400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен және табиғат. Ү дыбысы мен әрпі.

Материал туралы қысқаша түсінік
1-сынып мұғалімдеріне сабақ жоспары үлгі ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Сынып: 1

Мұғалімнің есімі:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мен және табиғат. Ү дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.

1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесе-тін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.

1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту.

1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Ү дыбысының дауысты дыбыстар қатарына жататынын, Ү дыбысының сөздің басында, ортасында, соңында келетінін біледі.

Көбі:  Сөздің буыннан тұратынын біледі, сөздегі буын санын анықтай алады. Сөздерді буындап, тұтастай оқи алады.

Кейбірі: Сурет мазмұны бойынша әңгіме құрастыра алады.

Жетістік критерийлері

- әріптерді таниды және ажыратады;

- әріпті дыбыспен сәйкестендіріп оқиды;

- сюжетті суреттерді сипаттайды;

- буындап немесе тұтас сөздермен оқиды.

Дескриптор

- әріпті дыбыспен сәйкестендіре білемін;

- сөздегі әріп пен дыбыс санын анықтай аламын;

- сөйлемдерді буындап және тұтас сөздермен оқи аламын;

- сюжетті суреттер бойынша шағын әңгіме құрастырамын және мәтінді жүйелі әңгімелеймін.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Ү дыбысы мен әрпі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!


Шаттық шебері











Сабақтың ортасы

8 минут



№1 «Дұрыс-бұрыс» ойыны

Ойын шарты: дұрыс айтылған ақпарат болса,қолдарын жоғары шапалақтайды, бұрыс болса, төмен шапалақтайды.

1. К қатаң дауыссыз дыбыс (д)
2. Немере сөзі 2 буыннан тұрады (б)
3. Еркін, Дулат, Ырысты сөздері бас әріппен жазылады, өйткені бұл кісі аттары (д)
4. «ауа» сөзінде у жуан дауысты дыбыс болып тұр (б)
5. Мереке мектептен ерте келді. Сөйлем 4 сөзден құралған. (д)
6. Анам,әкем, Арман сөздері кім? сұрағына жауап береді (д)
7. ұн, ұшақ, ұршық сөздері о әрпінен басталып тұр
8. «мысық» сөзінде 2 дауысты дыбыс бар (д)

№2 Үү – Ұұ дыбыстарын салыстыру.

Ұн құн құз құндыз

Үн күн күз күндіз

Ұ – жуан дауысты дыбыс,созылып айтылады.

Ү - жіңішке дауысты дыбыс,созылып айтылады.

№3 Сурет астындағы тор көздерден Ү әрпінің орнын тауып жаз.

Picture 1



Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

1 минут

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Қызықты тапсырма

8 минут

Аяқталуы

16 минут

№4 Жұмбақтарды шешіп, жауабын 3 тілде айту

- Аппақ сұйық,
Қалса ұйып,
Шөлiң қанады,
Iшсең құйып.  
(Сүт-молоко- milk)

- Қырда жүрер ол жортып,
Iнi де жоқ бармайтын.
Құйрығымен бұлтартып,
Қандай аң ол алдайтын?    
(Түлкi-лиса- fox)

Адамға серік,
Күзетке берік
(Күшік-щенок- puppy)

№5 Жазылым. Дәптермен жұмыс 47-бет.

Picture 3



Оқулық, дәптерлер.

Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.

Picture 3


Бас бармақтар

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 ақпан
413
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі