400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен және табиғат. К дыбысы мен әрпі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: 1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау 1.3.5.1 тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу 1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пән: Сауат ашу

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

4 тарау: Бізді қоршаған әлем

Күні:4.12.18.

Сынып: 1-сынып

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Досанова Б.Ж

Қатысқандар саны: 24

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мен және табиғат. К дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

Мақсаты:

1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау

1.3.5.1 тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу

1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: 4 тарау бірінші және үшінші тарауларда қалыптасқан дағдыларға негізделеді Сонымен қатар, сөздер мен сөйлемдерді дұрыс оқуға дағдыланады.

Көптеген оқушылар: шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды.

Кейбір оқушылар: тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

Бағалау критерийлері

  • тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіндіреді.

  • шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды.

  • тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.

Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, қазақ тілі.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

4 тарау бірінші және үшінші тарауларда қалыптасқан дағдыларға негізделеді. Оқушылар шағын танымдық мәтіндерден ақпарат алуға

мүмкіндік беретінін түсінеді. Сонымен қатар, сөздер мен сөйлемдерді дұрыс оқуға дағдыланады.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Қайырлы күн!

Бүгінгі 1 сынып оқушыларының сауат ашу пәніне қош келдіңіздер!

Балалар, алдымен жағымды көңіл күйге ену үшін ойша орманға саяхат жасау арқылы тынштық сәтін өткізіп алайық.

Тыныштық сәті. 2.Тыныштық сәтi. Орманға саяхат.

Көзімізді жұмамыз, терең демаламыз, әр демімізбен өзімізді еркін, тыныштықта сезінеміз.

Қазір біз орманға дем алуға барамыз. Елестетіңіз, сыныптан шығып, дәлізден өтіп, далаға бет алдыңыз.

Таза ауаны сеземіз, самал ескен жылы жел мен күннің нұры ақырын ғана бетімізден өбеді, шашымызды сипайды.

Біз ақырын орманға қарай бет аламыз. Абай болайық, жердегі жәндіктерді аяғымызбен басып кетпеуге тырысайық. Бір сәт тоқтап, айналамыздағы әсемдікке көз салайық. Гүлден гүлге онып жүрген көбелектер.Құлпырып өскен гүлдердің иісі мұрынды жарады, қандай керемет иіс! Айналамыздағы әрбір әсемдікті көзімізден таса қылмай, ары қарай бет аламыз.

Орманның ішіне де келдік. кекілік .бұлбұл сияқты құстардың әсем әуені, шөптердің сыбдыры жан дүниемізді жаулап алғандай. Айналамызда түрлі ағаштар. Сол ағаштың ішінен бір теректі таңдап алыңыз. Бауырында отырып, біраз тыныстап алыңыз.

Мен бақыттымын, менің жан дүнием тыныш. Табиғат қандай тамаша! Мен табиғаттың бір бөлшегімін, менің табиғатқа зияным тимеуі керек, кез- келген уақытта мен осы ағаштың түбіне келіп дем аламын.

Енді орнымыздан ақырын тұрып, айналамызға тағы көз жібереміз. Келген ізімізбен, мектепке қарай аяңдаймыз. Мектепке келіп өз орнымызға отырайық.

Тыныштық пен разылықты жүрегімізде сақтап, көзімізді ашамыз, бір-бірімізге қарап күлімсірейміз. Сұрақ:

-Қандай күйде болдыңыздар?

-Жаттығу қалай әсер етті?

Қорытынды:Олай болса бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл- күй сыйлаған табиатты сүйіп, аялай білейік.

Мұғалім:

Осы орманға саяхат жасағанда көз алдарыңа не елестеді?

-Қандай ағаштар,жәндіктер,құстар,аңдар елестеді?

Балалар: көбелек,керік,кекілік.терек деп айтуы мүмкін.

-Көбелек деген сөз қандай дыбыстан басталып тұр?

-К дыбысы

-К дыбысы туралы не білеміз?

Жауап:К қатаң дауыссыз дыбыс.

Қ/Б :Мадақтау.

Тақырыппен ,мақсатпен таныстыру.Олай болатын болса ,бүгінгі сабақта

Қыс Көктем Жаз Күз 4 жыл мезгіліне байланысты топқа бөліне отырып ,К дыбысы мен әрпіне байланысты алған білімімізді тиянақтаймыз.

Топ ережесін келісу:

Алдыңғы білімді еске түсіру.К дыбысына байланысты бейнебаянға назар аударайық.

«Еркін микрофон» әдісі арқылы:

1-топ «Қыс»

Дыбыстар нешеге бөлінеді?

2-топ: «Көктем»

-Дыбыстардан не құралады?

3-топ: «Жаз»

Буыннан не құралады?

4-топ:

Дауысты дыбыстар нешегеи бөлінеді?

Қ/Б:Мадақтау .Жарайсың!Жақсы!

Оқылым .

Оқулықпен жұмыс:

Жазылым.

Дәптермен жұмыс.

К әрпіне байланысты сөздерді жазу.Жазу,отыру ережесін ескерту.




Ресурстар

Сурет,сызба,

маркер,кесте


Сабақтың ортасы

Сергіту сәті:Бала,бала ,балапан.

Топтық жұмыс .

1-топ:Қыс. «Жұптас»әдісі

Сөз қиындыларынан сөйлем құрастырып жабыстыру.

Қыс келі.Күн суытты.Қар күредік.

2-топ Көктем. « Шынжыр»әдісі

К дыбысына сөз ойлайды.Сөйлем құрастырады.Дыбыстық талдау жасайды.

3-топ:Жаз. Семантикалық карта .дыбыстарды ажырату.

4-топ:Күз. Ойлан ,тап. Көп нүкте орнына тиісті дыбыстарды қою.К дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасау.

Қ/Б.Оқушылардың өздеріне топты бағалату.




Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.




Дескриптор:

  • мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.

  • шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды.

  • берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.



Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.






Сабақтың соңы

Тақырыптық түйінді сөз

берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалімнің екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауына болады.


(ҚБ)

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

«Көңілді букет»

Сабақ түсінікті болса,жасыл гүл.

Сабақы толық түсінбесе ,сары гүл

Сабақ мүлдем түсініксіз болса ,қызыл гүлді құмыраға салу.

Оқушылар

дың бірін-бірі, өзін өзі бағалауға негізделген, бұл тәсілдің мақсаты өзін және құрбыларын әділ бағалауға үйрету.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген

кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылат ын

Қауіпсіздік техникасы

ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да

ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу

қажет?




































Қысқа мерзімді сабақ жоспары

С

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қараша
364
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі