жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мен және менің отбасымдағы математика , 5 "А" сынып
№34 ЖББОМ
Мен және менің отбасымдағы математика
Жоба авторы: Сыздыкова Альбина
Сыныбы: 5
Бағыты: Жаратылыстану-Математика
Секциясы: математика
Жетекшісі: математика пәнінің мұғалімі Пирназарова Апиза Байжигитова
Қарағанды қаласы
Мазмұны:
І.Кіріспе ------------------------------------------------------------------------1-6
ІІ.Негізгі бөлім ------------------------------------------------------------------7
2.1. Математиканың шығу тарихы ---------------------------------------8-10
2.2. Математиканың отбасындағы рөлі -----------------------------11-13
2.4. Математика асханада ------------------------------------------------------15
2.5. Математика тігін саласында -------------------------------------------16
2.6.Математика құрылыс саласында -------------------------------------17
2.7. Математика бизнесте(саудада) ------------------------------------------18
ІІІ.Қорытынды -----------------------------------------------------------------19-20
Пайдаланылған әдебиеттер -------------------------------------------------21
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Математиканың менің отбасымдағы маңызын анықтау, яғни өмірдің өзі математикасыз, есепсіз болмайтыны туралы, оны қалай оқып білу керектігі мен математиканың отбасыма қаншалықты қажет екенін дәлелдейтін мәліметтер іздестіру, математиканы отбасында қолдана білуге үйрету, математиканың басқа салалардағы орны ерекше. Математикасыз өмір сүру мүмкін емес. Уақытты алтынға балап, әр сағатын санап жүретін адам, математика амалдарына ұшыраспай қоймайды. Сағатпен еңбек етеміз, уақытпен демаламыз, тамақты өлшеп пісіреміз, есептеп сауда жасаймыз. Математика ғылымының отбасындағы маңызды орнын анықтап, күрделі және өте қызық пән екендігін зерттеу.
Міндеттері:
- математиканың шығу тарихы
- математиканың отбасындағы рөлі
- оқушылардың математикалық сауаттылықтарын арттыру.
Зерттеу болжамы: егер математика күнделікті өмірде ешкімге қажет емес ғылым болса, онда қарапайым адамға оның заңдылықтарын білу міндетті емес деп болжаймын.
Зерттеу әдістері: іздену, анықтау,сұхбаттасу, қорытындылау, тұжырымдау.
Жұмыстың өзектілігі: математиканы оқып – үйрену есеп шығаруды үйрену үшін ғана емес, кез – келген проблеманы шеше білу, басқа салалар бойынша математиканың алар орны ерекше екендігін ұғыну. Математиканың отбасында, яғни тұрмыста және түрлі салаларда аса қажеттілігін дәлелдеу. Қазіргі оқушылар математиканы тек мектеп бағдарламасы бойынша білім алады, ал, математиканы тереңдетіп оқуға қызығушылығы төмендеп барады. Сондықтан да, сол қызығушылықты оятып және дамыту үшін «Мен және менің отбасымдағы математика» атты ғылыми жобаны бастап отырмын. Отбасылық бюджетті жоспарлауды үйреніп, қаржылық сауаттылық деңгейімді арттыру.
І. Кіріспе
«Математика – барлық дәл ғылымдар сөйлейтін тіл» Н.Лобачевский
Математика пәнінен ғылыми жұмыс жазу тапсырылғаннан кейін, тақырып таңдау барысында өзекті мәселені анықтап, математиканың бүгінгі өмірде алатын орнын көрсеткім келді. Себебі, математика ғылымы өмірмен тығыз байланысты. Қайда болмасын сандармен кездесеміз. Мысалы: сабақ кестесінде, асханада, дүкенде, аялдамада…., барлық жерде деуге болады. Математиканың өмірде орасан зор орын алатыны сондай, тіпті оны оқып-білу бізге соншалықты қиын, әрі қол жетпестей болып көрінеді, бірақ математиканы тереңдете оқыған ол бізге жақындай беретінін және оның әрі қызықты, әрі жұмбағы мол әлем екенін байқаймыз. Сондықтан да мен «Мен және менің отбасымдағы математика» тақырыбын таңдадым. Математика пәнінен ғылыми жұмысты таңдағаннан кейін ең бірінші «Математиканың біздің отбасымда алатын орны қандай?» деген сұрақ туындап, сол арқылы зерттеу жұмысымды бастадым.
Математиканың бастапқы мағлұматтары барлық халықтарда болған. Календарь жасау, құрылыс, жер суару, жер және әр түрлі ыдыс көлемін өлшеу, теңізде жүзу, жан жақты байланыс жасау ісі математикалық білім-дағдылардың дамуын талап етті, оның бастапқы қарапайым ережелері дәлелдеусіз қалыптаса бастады. Бір белгісізі бар теңдеулер, сондай-ақ қарапайым арифметикалық жәнегеометриялық прогрессияларға келтірілетін есептер шығару тәжірибесі кездеседі.
Египеттіктер төртбұрыштың, трапецияның, үшбұрыштың ауданын, параллепипед пен табаны квадрат пирамиданың көлемін дәл есептей білген, дөңгелек ауданын жуықтап тапқан. Математикалық анализ бен математикалық физика дамуының геометрия мен алгебрадағы жаңа идеялармен түйіндесуі нәтижесінде математика мен оның қолдануында ерекше маңыздықызмет атқарып отырған математиканың үлкен бір жаңасаласы- функционалдық анализ жасалды. Статистикалық физика мен әр түрлі мәселелерді зерттеуге статистикалық әдістерді кең қолдану әрекеті ықтималдықтар теориясының алдына көптеген жаңа міндеттер қойды. Осы негізде бұл теория 19-20 ғасырларда күшті қарқынмен дамытылды. 19-20 ғасырлар бойы математиканың көне салаларыда жаңа идеялармен,нәтижелермен толығып, дамып отырды. Көп еңбек тілейтін есептеуді қажет ететін мәселелерді шешуді жеңілдету, жеделдету ісі әуелі механика-математикалық машиналар мен аспаптарды, ал 20 ғасырдың 40 жылдарынан бастап тез әрекетті электрондық есептеуіш машиналарды талап етті. Есептеу техникасының кең қолданылуына байланысты программалау теориясы пайда болды. Математиканың осылай қауырт дамуына жаратылыс тану ғылымдары мен техниканың математика алдына қойып отырғанталаптары түрткі болды.
Мысалы: Математикадағы екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін инженер электрик тізбектегі актив кедергісі бар токтың теңдеуі деп ұғады.Инженер құрылысшы бұл теңдеуді қандай да бір конструкцияның күші мен деформациясын байланыстыратын теңдеу деп ұғады.Ал инженер механик рычагтың теңдігінің шарты деп айтар еді.Компьютердің жыл сайын жаңа түрлері ойлап табылуда немесе өзі жүретінмашина, роботтар неге тек Жапониядан бастау алады. Неге ол біздің Қазақстаннан жасалып, шығарылмайды.Ал оны шығаратын болашақтағы маман – біздер. Сондықтан экономикамыз қарыштап дамысын десек, Қазақстанымыз гүлденсін десек, жаңа технологияны дамыту үшін, өнертапқыштыққа жету үшін математикалық терең білім қажетті.Өмірде математиканы терең білмей орнын тауып жүрген адамдар көп. Әйтсе де математиканы жақсы білген адам көп болса, нұр үстіне нұр болар еді, яғни Қазақстанның болашағы нұрлы, жоспарлы жан-жақты білімді болар еді.
ІІ.Негізгі бөлім.
Тақырыпты таңдау себебім:
Жер шарында қанша қызық пән және оның ғалымдары бар, сонның ішінен таңдап алған пән бұл математика пәні. Бұл пән ерте ғасырдан келе жатқан пән және оның қаншама атақты ғалымдары бар.
Еліміздің ертеңі білімді азамттың қолында екені өздеріңізге белгілі. Бүгінгі білімді шәкірт ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын азамат. Сол азамат бойында тапқырықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады. Математика нақты ғылым болғандықтан ол барлық ғылымдармен байланысты. Сондықтан "математика біздің өмірімізге қалай әсер етеді?", «математиканың отбасымда қандай маңызды орны бар?» деген сұрақ туындап, сол арқылы зерттеу жұмысын бастадым. Яғни өмірдің өзі математикасыз, есепсіз болмайтыны туралы, оны қалай оқып білу керектігі, оқушылардың қызығушылығын қалай арттыруға болатындылығы жайлы мәліметтер жинадым.Оқушыларға математиканың адам өміріне қаншалықты қажет екенін түсіндіру үшін көп жұмыс жасадым.
2.1.Математиканың шығу тарихы
Математика грек тілінен қазақшаға аударғанда «білім, ғылым» деген мағынаны білдіреді. Ғылым тарауларын гректер «математ» деп атаған, осыдан математика деген термин қалыптасқан.1564-1642 жылы өмір сүрген Г.Галилей «Әлем математика тілімен бейнеленген» деген тұжырымды ойын айтқан.Ал қазақ математигі Орынбек Жәутіков атамыз «Сан- математика ғылымының іргетасы» деп айтқандай бізді жан-жақтан сандар қоршайды, олар бізге барлық жерде қажет.
Математиканың шығу тегі және даму барысы ұзақ мерзімге созылды. Арифметиканың өзі дербес ғылым ретінде бірітіндеп қалыптасқанымен, оның негізгі сан ұғымы өте ертеде, тарихқа дейінгі заманда,санау қажеттілігі туған кезде пайда болған.
2.2. Математиканың отбасындағы рөлі
Менің отбасым жан-жақты, бір-біріне қамқор және күнделікті әрекетімізді жоспарлап, ой бөлісіп отырамыз. Соның бірі –отбасы бюджеті. Отбасы бюджеті − отбасы кірісі мен шығысын есептей отырып жасалған қаржылық жоспар. Әкем мен анам кіріс пен шығысты есептеп, үнемі жоспар құрып отырады. Мысалы, маған қажеттіліктеріме: асханаға, дүкенге және оқу-құралдарына деп арнайы қаржыны бөліп береді. Қаржы жоспарын дұрыс құру мен нақты орындау отбасы мүшелеріне тікелей қатысты. Сондықтан, берген ақшаны үнемдеп, тек қажетті заттарға жұмсаған жөн.
«Математика барлық ғылымдар патшасы» деп Гаусс айтқандай математиканы да адамды сүйгендей сүйіп, адамды түсінгендей түсінген абзал. Бұл ғылым өте терең біліктер мен үлкен ізденушілікті талап етеді. Бірақ бұл ғылым өзінің қызығушылығымен қызықтыра түсетін жұмбақ тәрізді. Математика- барлық ғылымдардың логикалық негізі, демек, математика – оқушының дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады, оны шыңдай түседі және әлемде болып жатқан жаңалықтарды дұрыс қабылдауға көмек береді. Математика пәнін оқи отырып, оқушылар өздерінің теориялық білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға болады.
Математика отбасында не үшін қажет?
Бала жаңа ғана дүниеге келді, оның өмірінде қазірдің өзінде алғашқы сандар естіледі: бойы, салмағы.Сәби өсіп келеді, ол «математика» деген сөзді айта алмайды, бірақ ол өз ойыншықтарымен ойнай отырып кішігірім есептер шығара алады. Ал ата-аналары да өз міндеттерін орындауда математиканы ұмытпайды. Бала өскен сайын оған дұрыс күтім жасау үшін:уақытымен және мөлшерімен тамақтандыру, жуындыру үшін де математика керек.
Мектепке келгенде ақыл-ойымызды дамыту үшін математиканы оқимыз. Математика арқылы біздің ойлау қабілетіміз, логикамыз дамиды. Қарапайым есептеулер арқылы заңдылықтарды анықтап, шешімдер қабылдаймыз. Қойылған сұраққа немесе есепті шығаруға жылдам, сенімді және дұрыс жауап беруге дағдыланамыз.
Ал одан әрі жоғарғы оқу орнын оқу үшін және күнделікті өмірде: жұмыста, үйде кез-келген бір істі бастауда үнемі математиканы пайдаланатын боламыз. Математикадан сынақты қалай тапсыру керек? Жақсы пәтер алу үшін қанша ақша табу керек? Үй салсаңыз үйіңіздің көлемі қандай болады? Оны салу үшін қаншалықты құрылыс материалы керек болады? Оның бәрін есептеу үшін адамға математика көмекке келеді. Біздің заманымызда жаңа технологияны дамыту үшін, өнертапқыштыққа жету үшін математикалық терең білім қажетті.
Математиканың басқа ғылымдармен байланысын атап айта аламыз.
2.4.
Математика асханада
Анаммен асханада
әңгіме.
Мен осы ғылыми жұмысымның одан әрі өз анаммен әңгімеліп, сұхбаттастым. Ондағы мақсатым асханада математиканың қажеттілігі бар ма білу еді. Анамның айтуы бойынша математиканы білудің асханада үлкен маңызы бар екен. Кез — келген асты дайындау үшін, оған қолданылатын азық — түліктердің құрамы, мөлшері қатаң сақталуы қажет. Асты дайындау барысында азық — түліктерді өлшеу кезінде салмағы мен көлемін білу үшін математикалық шамалар қолданылады, сонымен қатар уақыт өлшемі де маңызды рөл атқарады.Анам бұндай есептерді күнделікті ас дайындау кезінде шешетінін айтты.
Асты дайындау үшін мөлшері бар. Қажетті тағамды өлшеу үшін көлем мен салмағын білу керек.Мысалы, бәліш дайындау үшін қажетті азық-түліктер: 4 жұмыртқа, 250 гр сүт, 200 құмшекер, 1 пакет қопсытқыш, 400гр ұн керек. Математиканың қажеттілігін күнделікті өмірден көріп жүрген жоқпыз ба?!Әр қадам сайын жатқан математика емес пе?…
2.5. Математика тігін саласында
Апаммен әңгіме
Киім тігуде ең қажеттісі, ол адамның өлшемін дұрыс есептеп алу. Ол үшін математиканы білуіміз керек. Сантиметрлік өлшеммен оның иығын, ұзынды- ғын, жеңінің ұзындығын, енін өлшейміз. Сосын фасонын таңдап, өлшеп алынған өлшемдер бойынша қиямыз. Математикалық есеп бойынша қайырғанда матадан қосымша қалдыру керек екенін ұмытпай бәрін дәптерге жазып отырамыз. Содан кейін барып тігуге кірісеміз. Дәл, нақты өлшенген матадан сәнді де, әдемі көйлек тігіледі. Жеті рет өлшеп, бір рет кес демекші , есеп дәлірек болғаны жөн. Өлшем бірліктерсіз тігін саласын да елестете алмаймыз, Себебі метр, сантиметр, миллиметр өлшем бірліктері қолданылады. Яғни метрді сантиметрге, сантиметрді-миллиметрге айналдыруды білгеніміз абзал.
2.6.
Математика
құрылыс саласында
Әкеммен сұхбат.
Құрылыс… Бұл
сөзді естігенде көз алдымызға әрине
кірпіш, цемент, құм, қиыршық тас, саз, әк
т.с.с. құрылыс материалдары елестейді.
Құрылыс
пен сәулет өнері адамның алғаш пайда
болуынан басталған көне кәсіп.
Ғасырлар ауысса да ол бізбен бірге дамып, жетілуде. Құрылыс саласының өзіне тән ережесі болады. Соған сәйкес әрбір құрылысшы кірпішті қалай қалау керек, оның нормасы қандай болады деген сияқты құрылыс технологиясын меңгеруі қажет. Сондай-ақ жобаны оқи білуі керек. Бір нысан мен екінші бір нысанның ерекшелігін білу, технологияны, адамды орнымен пайдалану, алған білімді тиімді жұмсай білу, дәл, нақты есептей білу керек. Яғни математикадағы масштабты жақсы түсініп, құрылыстың кейбір жұмыстарын жүргізу үшін сол бөлменің ауданын есептеу түсінікті екені сөзсіз. Яғни қанша бояу немесе әктас қажет екенін табу үшінде математикаға жүгінеміз.
Бөшкелерге су құю үшін, оның көлемін білу қажет. Онда математиканың саласы геометрияныда оқуымыз қажет екен, оны практикада қолдана білуіміз қажет.
Құрылыс саласы қазіргі таңда өте жақсы дамуда, сонымен қатар білікті, мықты мамандарға зәру. Өз қажеттілігін ешқашан жоймайтын, қызықты да қиынды математика ғылымын жақсы меңгеру керек.
2.7. Математика бизнесте(саудада) «Бастал» дүкені
Базарға барып сауда жасасақ немесе өмірге қажетті практикалық өлшеулер жүргізгенде математикалық өте терең білім қажет деп ойламаймын.
Математикалық терең білім математика бағытындағы мамандықты таңдаған адамға аса қажет және ол адам өз мамандығы бойынша өз саласын дамытады. Барлық адамның қабілеті бірдей емес. Сондықтан математикаға қабілеті бар адам ғана математикалық терең білім алып, ал математикаға қабілеті төмен адам күнделікті қажетті математикалық есептеулерді білсе жеткілікті. Бизнес-жоспар бұл сіз өз бизнесіңізбен жетуді қалайтын нәрсе мен өзіңіздің мақсаттарыңызға жету үшін қолда бар ресурстардың пайдаланылуын жоспарлайтын тәсілдің қағазға түсірілген моделі болып табылады. Дүкенде болсын, базарда да сауда жасау үшін арифметикалық амалдардың қай-қайсысы да қолданылады.
ІІІ. Қорытынды
Мен зерттеу жұмысының басында, егер математика күнделікті өмірде ешкімге қажет емес ғылым болса, онда қарапайым адамға оның заңдылықтарын білу міндетті емес деп болжағанмын. Бұл пікірім дұрыс емес болды.
Математика тарихына көз жүгірте отырып, оның ғалымдардың бос қиялының жемісі емес, тікелей өмірдің қажетілігінен туындаған ғылым екеніне. яғни, «Математика барлық ғылымдардың патшасы» (К.Гаусс) екендігіне көз жеткіздім.
«Алдыңғы жақсы, артықы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсысы» -деп заңғар жазушы М.Әуезов айтқандай, бүгінгі алған мәліметтеріңіз өмірде пайдаға асуы тиіс. Қиын да болса математика ғылымының биігіне шыққан даналарымыз, жерлес математиктеріміз сияқты алдарыңа үлкен мақсат қойып, бар қиындықтан мойымай нәтижеге жете білуіңіз қажет. Дәл солардай дана академик болмағанмен, Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бағып» қоғамға пайдалы азамат болу парызыңыз.
Мен зерттеу жұмысының басында , егер математика күнделікті отбасында қажет емес ғылым болса, онда қарапайым адамға оның заңдылықтарын білу міндетті емес деп болжағанмын. Бұл пікірім дұрыс емес болды.
Математика тарихына көз жүгірте отырып, оның ғалымдардың бос қиялының жемісі емес, тікелей өмірдің қажетілігінен туындаған ғылым екеніне көз жеткізе аламыз.
Сандар арқылы адамның ой-санасының қалыптаса бастаған кезеңін , өмірге , қоршаған ортаға , өзіне деген көзқарасын байқаймыз. Сандар арқылы адамның қабілеті,ой- өрісі көрінеді.
Математиканы оқып – үйрену есеп шығаруды үйрену үшін ғана емес, кез – келген проблеманы шеше білу, өз қабілетіңізді жетілдіре алу үшін қажет. Сондықтан, «Мен ақша санаймын, өз кірісім мен шығысымды есептей білемін, одан өзге математиканың маған қажеті шамалы» деуге болмайды. Егер олай десеңіз, адам өмірінің мәнін түсінбегеніңізді көрсетесіз, өмір деп отырғаныңыз шын мағынасында өмір емес, жай ғана тіршілік болады. Біз тек сол үшін жаратылмағанбыз, бізге ақыл – сана сол үшін берілмеген. Біз өз өмірімізді мағыналы қылып, барлық жетістіктерге жету үшін табиғатты, бүкіл білімді пайдалана білуіміз керек.
Зерттеу барысында әдебиеттерді оқып, ізденіп және мамандық иелерімен кездесіп тәжірибе жұмысын жүргізу арқылы, өткізген сауалнаманың қорытындысына қарап «Математика — біздің өмірізде маңызды орын алады» -деп тұжырымдадым.
«Ғылым математиканы пайдалану арқылы жетіледі» - дей келе, менің сыныптастарым мен достарым өздері дұрыс қорытынды шығарып, өмірдің өзі математикасыз, есепсіз болмайтынын, математика пәні қандай қиын болса да, ол пәнге деген көзқарастарын өзгертер деп үміттенемін. Қазақстанның болашағы нұрлы, жоспарлы жан-жақты білімді болар еді деген сенімдемін. Математиканы еш уақытта күнделікті өмірде, отбасымда бөліп алып тастай алмайтынымызға көз жеткіздік.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. С. Х. Сираждинов, Г.П. Матвиевская. Ал- Хорезми- выдающийся математик и астроном средневековья. Москва. «Просвещение», 1983.
2. Г.И. Глейзер. История математики в школе. IX-X классы. Москва. «Просвещение» 1983.
3. Б.В.Гнеденко. Математика в современном мире. Москва. «Просвещение» 1980.
4. Қырық қазына.Ә.Доспамбетов-Алматы 1997
5. «Математика және физика» журналдары 2009- 2016ж.
6. Интернет материалдары.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген