400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Мен және менің тобым»

Материал туралы қысқаша түсінік
психологтарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

МКҚК «Қошақан» балабақшасы



















Тақырыбы: «Мен және менің тобым»



Психолог: Бегалиева У.М.

















Қажымұқан ауылы 2017-2018ж

Тақырыбы: «Мен және менің тобым»


Мақсаты: Балабақшаға жаңадан келген балалардың бейімделуіне ықпал

жасау

Сабақтың әдісі: Сұрақ -жауап, түсіндіру, әңгімелесу, жаттығулар, ойындар.

Көрнекіліктер: ақ қағаз, маркер, плакат, арқан.

Сабақтың барасы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу рәсімі ( жылы импулстер жіберу, атың және гороскоп бойынша атауын атау)

2. Балаларды тренинг тақырыбымен таныстыру. «Қарым-қатынас ерекшеліктері»

II.Негізгі бөлім

Сұрақ-жауап:

Қарым-қатынас дегеніміз не?

Қарым-қатынас қандай болуы мүмкін?

Ол неге байланысты?

Сендердің топтарыңда қарым-қатынас қандай?

Дос дегенді қалай түсінесіңдер?


Тапсырма 1.

«Мен неге ұқсаймын?» (музыка ойнап тұрады)

Әр балаға бір ақ парақтан таратылып «Мен неге ұқсаймын?» деген тақырыпқа сурет салу ұсынылады (талға, гүлге, аюға т.б.), әркім өзін қалай елестетеді. Сурет салып болғаннан кейін әр оқушы өз суретін түсіндіреді.


Тапсырма 2. «Шеңбер» ойын

Қатысушылар шеңбер құрып орындықтарда отырады, ортада еденде арқанмен шеңбер құрылады. Сұрақтар бойынша қатысушылар сол шеңберге тұру керек.

1. Кімнің үстінде шалбар бар? (осы шеңбердің ішіндегі қатысушыларға машина боламыз)

2. Кімнің киімінде түйие бар? (балық боламыз)

3. Кімнің қолында сағаты бар? (мысық боламыз)

4. Кім өзін сұлу адам деп санайды? (Америкадағы бостандық ескерткішін

көрсет)

5. Кімнің мұрны жоқ? (жел тұрғандағы ағаштар)

6. Кімнің тісі түгел емес? (үрленген шар)

7. Кімнің басында шашы бар? (өте дәу аюды көрсет)

8. Кім бүгін жылы сөз айтты? (жылы сөзде айтамыз)


Тапсырма 3.«Молекула» (музыка ойнайды)

Бәріміз тұрамыз, еркін жүреміз. Атом молекуладан тұрады, молекула деген майда бөлшектер. әр атом көп молекулалардан тұрады. Біз барлығымыз молекуламыз, қазір атомдарды құраймыз. Мен қанша сан айтамын, сонша адам болып топ құраймыз, артық қалған адамдар орындарына отырады.

4,5,3,2,....


Тапсырма 4. «Менің болашақ арманым».

(Қатысушыларға қағаз таратылып, сол қағаздан өзін қияды және болашақ армандағы балаға сурет салады)


ІІІ Қорытынды

Жүректен жүрекке

Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне жақсы тілектер айтады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.05.2018
797
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі