Материалдар / "Мен және сен қазақша сөйлейміз" байқау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Мен және сен қазақша сөйлейміз" байқау

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибе алмасу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Мамыр 2018
554
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мен және сен қазақша сөйлейміз» атты өзге ұлт оқушыларының аудандық байқауының сценарийі

Өтетін күні: 02.11.2016ж

Өтетін жері: Аршалы ауданының тілдерді оқыту орталығы

Өткізілу формасы: байқау



Байқаудың мақсаты: өзге ұлт оқушылары арасында мемлекетік тілді терең меңгеруге деген ынтасын және ұлттық мәдениетіміз бен тарихымызға. Туған елге деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімдерін арттыру.

Жүргізуші: Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өзге ұлт оқушыларының арасында өткізгелі отырған «Мен және сен қазақша сөйлейміз»атты байқауға қош келдіңіздер! Тіл-ұлттың жаны, халықтығының асыл белгісі, намысы, тыныс тіршілігінің көзі, Ата Заңымен қорғалатын, еркіндігігінің үні.Мемлекеттік тіл-көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдение бірлікке ұйымдастырудың басты құралы.Қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен-кеткенін зерделеп, оны әлемге таныта аламыз.Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлейміз.

Бүгінгі байқау қатысушыларымен таныс болыңыздар!

1.Деркач Ульяна-Вячеслав орта мектебінің 10 сынып оқушысы

2.Шукурова Сабина -Тургенев орта мектебінің 7 сынып оқушысы

3.Гельдт Надежда- Коснтантинов орта мектебінің 11сынып оқушысы

4.Варкентин Арина- Ижев орта мектебінің 8 сынып оқушысы

5.Дашкевич Яна- Берсуат орта мектебінің 8 сынып оқушысы

6.Михель Алина-Берсуат орта мектебінің 7 сынып оқушысы

7.Булкунова Анна- Михайлов орта мектебінің 7 сынып оқушысы

8.Тайберт Александр-Михайлов орта мектебінің 8 сынып оқушысы

9.Кириченко Амина -Новоалександрав орта мектебінің 9 сынып оқушысы

10. Дик Валерия-Новоалександрав орта мектебінің 8 сынып оқушысы

11.Дильман Кристина-Новоалександрав орта мектебінің 9 сынып оқушысы

12.Танков Даниэль- №1Аршалы орта мектебінің 7 сынып оқушысы

13.Жангазина Кристина- №1Аршалы орта мектебінің 11сынып оқушысы

14.Майер Виолетта- №1Аршалы орта мектебінің 8 сынып оқушысы

15.Зубова Анастасия- №1Аршалы орта мектебінің 10 сынып оқушысы

16.Ефимович Ксения- №2Аршалы орта мектебінің 9 сынып оқушысы

17.Мартынюкова Анастасия-№2Аршалы орта мектебінің 9 сынып оқушысы

18.Петров Данила-№2Аршалы орта мектебінің 8 сынып оқушысы

19.Гоядов Данил-№2Аршалы орта мектебінің 8 сынып оқушысы

20.Хазеева Милана-№2Аршалы орта мектебінің 8 сынып оқушысы


Бүгінгі байқауымыз ІІІ кезеңнен тұрады:

І кезең: Таныстыру. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы»

ІІ кезең: «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған»

Сайысқа қатысушылар ақын-жазушылардың шығармаларын жатқа айтады.

ІІІ кезең: «Білгенге маржан» Мақал-мәтелдер сайысы.


Қатысушыларымызға әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Нұрхан Қуандық-Тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы

Князова Күнсұлу-№3 Аршалы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Бейбут Тоғжан-орталық оқытушысы

Олай болса кешіміздің тізгінін байқау қатысушыларына берейік.

Жүргізуші: Туған тіл-ақыл ой дамуының негізгі және барша білімдердің қазынасы. Ия, бүгін біз ана тіліміздің құдіреті мен өміршеңдігіне біршама көз жеткізгендей болдық. Ана тілін ұлы мұхитқа баласақ, біз соның жағасына келіп екі алақанымызды қосып тұрып уыстап іліп алып ішкендей болдық деп ойлаймын.Оның тереңіне бойлап түбіндегі інжу-маржанын ерінбей-жалықпай тере біліп өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізу біздің парызымыз. Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш, тіл мәртебесі биік болсын, ағайын!



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!