400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Мен және табиғат. К дыбысы мен әрпі"

Материал туралы қысқаша түсінік
1 классқа қысқа мерзімді жоспарлауға көмектеседі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу ісінің меңгерушісі:



Күні:

Сынып: 1

Сауат ашу

Қатысқандар саны:

Мұғалімі:Бекенова А.Ж.

Сабақтың тақырыбы

Мен және табиғат. К дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сабақтың мақсаттары

Барлығы:Мен және табиғат. К дыбысы мен әрпі туралы білімді меңгереді.

Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Мен және табиғат. К дыбысы мен әрпі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстап қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

/Б.Бөрiбаев/

Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!





Шаттық шебері





Сабақтың ортасы

8 минут



Дыбыс патшалығы жайында әңгімелеу.

-Әлдеқандай патшалықта емес әлдеқандай мемлекетте емес тура өзіңнің аузыңның ішінде дыбыстар тұрып жатыр. Ал олардың үйі міне қандай әдемі(аузыңды көрсетші, аша ғой кәне) Үйдің төбесі бар (тіліңді тигізіп көр, өзіңнің үйіңнің төбесін ізде, таптың ба?)

Еден дегеніміз-төменгі таңдай, есік-еріндер. Есік бекем болу үшін қойылған сүйек шарбақтар да бар (тістеріңді көрсетші)

Бәрі жақсы болар еді, бірақ үй ішінде бір айдаһар кіріп орнығып алды. (тілдің ұшын қимылдатамыз)

-... сөйтіп олар өздерінің зұлымдық істерін жасай бастады. Кейбір дыбыстарды ол емін-еркін өткізіп жібереді.

Қай дыбыстарды емін-еркін өткізіп жібереді?

А ә о ы и....

-ал басқа дыбыстардың жолына айдаһар түрлі кедергілер тұрғызды, немесе есікті жауып қойды. Мысалы: м-м-м, ол т дыбысын төбеге итеріп жабсырып қойды. Бұл дыбыстар еркін шыға алмайды.

«Көйлек кигіз» ойыны. Дыбыстар аталғанда оқушылар көк және қызыл жолақты көтереді.


  Жаңа сабақ.

Ой қозғау. (жұмбақтың жауабын шешу)

1.Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама (Кітап)

2.Ақ сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды (Күн)

3.Гүл ұшып гүлге қонады,

Гүл бақшам гүлге толады (Көбелек)

Буынға бөлу:Кітап, Күн,Көбелек сөздері қай әріптен басталып қай әріпке аяқталып тұр? (К)

Бүгін к дыбысымен танысамыз.

К- баспа әрпі көрсетіледі.  К-деп 3 рет айтып, тілдің ортасы таңдайдың орта шетіне нық жабысып бірден кілт ажырап кетеді.

      К – дауыссыз дыбыс, өз алдына буын жасай алмайды.

  • Мынау не? –мынау- кесе

  • Мынау не? – мынау-  кәмпит

  • Мынау не? – мынау-  күріш

  • Мынау не? – мынау-  кебеже. Кебежеге тағамдар, ыдыстар салынады.

(кесе, киіз үй, күріш, кәмпит) сөздері қай әріптен басталып тұр? К-ден басталады.

К сөздің басында келеді.

  • Мынау не? – мынау-  мектеп. Мектепте білім аламыз.

  • Мынау не? – мынау-  сөмке.

  • Ал, мынау қай сан? – екі. Екі қандай баға?

К сөздің қай жерінде кездеседі? (ортасында).

  • Мынау не? – мынау-  шелек.

  • Мынау не? – мынау- шәйнек.

  • Мынау не? - мынау-  әйнек.

К әрпі сөздің қай жерінде кездеседі? К- сөздің соңында кездеседі.

Өте жақсы. К дыбысы сөздің барлық буынында кездеседі.

1 Оқылым.

КІСІ КЕМЕ ТЕРЕК КЕШЕ ЕРЛІК

КІШІ КЕСЕ ШЕЛЕК КЕСТЕ МЕРЕКЕ

ЕШКІ ЕЛІК ЕШКІМ КІЛТ ТЕКЕМЕТ


2 Жаңылтпашты жатқа айт.

Шеше,шеше

Неше кесе

Сынды кеше? (өздері білетін жаңылтпаш айту)


Таныстырылым,





















































оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

1 минут

Қанатымызды жаямыз,
Көбелек боп ұшамыз.
Жұпар иісі аңқыған,
Гүлге келіп қонамыз. 3рет


«Сөз оқы, тез оқы» сөз оқу жарысы

Суреттердің бас әріптерінен жаңа сөз құрау(Суреттермен жұмыс)

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Қызықты тапсырма

8 минут


Аяқталуы


16 минут




3 Кім? Сұрағына жауап беретін сөздерді тап.

Shape1

Кім?







Дәптермен жұмыс

Жазу үлгісін бастыру және жалғастыру


«Түсіп қалған әріптер» топтық жұмыс(түсіп қалған әріптерді салады)





Оқулық, дәптерлер.


Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия


Кеменің суреттері

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспары


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.







































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
378
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі