400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мен жақсы оқушымын. Психолог сағаты. 4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілеріне, əлеуметтік педагогтарға жəне мектеп психологтарына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Психологпен біріккен сынып сағаты (4 сынып)

«Мен жақсы оқушымын»

Мақсаты:

  • Оқушылардың оқу мотивациясын арттыру.

  • Жағымсыз әдеттен жирену арқылы, кикілжіңсіз қатынас құруға үйрету.

  • Сынып оқушыларының өзара қарым-қатынасын жақсарту, сынып ұжымын жұмылдыру.

Қажетті құралдар: тотықұс суреті, күн сәулелерімен, стикерлер, «қоқыс шелегі» парақтар.

Психолог. Сәлеметсіздер ме, балалар. Бүгін біз ғажайып әлемге саяхатқа аттанамыз. Бүгінгі сабақ сендерге ұнайды деген сенімдеміз. Ал енді тотықұс бізге қонаққа келді екен. Тотықұстан моншақтар алып, сабақтың аяғына дейін қолымызда сақтайық. Ертегі әлеміне бару үшін бәріміз бірге «Кара-тара-бум!» деп айтайық.

Сынып жетекші. Сынып жетекші оқушыларға «Кірпі үй тапсырмасын қалай жасап үйренді» атты ертегіні айтып береді.

Психолог. Балалар, «Кара-тара-бум!» деп ертегі әлемінен сыныбымызға оралайық.

Жаттығу «Қоқыс шелегі».

Балалар, сендердің алдарында «Қоқыс шелегінің» суреті салынған парақтар бар. Соларға өздерінің жақсы оқушы болуға бөгет жасайтын жағымсыз қасиеттеріңді, жаман әдеттеріңді жазып қойыңдар. Ал енді парақтарыңды жыртып, қоқыс шелегіне тастаңдар.

  • Жағымсыз әдеттерді жазу қиын болды ма?

  • Кімде мүлдем жағымсыз қасиеттері жоқ?

Сынып жетекші. Оқушылар, тақтада сынып бөлмесінің суреті салынған плакат ілініп тұр. Осы плакатқа, сыныпта әдепті болу, жақсы оқушы болу ережелерін жазып ілейік.

Ережелер:

  • Сабаққа жүйелі түрде дайындалу;

  • Үзіліс кезде тәртіп сақтау және т.б.

Психолог. Жаттығу «Күн сәулесіндегі сыныптасымның бейнесі».

Балалар, біздің сыныпта ақкөңіл, жайдары екі ұл бар. Олар – Е. мен Б. Осы екі сыныптасымыздың қандай басқа жақсы қасиеттері бар екен? Күннің сәулелеріне жазып, күнімізге жабыстырайық.

  • Сыныбымыздағы әрбір оқушының жақсы қасиеттері бар. Әрбіреуіміздің жақсы қасиеттерін де жазуға болады.

Сынып жетекші өз пікірін айтады.

Психолог. Ал енді, балалар, алақанымызды ашайық. Қолымыздағы моншақтарды ұстап тілегімізді, арманымызды айтайық. Сыныптың моншағын құрайық. Осы моншақ сыныптағы татулықтың, бірліктің бейнесі болады.

Психолог моншақты сынып бөлмесіне іліп қояды.

Сабағымыз сәтті өткен үшін рахмет!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.10.2018
1489
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12