіспеншілік жайында айтамыз. Ал осы адамға деген сүйіспеншілік, мейірімділік мен қайырымдылық қайдан басталады?

ІІ. Бүгін бізде қонақта ата - аналар отыр. Біз топпен жұмыс істейміз.
1 - топ: «Шаңырақ» тобы
2 - топ: «Қуаныш» тобы
Осы екі топтың бағасын беретін әділ қазылар алқасын сайлайық.

ІІІ. Сайыс
1. Кім жылдам?(Жұмбақ жасыру)
Маған да, саған да,
Жақын туыс - бес адам.
Үш әріптен тұратын
Оңға оқы, солға оқы.
Өзгермейді еш одан
Бәрі де өз жұратың,
Айтады, қане, кім атын? (апа, ата, ана, іні, аға)

Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің
Білер оны сұраған. Ол кім? ( Атаң)
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған;
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған. (ана)

Атаңның баласы
Кей кезде таласып,
Қаласың әжеге
Білгенің асады кәдеге?
Ол кім? (Әкең)

2. Мақалды тез жалғастыр (мақалдың жалғасын табу).
Отбасы -...
Отан -...
Әке -...
Аға -...
Іні -...
Ана -...

3. «Ана» ана туралы өлең шығару.
4. Ана туралы оқушылардың тақпақтары
5. Отбасы дәстүрлері.(Әр топ өз отбасы дәстүрлерін көрсетеді).
6. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Олай болса қазір
« Аялы алақан» ойынын ойнаймыз.
7. «Менің отбасым» суретке қарап өз балаларының салған суретін табу.
8. «Мейірім» (жылы сөздер айтқызу).
9. Бағалау

ІҮ. Қорытынды. «Тілек шамы». Міне, қоштасатын да сәт жетті. Отбасы – ұшқан ұя, жылылықтың, жылулықтың мекені. Отбасы атауының мәніне тереңірек үңілер болсақ, от деген сөздің үлкен маңызы, мәні бар екенін сеземіз. Сондықтан да оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін мына бір «Тілек шамын» бір - бірімізге жақсы тілек айта отырып ұсынайық.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
27 қаңтар
2077
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі