400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен және менің құқығым

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

5- сыныптарға арналған танымдық ойын-сайыс


«Азаматтану» үйірмесіне қатысушылар арасынан 5 оқушы қатысады

Тақырыбы: Мен және менің құқығым

Мақсаты: Оқушылардың адам құқығы,оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін өзгенің құқығын бұзбауға үйрету,құқықтық тәрбие беру

Көрнекілігі: Заң,құқық туралы нақыл сөздер, ҚР Конституциясы бейнеролик

1 - жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар. Бүгінгі «Мен және менің құқығым» танымдық ойын- сайысымызға қош келдіңіздер!

Еліне арналатын тілегі шын,

Ей,ұлым - Отанымның түлегісің!

Іргесін туған елдің тіреп тұрған

Қадірін Ата Заңның білемісің ?! Ендеше бүгінгі танымдық ойын- сайысымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейін.


Сайысымыз бес бөлімнен тұрады:

I.«Өзін-өзі жарнамалау» топтық таныстырылым

(Әр топ өз топтарын таныстырып өтеді)

II.Жобалау техникасы «Теңдікке апарар жол»

(Менің құқығым бар,менің құқығым жоқ) деген мәтінде өткізіледі

III. «Актерлер мен кинорежиссерлер» рөлдік ойын

(Ұстазсыз мектеп, оқушы көзімен ) сахналық көрсетілім

IV. Артық болмас білгенің.....

(Өлкетану,тарих пәндерінен сұрақтар )

Әр топқа бес сұрақтан қойылады

V.Өнерім де құқығым....

Әр топ өз өнерлерін ортаға салады

Жүргізуші: Олай болса, сайысқа түсетін үш топты ортаға шақырайық

Сахнаға 5 «А» сынып оқушыларынан құралған «Әдеп»тобын шақырамыз

Келесі алдарыңызға шығатын 5 «Ә» сынып оқушыларынан құралған «Оқжетпес» тобы

Алдарыңызда 5 «Б» сынып оқушыларынан құралған «Жас қыран » тобы

Жүргізуші: Әділқазылар алқасы сіздерге өтініш , әр топты бөлім бойынша бағалап отырсаңыздар сайыс соңында жеңімпазды анықтауға

Жүргізуші қатысушылар

Мақсатымыз – білім алу

Міндетіміз - еңбектену

Әр оқушы - өз құқығын білу

Оны өмірде - пайдалану

Жүргізуші - Сәттілік! Сайысымызды бастайық.

I.бөлім.

Сахнада «Әдеп» тобы

Әр топ өздерін таныстырады

II.бөлім сұрақтары

Сахнада «Әдеп» тобы

Санада «Оқжетпес» тобы

Сахнада «Жас қыран» тобы

«Менің құқығым бар» деген сөзден не ұғасыңдар?

1.Не істеуге болмайды? «Әдеп» тобына

- Дөрекі,былапыт сөздерді...

- Кешігу......

- Ұрлық....

- Үлкеннің сөзін.....

- Сабақтан......

2.«Не істеуге болмайды?» «Оқжетпес» тобына

  • Үлкендердің алдынан кесіп...........

  • Кішкене баланы.......

  • Қыз баланы......

  • Ұстаздың.....

  • Сыныпта....

1.« Не істеу керек?» «Жас қыран» тобына

  • Үлкенді.....

  • Сабақта....

  • Үлкендер мен кішілерге бірінші.....

  • Оқу құралдарын, мектеп мүлкін....

  • - Мойынтақты......

Ән « »Әминаның орындауында

III.бөлім. «Актерлер мен кинорежиссерлар» рөлдік ойыны

( Ұстазсыз мектеп оқушы көзімен )

IV. бөлім. Артық болмас білгенің....танымдық сұрақтарға кезек берейік

Сахнада «Әдеп» тобы

Санада «Оқжетпес» тобы

Сахнада «Жас қыран» тобы

Жүргізуші: «Әдеп » тобына

  1. I-топ Балаларды қорғау күні қай күн?

  2. Рухани жаңғыру басымдықтарын атаңдар

  3. Сабақта бағалау түрлерін атап түсіндіріңдер

  4. Қазақтың бес арысын ата

  5. Елтаңбаның авторларын ата



Жүргізуші: «Оқжетпес » тобына

II- топ

  1. Рухани жаңғыру деген не?

  2. Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты кітабында не айтылады?

  3. Конституция қашан қабылданды?

  4. ҚР-ның рәміздерін ,тудың авторларын атаңдар

  5. Елбасы дүниеге келген жер

Жүргізуші: «Жас қыран » тобына

III –топ

  1. Алғашқы және соңғы қазақ хандарын атаңдар

  2. Әнұранның авторы кім?

  3. Үш бәйтеректі ата?

  4. Тәуелсіздік алған жыл?

  5. Жеті атаңды атаңды білесің бе?



V.бөлім « Өнерім де құқығым»

Әр топ өз өнерлерін ортаға салады

Бірінші болып «Әдеп» тобы ортаға шығады

Келесі «Оқжетпес» тобы

«Жас қыран» тобын қарсы алыңыздар

Бүгінгі сайысымыз мәресіне жетті деп ойлаймын.Енді қорытынды сөзді әр топқа бөлімдер бойынша сын пікірлерін айту үшін әділқазы алқаларына беремін.

Үш топты ортаға шақырайық

  1. «Әдеп» тобы

  2. «Оқжетпес» тобы

  3. «Жас қыран» тобы

Сайыс болған соң жеңіске жету бар, жеңілу бар! Сондықтан да достарым негізгі жеңіс сайысқа қатысу деп қабылдайық!

«Қорытынды»

Жеңімпаздар марапатталады.

Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар:ең әуелі-ниет керек,одан соң-күш керек,одан соң-тәртіп керек. Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан. Сен ел үшін керексің, өйткені сен-тәуелсіз еліміздің болашағысың.

Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет. Қош сау болыңыздар!



 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.02.2019
808
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі