|
Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу
мақсаттары (оқу
бағдарламасына
сілтеме)
|
1.2.9.1. Әріпті тану, ажырату
және оны дыбыспен сәйкестендіру. 1.3.5.1. Тақырыпқа байланысты
керекті сөздер , сызба, сурет, белгілер қолдана отырып, жай
сөйлемдер \ мәтін құрастыру және жазу. 13.11.1.Сөйлемді бас әріптен
бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін
қою
|
|
Сабақтың басы
|
1. Психологиялық
ахуал Ерте тұрып күнде
мен,
Терезені ашамын.
Сәлем,- деймін Күнге мен.
Шаттық әнге басамын.
Айналама қарасам,
Ғажайыптар қаншама.
Сан
жетпейді санасам,
Сәлем,- деймін баршаңа.
Оқушыларды кім?,не? кімдер?
нелер? деген сұрақтар арқылы топқа
бөлу. Қызығушылықты
ояту.
«Миға
шабуыл» әдісі бойынша сұрақтар
қоямын.
1.-Өткен сабақта қандай дыбыс
үйрендік?
2.-К қандай дыбыс?
3-
К дыбысынан келетін сөздерді ата,буынға бөл.
(кеме, терек, шелек, кесте,
текемет етік, елік, кесе) -Ендеше, балалар бүгінгі сабағымызда «Мен
және табиғат» Кк дыбысы мен әріпінің екінші сабағымен
танысамыз. Топтық жұмыс. «Ойлан,
жұптас, талқыла».
«Қар
қиыршықтарындағы» әріптерден сөздер құратып,
оқыту.




Бағалау критерийлері.
- Қар қиыршықтарындағы
әріптерден сөздер құрайды, оқиды. Дескриптор: - Қар қиыршықтарындағы
әріптерден сөздер құрай алады, оқи біледі.
|
Кім?,не?, кімдер?, нелер?
Сұрақтар , сөздер
Қар қиыршықтары
|
|
Сабақтың
ортасы\ сабақтың негізгі
бөлімі
|
Оқулықпен
жұмыс Жаңылтпашты жатқа айт. Шеше ,
шеше, Неше кесе Сынды кеше?
Жаңылтпашты оқушыларға оқытып,
жатқа айтқызу. Оқушылар осы жаңылтпашқа ұқсас өз нұсқаларын
құрастырады. Сұрақ қоя білу білігін, іздену жұмысын жасай алу
деңгейін бағалау.Іздену жұмысын ұйымдастыру. Алдымен сөздерді
оқытып, буынға бөлдіріп, буын санын анықтатып, дыбыс түрлерін
ажыраттыру.
ірімшік, кісі, кіші, кілт,
Еркін, етікші, ешкі
Әрі қарай сөздерің мағынасына
талдау жасату. Кім? сұрағына жауап беретін сөздерді
таптырып,сөздерден сөйлем
құрату.
Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді
оқушылар топтайды:
Кім? – Еркін, етікші,
кісі.
Не? – ірімшік, ешкі, кілт,
кіші.





Көп мағыналы сөздерді ажырата алу, қолдану
білігін бағалауды ұйымдастыру. Оқушылардың назарын суреттегі
есіктің кілті, музыка кілті, машина кілтіне назар аудартып,
олардағы ортақ нәрсені таптыру.

Сергіту
сәті Қолға қалам
алайық, Көркем етіп
жазайық Ойлайық та,
ойнайық Түсіп қалған
әріптерді Табайық,
жазайық. Дәптермен
жұмыс
Суретте берілген сөздерде
қалып кеткен әріпті жаздыру. шелек көбелек текемет
кесе
мектеп
еңбек
- Балалар табиғат деген
не?
- Сұрақтың жауабын төмендегі
суреттерден табуға болады? - Табиғатқа тағы не
жатады?
Қысқы табиғаттың суреттерінің
ішінде к
-дыбысы мен әрпі келетін
сөздерді топтастыру.

Күрек, кесек қар, шелек, Мереке, коньки,
төбешік
|
Оқулық , жаңылтпаш
Сызба
Кілттер суреті
Дәптер
Қысқы табиғат суреті
|