«Мен және менің құқығым»
(ашық тәрбиелік сағаты)
«Балдырған» ересек тобы
тәрбиешісі :Косанова Г.С.
Қаңтар - 2017ж.
Тақырыбы: «Мен және менің құқығым»
Мақсаты: Балалардың құқықтық білімдерін жетілдіру.Құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру; ой-өрісін дамыту.Есте сақтау қабілетін жетілдіріп, балаларды құқықтық, патриоттық, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер,слайд.
Жылулық шеңбері
Кел, балалар, күлейік
Көңілді болып жүрейік
Күлкі көңіл ашады
Күліп өмір сүрейік!
- Бүгін бізде ерекше тақырып балалардың құқығына және міндеттеріне арналады.
Іс-әрекетімізді бастамай тұрып мынадай бірнеше сұрақтарға жауап берейік.
-Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
-Біздің елде тұратын адамдарды қалай атайды?
Қазақстан – өте бай,әдемі ,көп ұлтты, ірі мемлекеттердің бірі.
-Қазақстанның астанасы қай қалада орналасқан?
Мемлекетіміздің ең басты байлығы – оның халқы. Қоғамның басты байлығы – адам. Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет.Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді.Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы,олардың өміріне,денсаулығына,ар-намысына қол сұқпауы керек.
Мадина А:
Шалдықпадым талмадым
Арманды алға жалғадым
Конституция қорғаным
Атасы ол бар заңның
С.Әділ:
Ғұрпымыз бар ел сенген
Дәстүрлері –ең ізгі
Әділдікпен өлшенген
Заңымыз бар негізгі
Д.Мадина:
Бас иетін бар адам
Әрбір сөзі салмақты
Қорғар бәле –жаладан
Ата Заң бұл ардақты
Сахналау. «Құқық» деген
не?
- Әже, мен жаңа радио
тыңдап отырған кезімде бір қызықты сөз естідім,- дейді Айша
күліп. - Сол сөз есіңде
ме?
- Есімде, бірақ айтайын
десем, тілім келмейді. «Ұқық, құқық» па, әйтеуір осы сөзге ұқсайтын
сөз. Бұл не деген сөз? Әже ол зат па, не
өзі?
- Айналайын Айша, ол
зат емес. «Құқық» сөзі әр адамның өз басының еркі бар деген
мағынада қолданылады.
- Менің де құқығым бар
ма?
- Бар. Мынау сенің
жақсы көретін ойыншығың, оны саған кім
сыйлады?
- Ағатайым
сыйлады.
- Бұл сенің
ойыншығың. Мен оны біреуге сыйлауға құқым жоқ.
Неге?
- Ол менің қуыршағым.
Мен оны ешкімге сыйламаймын.
- Дұрыс. Оған сенің құқың бар. Адамның құқығы
мен қатар міндеті болады. Оның бәрі «Құқықтану елінің» кітабында
жазылған.
Тәрбиеші:Адам түрлі жағдайда өмір сүреді:отбасында,жұмыста,мектепте,көпшілік жерде. Не үшін құқықтары бар және жоқ?Адамдар бұл сұрақтар жауаптарын іздеуге бел буды. Келісімді және бейбітшілік өмір сүру үшін «Адам құқықтарының жалпы Декларациясы» атты кітабы пайда болды .Бұл кітапта не істеуге болады,нені болмайды барлығы жазылған. Бұл кітапты үлкендер өздеріне арнап жазған. Ал балаларға қамқорлық жасай отырып, бақытты өмір сүру үшін керемет кітапты
«Бала құқықтары туралы Конвенцияны» жазып шығарды. Бұл кітапты қарадық, өзімізше кітап жасадық. Сонымен бүгін осы кітаптағы құқықтарымыз жайында сөз қозғаймыз. Бұл кітап туралы Нұрасыл айтып береді.
Нұрасыл : Жай ғана бұл кітап емес,
Не керек, не керек емес .
Ашқанда ғана көрерсің
Мазмұнын сонда білерсің .
Күтпеген сәт: мыстан келеді де кітапты алып кетеді.
–Сендерге құқық туралы әлі ерте.Бұл кітапты мен оқимын. (Шығып кетеді).
Тәрбиеші:-Мыстанның соңынан барамыз.Мыстан алыс орманда тұрады.Қане оған жол жүріп барайық.
Тәрбиеші:-Міне,балалар Мыстан кемпірдің үйшігіне де жеттік. Есік қағып:-Мыстан кемпір біздің кітабымызды беріңізші.
Мыстан:-Ой-ой қандай ақылдысыңдар,қане бірінші номерлі маған кел.
Тәрбиеші:-Мыстан кемпір балалармен қалай сөйлесесіз.Олардың өз есімдері бар. Мыстан:Оларға есім неге керек.Бәрі бірдей емеспе.
Тәрбиеші:Олар дүниеге келгенде өз есімдері бар.Еркелетіп қойған аты да бар.
Ойын «Есімін ата»
Ойын шарты:Балалар өз есімдеріңді атап,мамаларың қалай еркелететінін айтады.
Мыстан:Жарайды әркім дүниеге келгенде өз аттарын алуға құқылы екен.
Тәрбиеші:- Әркім дүниеге келгенде өз аттарын алуға құқылы екенін растайтын куәліктері де бар.
"Туу туралы куәлікті көрсетіп түсіндіру"
- Мыстан біз басқа да құқық туралы білу үшін кітабымызды берші.
Мыстан –Жоқ,бермеймін.
Тәрбиеші:-Онда балалар суреттер арқылы тауып құқық туралы айтады.
Ойын:"Ертегі оқып құқығымызды үйренейік"
-Мынау қандай ертегі?
«Қоянның үйшігі» Бұнда қандай құқықты айтуға болады.Әркім баспаналы болуға.
«Дәрігер Айболит».-ертегісі.Мұнда қандай құқықты көреміз?Тегін емделуге.
«Жеті Лақ»бұнда қандай құқықты оқимыз?Ата-анасымен тұруға құқылы.Мұнда кім бұзды құқықты –Қасқыр.
«Аққу-қаздар»бұл ертегіде ата-анасы қамқорлығынсыз қалған балаға зорлық көрсету. «Қызыл телпек»ертегісінде қандай құқық бұзылды? Өмір сүру құқығы.Құқықты кім бұзды?Қасқыр.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар құқықтың бәрін біледі екенсіңдер.
-Балалар біз және де еркін ойнауға құқылымыз. Ендеше, Мыстанның сыпырғышымен ойнасақ қайтеді.
Ойын:«Сыпырғыш»
Шарты:Балалар сыпырғышпен жарысып ойнайды. Мыстан:-Ой,Ой тоқтаңдар сіздер неге менің сыпырғышымды сұраусыз алсыздар.Біреудің затын рұқсатсыз алуға құқыларың жоқ.
Тәрбиеші:-Мыстан кешіріңізші.Сыпырғышыңды рұқсатсыз алып қойдық. Мыстан, бұны қайдан білдің? Мыстан :Кітаптан оқыдым.
Тәрбиеші:-Ендеше,кітабымды беріңізші.
Мыстан:-Жарайды кітаптың не туралы екенін бәрін сіздер айтып бердіңдер.Менде сіздердің кітаптарыңды рұқсатсыз алдым.
Тәрбиеші:-Балалар біздер балабақшаға оралатын кез келген сияқты.
Мыстан:-Сыпырғышыммен апарып тастайын. Мыстанның артына ілесіп жүреді. Мыстан қоштасады.-Рахмет балалар мен өз үйіме барайын.
Тәрбиеші:Міне балалар біз кітабымызды қайтардық.Енді кітаптың іші не туралы екен.
Балалар:-«Бала құқығы»
Слайд : «Біз неге құқылымыз?»
Әр бала өз ата-тегін алуға құқығы бар.
Ата-аналарымен бірге өмір сүруге
әркімнің өмір сүруге құқығы
ба
Тегін ауруханада емделуге
Балабақшаға келуге
Тегін білім алуға
Демалуға
Еркін ойнауға
Еркін өз ойын толық жеткізуге
Өз тілінде сөйлеуге
Нұрислам: 75-бап: Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
Шыр етіп жерге түскенде
Жұтқаным ауа,таза леп
Жер -Ана сенің қойныңда
Өмір сүремін керемет
Батыржан:13-бап: Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар.
Әділ заң еңбек желісін
Бағалар ерлер жеңісін
Адамның еркін айқындап
Қызмет етер ел үшін.
Бимағанбет: 5-бап: Басқаны қинауға ,оған қатал қарауға,кемсітуге және ренжітуге
ешкімнің құқығы жоқ.
Ата Заңым,
Шындығымның шырайы
Бақытымның күн айы
Қамқор болып бөбекке
Қолын созған ұдайы.
Ерхан: 19-бап: Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін райдалануға құқы бар.
Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте.
Тәрбиеші:Балалар біздің құқығымыз туралы білгенмен сендердің өз міндеттерің бар –ол қандай міндет? - білім алуға - тәртіп сақтауға - үлкендерді сыйлауға; - әрдайым таза, ұқыпты жүруге;
Әлімжан:
Тыңда дүние, тыңда ұл, қыз
Тыңдаңыздар барлық әлем
Мына өмірге осы біз жауаптымыз
Ата-ананың алдында
Батырхан:
Мы на свет родились,
Чтобы радостно жить,
Чтоб цветы и улыбки
Друг другу дарить.
Міне біз балалар өз құқықтарыңды толық меңгергеніңді көрдім.“Бала-адамның гүлi, өмiрдiң нұры” Балалар әрқашан күндерің ашық болсын.
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мен және менің құқығым

шағым қалдыра аласыз