400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Мен және менің отбасым" тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
педагогтарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мен және менің отбасым» тәрбие сағаты
Мақсаты:
1. Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру.
2. Халқымыздың тәлім - тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігін, өзіндік ұлттық құндылықтарымызды балалардың бойына дарыту.
3. Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қарым - қатынасты қалыптастыру.
Көрнекілігі: оқушылардың суреттері, отбасы туралы мақал - мәтелдер, шарлар.
Өткізу әдісі: сайыс түрінде
Тәрбие сағатының барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар! «Адамға ең бірінші білім емес рухани тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамның қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» - деген ұлы ғұлама әл - Фараби.

Психологиялық ахуал туғызу:

Қане, қане, тұрайық,

              Үлкен шеңбер құрайық.

              Тұрсақ үлкен шеңберге,

              Алақанға ұрайық



Топқа бөлу:
«Топтастыру әдісі»
Кім жылдам? мақал шешу.

Кәне балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көріңдер!

Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің
Білер оны сұраған. Ол кім? ( Атаң)

Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған;
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған. (ана)

Атаңның баласы
Кей кезде таласып,
Қаласың әжеге
Білгенің асады кәдеге?
Ол кім? (Әкең)


Маған да, саған да,
Жақын туыс - бес адам.
Үш әріптен тұратын
Оңға оқы, солға оқы.
Өзгермейді еш одан
Бәрі де өз жұратың,
Айтады, қане, кім атын? (апа, ата, ана, іні, аға)

Маған да, саған да,

Жақын, туыс адамдар.

Бәрі де өз жұртың,

Айтыңдаршы олар кім?(отбасы)

-Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бізге ең қымбат жандар отбасында тұрады. Ата, әже,әке, ана, аға, әпке, сіңлі, қарындас-отбасы болып есептелетінін сендер білесіңдер! Олар бір-бірін жақсы көреді, сыйлайды және қамқорлық жасап жүреді.Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Мен және менің отбасым». Осы тәрбие сағаты барысында біз отбасы туралы, адамға ең қымбат, ең жақын адамдар туралы сөз қозғаймыз. Адамдар арасындағы мейірімділік, сүйіспеншілік жайында айтамыз.
Гүл теруге шығайық!
(Әуен ойналып тұрады, арнайы дайындалған гүлдер алқабына бару) Барлық ата - аналар орындарынан тұрып, гүл теруге шығады. Бір - бір гүлден алады. Сол гүлдерде сұрақтар жасырылған. Осы сұрақтар көлемінде пікірталас өрбиді.

Сұрақтар:
1. Сіздің бойыңызда, сіздің ойыңызша қандай жақсы қасиеттер бар?
2. Егер сіздікі дұрыс болмасада балаңыздан кешірім сұрай аласыз ба?
3. Баланың бойына жақсы қасиеттер қалыптастыру жолын айтыңыз?
4. Шыдамды деген не? Шыдамдылық қасиетін қалыптастыруда сіз қандай роль атқарасыз?
5. «Өнегелі отбасы» дегенді қалай түсінесіз? т.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
21 ұстаз жүктеп алған
17 маусым
7985
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі