Тақырып: Мен және менің сүйікті мамандығым.
Мамандық – өмір таңдауы
Мақсаты: Оқушылардың өмір туралы, мамандық туралы
көзқарастарын дамыту, алдағы уақытта мамандықты таңдауда дұрыс
жолда болуына себепкер болу.
Міндеттері: Мамандықты таңдай білуге үйрету.
Оқушыларды өзінің қабілетін, бейімін,
қызығушылығын,
мамандыққа сай тани білуге үйрету.
Көрнекіліктер: “Мамандық сызбасы”
Сабақтың барысы: 1. Танысу. Балаларға шеңбер бойымен өзі
жайлы айту ұсынылады.
2. Энергетикалық жаттығулар
3. “Мамандықтың әлемі”
4. Мамандықтарға қойылатын ортақ
талаптар
5. Мамандық таңдау факторлары
6. Ситуациялық жағдай
7. Сергіту жаттығулары.
“Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет.
Бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор
шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кімде – кім өзіне біткен ыңғайына
қарай өз жолымен қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкен
пайда келтірмек”.
Ж. Аймауытов
1. Танысу
2. Оқушылар дөңгеленіп отырып, 1-2 деген
нөмірлерге саналады. 1 нөмірлерлі оқушылар қолдарын екі жаққа
созып, екі жақтағы 1- нөмірлі көршісінің қолдарымен түйістіреді.
Ал, 2- нөмірлі оқушылар 1-2 деген сандарды жүргізуші айтқанда,
алдында тұрған екі оқушының қолына пианинаны ұрғандай етіп әрекет
жасайды, 3-4 деген бұйрық болғанда барлық оқушылар шапалақ ұрады,
келесі 1-2 деген санға 2 нөмірлер қолдарын жаяды, ал 1 нөмірлілер
пианиноны ұрғандай әрекет жасайды. 3-4 дегенде барлығы шапалақ
ұрады. Осы жаттығу қайталанады.
Сабағымызды мына өлең жолдарымен
бастаймыз.
Мамандық алғың келе ме,
Мамандық өзі немене?
Айналаң толған мамандық,
Айналаң толған өнеге – дегендей,
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы “Мамандық - өмір
таңдауы” деп аталады.
Оқушылардың мамандық туралы ойын білу. (Әңгіме
жүргізу)
1. Мамандық дегеніміз не?
А) Білім алу, үйрену.
Б) Адамды материалдық жағынан қамтамасыз ететін
іс-әрекет түрі.
В) Мамандық адамға ұнау керек.
Г) Адамның сол мамандыққа қабілетінің сай келуі,
белгілі бір іскерліктердің болуы т.б.
Профессия – латын сөзінен шыққан, “profession” – анықталған іс, мамандық дегенді
білдіреді.
Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі табылатын және қандай
да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің
маңызды бөлігі.
- Сен қандай мамандық иелерін білесің?
- Болашақта қандай мамандық
иесі болғың келеді?
- Сен мамандық туралы не білесің?
- Сенің сол мамандықты таңдауына кім әсер
етті?
Қорытынды: Мамандық дегеніміз – адамның белгілі
бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін материалдық рухани өңдірісте
алған білімі мен өмірлік дағдысының жиындығы.
Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар.
Статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн. адам өзінің жұмыс
орнын ауыстырып, оның 12 пайызы қайтадан өз орнына оралады
екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола
ма? Әлде өзінің болашақтағы кәсіби қызметіне жан-жақты дайындалу
керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды
қалай таңдауға болады? Осы және тағы басқа мәселелердің шешімін
бүгінгі тәрбие шарасында таба аламыз деген
сенімдеміз.
Климовтың А.Е. «Кәсіптік бағыт-бағдар беру»
сауалнамасы.
Тест қорытындысы талқыланады.
Алақан бойынша мамандық саласын анықтауға
болады.
Ол үшін қол-мидің жалғасы бойынша:
Саусақтарымызды кеңірек ашып, ақ параққа
алақанымызды түсірейік.
Бас бармақпен шынашақтың ортасын 0 нүктесімен
белгілеп, әрбір саусаққа түзу жүргіземіз.
0 нүктесін білезіктің оң жақ, сол жақтарын да
қамтимыз. Осы жүргізілген сызба бөліктерін сызғышпен өлшеп
шығарыңыз.
Қорытынды:
1. Егер сіздің алақан сызығыңызда бас бармақ пен
0 нүктесі арасында сызба бөлігі ұзын болса, сіз
басқарушысыз;
2. 0 нүктесі мен сұқ саусақ нүктесінің арасында
сызық басқаларынан ұзын болса, сізідің – қорғаушы әскери
қабілетіңіз мол;
3. Ортан қол (саусақ) сызығы ұзынырақ болса, сіз
– дін адамы, саясаткер болуға бейімдісіз;
4. Аты жоқ саусақ сызығы үлкенірек болса, сіз
өнерге бейіміңіз мол, суретші, музыкант, архитектор, дизайнер
болуға қабілеттісіз;
5. Шынашақ сызығы үлкенірек болса, сіз –
дәрігерлік шипагерлікке бейімсіз.
«Әріпті мамандық» ойыны.
Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол
әріптен басталатын мамандық аттарын көп айтса, сол топ жеңіске
жетеді. Сонымен қатар өздері тапқан мамандықтарының қыр-сырын
айтулары керек.
р/с
|
мамандық атауы
жіктелуі
|
|
|
Маңызы
|
|
|
Оған жақын мамандықтар
|
|
|
Осы мамандыққа сұраныс
|
|
|
Мүмкін болатын өңдірістік жарақаттар, кәсіпке
байланысты болатын аурулар
|
|
|
Жұмыс істеу жағдайы
|
|
|
Психологиялық, медициналық талаптар
|
|
|
Мамандыққа дайындық
|
|
Оқушылар өздерінің таңдаған мамандықтарының
тиісілі тұстарын айтып өтеді.
Ал, енді балалар айтыңдаршы, осы мамандықтардың
барлығына тән қандай ортақ іскерліктерді табуға болады? Қазіргі
заманда жоғары білімі бар маманға қандай талаптар
қойылады?
5. Біз таңдаған мамандығымызға қойылатын
талаптарды білдік.
Балалар, сендер мамандық таңдауға байланысты
сіздерге қандай ойлар келді?
Жауаптар: - Мамандық таңдау жолының бірден бола
қалмауы.
- Кейбір адамдардың бірнеше мамандық бойынша
жұмыс істеуі.
6. Енді, мамандық таңдауда қандай факторлар әсер
етеді соны анықтаймыз. Ойланыңыздар.
мұғалім
отбасы қабілеті
оқудың немесе тәжірибенің болмауы
жұмыстың жақын
болуы
досымен бірге экономикалық жағдайы
әр түрлі оқиғаның әсері
Қорыту: Бүгінгі сабағымызда мамандық таңдау
жолының бір адамдарда оңайлықпен өтетінін, екінші адамдарда оның
қиын, тіпті бірнеше сатылардан тұратынын, біреулердің өмірден орнын
таба алмай күйзелген жағдайларын да білеміз. Мамандық таңдау
жастарға көптеген жалған пікірлер әсер етеді. Ол пікірлер жастарды
стресске, мамандық таңдаудағы сәтсіздікке әкеледі.
«Өз мамандығынды тап» релаксациялық
жаттығуы.
Мазмұны: Босансып отырып, көзімізді жұмамыз.
Терең демаламыз.
Енді көз алдыңызға толған мамандықтарды
елестетіңіз. Мамандықтар өте көп, көздің жауын алады. Біреулер үшін
ол өте көп мамандықтар, ал біреулер үшін қол жеткізбейтін арман.
Қол созғанда жететіндей біресе алыстап, біресе жақындап көрінуі
мүмкін.
Мамандықтарға көңіл қойып қарап, ішінен өзіңізге
ұнаған мамандықты таңдаңыз.
Рефлексия (Қорытынды)
“Санамен қозғау” әдісі
1. Бүгінгі тренингімізден нені
үйрендіңдер?
2. Не есте қалды?
“Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың
қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек
біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді” деген
Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен сабағымызды аяқтаймыз.