400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен және қоршаған әлем 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған өзін-өзі тану пәнінен 6 сынып оқушыларына өткізілетін сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану сабақ жоспары

22-сабақ


Мектеп: Қарабұлақ орта мектебі

Мерзімі: 05.02.2020 жыл

Тақырып: Мен және қоршаған әлем

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: жан-жануарларды жақсы көру; адамдарға риясыз қызмет ету; жанашырлық.

Мұғалiм: Жумагулова Молдер Отегеновна

Сынып: 6 «а»


Сабақтың мақсаты: Қоршаған ортаға сүйіспеншілікпен риясыз қызмет етуді үйрету.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: табиғаттағы сұлулық иесі жан-жануарларды жақсы көруді үйрету;

Дамытушылық: адамдарға риясыз қызмет етуге баулу;

Тәрбиелік: жанашырлыққа тәрбиелеу.


Сабақбарысы:

Ұйымдастыру кезеңi. 5 - «Т» ережесін сақтау

Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.


Ресурс

АТҚ,

оқулық

Үй тапсырмасын тексеру.

«Табиғаттың адамзат өміріндегі орны мен рөлі» туралы айналадағы адамдармен жүргізген сауалнамасын оқып, зерттеу жұмысы- ның қорытындысын оқиды.



Дәйексөз.


Ш.Айтматов:

«Адам рухани дүниесін сыртқы табиғат құбылысын тану

арқылы қалыптастырады да, өзін жалпы жаратылыстың

бір пұшпағы ретінде сезіне біледі»

- Ақының сөзін қалай түсінесің?

- Өзіңді табиғаттың қандай құбылысына теңей аласың?

- Табиғатқа қарай отырып өзіңнің жан дүниеңді рухани байыта аласың ба?


Әңгiмелеу

Есею

Серік Үсенұлы

  • Айдардың қырға баруының мәні неде?

  • Ейсен Айдарға қандай кеңестер берді?

  • Айдар көкесімен еріп кетерде қозысын қимауының себебін қалай түсінесіңдер?

  • Қоршаған ортаға қызмет ету адам бойында қандай қасиеттердің артуына ықпал етеді? Қалайша?

  • Баланың ақбас қозыға деген қамқорлығынан жалпыадамзаттық қандай құндылықтар көрінеді?

  • Өзің қоршаған әлем дегенді қалай түсінесің және оны қалай қабылдайсың?

  • Өзің отбасыңнан алыстар шығып көрдің бе? Әңгімелеп бер.


Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Жағдаяттардың шешімін табыңдар.

А) Айдын қаладан келген жақын туысы Айқынға ауылдың көркем табиғатын көрсетпек болып өзен жағасына ертіп барды. Айдынның анасы Айгүл: «Ұзап кетпеңдер», - деп ескерткен болатын. Бірақ Айдын анасының ескертпесін тарс есінен шығарып алды. Айқын мен Айдынның кешіккенінен алаңдап, Айгүл өзі оларды өзен жағасына іздеп барды. Сонда ғана анасының ескертпесі есіне түскен Айдын анасына әлденені түсіндіре бастады. Айдын анасына не туралы айтты? ..............

Ә) Сыныптастарыңмен табиғат аясына шығып, таза ауамен тыныстадыңдар. Асыр салып ойнадыңдар. Көркем табиғаттың ғажап сұлулығына таңқалып тамсандыңдар. Кенет бір сыныптасың жайқалып өсіп тұрған көк шөпті жұла бастады. Сенің әрекетің ..............

2-тапсырма: Төмендегі өлең жолын оқып, табиғат пен қоршаған әлем туралы өзара пікір алмасу жүргізу.

Табиғат әсемдік төркінісің,

Ән саламын бір сенің көркің үшін.

Жан-жануар табынып бір өзіңе,

Сенен алып тұрғандай бар тынысын. Ж.Жабаев.

  • Сенің өміріңде табиғаттың алатын орны қандай? .....


Топпен ән айту.

Үшқоңыр

Үшқоңыр Алатаудың қойнауында Ай, Үшқоңырым, туған жерім,

Әкемнің ізі қалған жайлауында. Рахым нұры тұнған жерім.

Қасқасу гүр-гүр тасып, гүлі еркелеп, Ай, Үшқоңырым, тал бесігім,

Арқарың жайылатын аймағында. Жүрегімде мәңгі есімің.


Бұл жерде тарих сырдың сыбдыры бар,

Бабалар тұлпарының дүбірі бар.

Бұл жерде Жамбыл-«Жәкең» өлең айтқан,

Өнердің, ақындықтың тұғыры бар.

Шыңдарың Төле бидің қалпағындай,

Жазира жасыл әлем алқабыңды-ай.

Жуасы, қарақаты, бүлдіргені,

Әкемнің шекер қосқан талқанындай.

Көрінер сонадайдан анық маған,

Шыңында қырандары қалықтаған.

Самғаған қыранына құмар қылып,

Өсірген ұландарын алып далам.


Үй тапсырмасы.

«Туған өлкем» тақырыбына эссе жазу


Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып барлығымыз бірге

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде. Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
3424
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі