400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Мен және табиғат" Г дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сыныпқа керек
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақ: Сауат ашу

Тақырыбы: «Мен және табиғат» . Г дыбысы мен әрпі


Күні:

Сыныбы: 1

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы



Мен және табиғат. Г дыбысы мен әрпі

Осы сабақта қол жеткізілетіноқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.

1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрып айту



Сабақтың мақсаттары




Барлығы: Г дыбысы мен әрпін ажырата алады.

Көбі: Буындап, сөздерді тұтас түсініп оқи алады.

Кейбірі: Сөйлемді жүргізіп оқи алады.

Берілген сурет бойынша шағын әңгіме құрастыра алады.



Жетістік критерийлері



Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.



Құндылықтарды дамыту



Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Табиғатты қорғауға, аялауға,сүюге тәрбиелеу.


Пәнаралық байланыс


Көркем еңбек, дүниетану сабағы


АКТ қолдау дағдылары


Аудиожазба , таныстырылым , интербелсенді тақта


Тілдік құзіреттілік


Гүл–цветок – flower

шеге- гвозд – nail



Сабақ барысы


Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет



Ресурстар



Сабақтың басы

Ынтымақтастық

атмосферасын

қалыптастыру

5 минут










Қызығушылық ояту




















Сабақтың ортасы

8 минут


















Зерттеу

  1. Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Бiр адамның баласындай.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!


  1. Сурет бойынша ауа- райына қатысты суреттерді таңдап, топқа бөлу.

1-топ: “Бұлт”

2-топ: “Күн ”

3-топ: “Жер ”



  1. Ашық сұрақтар:

Алдыңғы тақырыппен байланыстырып тапсырмалар беру.

Орындаған тапсырмаларын, смайликтермен бағалау.

  1. Дыбыс дегеніміз не? Оқушы: дыбысты естиміз, бірақ көрмейміз.

2. Әріп дегеніміз не? Оқушы: әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз.

3. Дыбыстар нешеге бөлінеді? Оқушы: дыбыстар екіге бөлінеді, дауысты және дауыссыз дыбыс.

4. Әріптерден не құралады? Оқушы: - сөз.

5. Өткен сабағымызда қандай дыбыспен таныстық? Оқушы: Ғдыбысы.

6. Ғ дыбысы қандай дыбыс? Оқушы: дауысыз.

Торғай, балға,сырға суреттерін іліп, дыбыстық талдау жасау.



  1. «Ой шақыру» Жұмбақ жасыру.

Аналарға сыйлайтын,
Аралар бал жинайтын.
Бұл немене балалар,
Үзуге адам қимайтын. Балалар Гүл дейді.
Мұғалім: балалар гүл дегенде қандай дыбыс естіліп тұр. Оқушылар Гг дыбысы. Мұғалім олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Гг дыбысы және әрпімен танысамыз.
( Г әрпінің жазылуын ауаға жазу,ламинатқа жазу)


  1. «Сөз ойла, көп ойла» ойыны.

Г дыбысы бар сөздер айту


  1. Оқылым.

Маса неге шағады?

Жұлдыз неге ағады?

Бүлт неге ауады?

Жаңбыр неге жауады?


Сұрақтардың жауабын дерексөздерден іздену.

Анағұрлым терең білім алып, тақырыпты терең түсіну үшін құрылымдық зерттеу жұмысы ұйымдастырылады


  1. Егер масса шақса  онда сенін қанын тәтті

  2. Жеріміздің атмосферасына енген көктегі тас секілді аспан денелері, яғни метеориттер. Метеориттер атмосфераға енген сайын, олар ауадағы үйкеліс күшінің әсерінен тұтанып, жарық шығарады. Соған байланысты түн қараңғысында аққан жұлдыздай болып жарқ етіп көрінеді де артынша көзден таса болады.

Жұлдыздың ағуы үнемі ұшырайтын табиғат құбылысы.

  1. Бұлт ауа массасының ағыны әсерінен қозғалады, ауады.

  2. Бұлттардың бір күйден екінші бір күйге ауысуының әсерінен жауады.


  1. Белсенді оқу әдісі «Кім жылдам» ойыны

Балалар алдындағы ресурстар арқылы Г дыбысын жасайды

Гүл, егеу,шеге сөздеріне дыбыстық талдау жасап өту.



Шаттық шеңбері







Топқа бөліну








Ашық сұрақтар




















Таныстырылым, оқулықпен жұмыс







Ұжымдық жұмыс







Ламинат, маркер
























«Кім жылдам» ойыны

Суретпен жұмыс



Сергіту сәті

1 минут



Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады)

Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды)

Көктен төмен  әдемi кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды)

Сергіту сәтіне арналған жинақ



Қызықты тапсырма

8 минут














Аяқталуы


16 минут







  1. Тыңдалым

бойынша сұрақтарға жауап беру.

  • Айнұр не деуі мүмкін?

  • Гүлнұрдың іс-әрекетін талқылаңдар.

№3Қандай өзгеріс байқадыңдар? Қорытынды шығарып көріңдер.


  1. Ойлан. Жұптас. Бөліс!

1-топ: Г дыбысы бар сөзді айту. Дыбыстық талдау жасау.

Дескриптор

1. Сөздерді айта алады.

2. Дыбыстық талдау жасай алады.


2-топ: Берілген суреттер бойынша сөйлем кұрау.

Дескриптор

1. Суреттер бойынша сөйлем кұрай алады.

2.Буындық талдауды біледі.


3-топ: Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту.

Дескриптор

1.Сөйлем құрастыра алады.

2.Сюжетті сурет бойынша әңгіме құрай алады.


  1. «Сөз ойла, көп ойла» ойыны.

Г әрпінен басталатын сөздерді тез айту.


Жазылым

Гг әрпін көркем, әдемі жазу.

Дескриптор:

Г г әрпінің жазбаша бас әрпі мен кіші әріптерін және сөздерді жаза алады.


  1. Айтылым

Қандай өзгеріс байқадыңдар? Қорытынды

шығарып көріңдер.


ТShape2 Shape1 ерек Терегі


ШShape6 Shape5 Shape4 Shape3 елек і Шелегі


Ілгек Ілгегі



Оқулық, дәптерлер.

Топтық жұмыс



Оқушы белсенділігі артады




Қалыптастырушы бағалар





Топтық жұмыс














Дәптермен жұмыс







Ұжымдық жұмыс



Сабақтың соңы

2 минут





  1. Рефлексия:

«Алты қадам әдісі» (әр қадам басқан сайын сұрақтарға жауап береді)

-Бүгінгі өткен әріп?

-Г қандай дыбыс?

-Г дыбысы бар сөздерді ата.

-Осы сөздерді буынға бөл.

-Г дыбысы сөздің қай бөліктерінде кездеседі?

-Мысал келтір.


Әр тапсырма орындалғанда ым-ишаратпен және мадақтап бағалап отырамын.


  1. Бағалау. Кері байланыс:



«Қоштасу» Жылу шеңбері.
Қолымызды ұстайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау - саламат болайық!



Рефлекcия.













Бағалау.

Кері байланыс ”Бас бармақ” әдісі



Дифференциация –

оқушыларға көбірек

қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?





Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Бұл өткен сабағыма ешқандай өзгертулер енгізгім келмейді. Өйткені, сабағымдагы әдіс-тәсілдерімді тиімді пайдаланғандықтан оқушылар сабағым- ды жақсы меңгерді.

Тапсырмаларды тиімді пайдалан- ғандықтан,сабақ өз уақытында бітті.

Сабақ бойынша рефлексия:

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңызба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?






















Жалпы бағалау

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:Оқушылар сабаққа белсене қатысты

2: Жоспарланған ойындар сабақтың өтуіне тиімді болды. Алайда келесі жолы басқа да қызықты ойындарды ұйымдастыруым қажет.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Жұптық, топтық,ұжымдық жұмыстар ұйымдастыру сабақты жақсартуға ықпал етті.

2: Көрнекілік құралдарды сабақта пайдалану оқушылардың сабақты жақсы түсінуге көмектесті.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Оқушылардың талпынысы, белсенділігі жақсы. Бірақ, Аманжанға,Темірланға, Нұрболға жеке тапсырмалар беруім қажет.







Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
1147
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі