МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН
Жастар – әрбір халықтың алтын діңгегі, болашаққа бастар темірқазығы. Жастардың білімді, дарынды болуы мемлекеттік дамуына ерекше күш береді. «Жас мұраты, білім, тәлім – талабы, Өнер, оқу – жастықтың қару жарағы», - деп ақын Ілияс Жансүгіров айтып кеткендей, әрбір жастың мұраты білім алу болу керек. Болашақ – жастардың қолында ескерсек, ел тізгінін қолына алатын жастар білімді әрі жан-жақты болуы керек. Елдің дамуы не күйреуі олардың патриоттық сезімдерінің қаншылықты деңгейде болуына байланысты. Ал «көздегені көк аспан» болған жастарымыз мықты болса тамыр берік ағаштай қандай дауыл соқса да құламай, мығым күшке айналады.
Қазақта «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы ақсақал сәлем» береді деген мақал бар. Бұл мақалдың астарына үңілер болсақ, халқымыздың жас баланы құрметтеп, болашақта ел тұтқасы ретінде қарағанын аңғарамыз. Өсіп келе жатқан балаға ерекше назар аударуы жастарымызға жігер беріп, сенім ұялатады. Намысын оятып, елге, жерге жауапты екендігін сезіндіреді. Осындай сенімнің, үміттің арқасында халқымыз ғасырлар бойы ауызбіршілігін сақтап, ел мен жерді жаудан қорғай білген. Жастарымыз отаншыл болып өссін деген ниетпен «Атаңның ұлы болма, адамның ұлы бол» деген сөзді дана халқымыз жастайынан санасына сіңіріп өсірген. Осыдан барып жұрт дегенде жұмыла, ел дегенде егіле қызмет ету – жастар қауымы үшін ата сөзін орындау болып саналады. Осылайша жастарымыз әуел бастан ата сөзі мен тәрбиесіне адал болуға талпынып, сенімді ақтауға тырысатын болатын.
Ал, қазіргі таңда еліміздің ертеңі білімді де, дарынды жастардың қолында. Бұл күні жастарымыз алдынғы буын өкілдерінің жолын лайықты түрде жалғастырып, өздерін сенімді ізбасар екенін дәлелдеп келе жатыр. Бұлай болуы да заңдылық. Себебі, қай кезеңге назар аударсақ та қоғамның қозғаушы өкілдері – жастар болған. Мағжан сенген «арыстанбай айбатты, жолбарыстай қайратты» жастарымыз озық идеяларымен қоғамды дамытып, мемлекетті алға дамытуда. Бұның барлығы жүйелі түрде білім алғандығының нәтижесінде жүзеге асып жатқанын да айта кеткеніміз жөн.
Жастарға артылатын жүк те орасан зор. Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің баянды, тамырын терең ететін де – жастар. Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдырып, болашағын жарқын ету жолында жастардың сарқылмас жігері қажет. Жастардың санасы сергек, бәсекеге қабілетті болса сынақтардан сүрінбей өтіп, ел дамуына өлшеусіз үлес қосатын болады.
Жастық жігер көп нәрсе істеуге мүмкіндік береді. Батыр атамыз Бауыржан Момышұлы «20 жас тарихи ерліктерді жасауға таптырмас уақыт», – деген екен. Қазақ тарихына зер салып қарар болсақ, 20 жасында атын алтын әріппен жазып кеткен қаншама тұлға бар екенін көреміз. Мысалы, ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсарин 20 жасында Торғай мектебіне мұғалім болып барып, ел ішінде мектептің пайдасын түсіндірумен қатар, көптеген баланы 4 жыл өз үйінде оқытқан. Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов 20 жасында «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны Ойқұдықтағы сахнаға шығарады. Ал Шоқан Уәлиханов болса, 19 жасында «Тоқтамыс ханның жарлығы» атты алғашқы ғылыми еңбегін жарыққа шығарған. Кейнгі толқын буындардың арасынан да жастайынан жарқылдап, алмас қылыштай өткір кезінде ел есінде қалған тұлғалар жетерлік. Олардың қатарына 20 жасында олимпиада чемпионы атанған боксшы Бекзат Саттархановты қоссақ болады. Бұнымен біз жалындап тұрған жастық кез ерлік істеуге лайықты сәт екенін айта кеткіміз келеді.
Қазіргі таңда елімізде жастар саясатына да ерекше көңіл бөлініп келе жатыр. Жастардың пікірі мен іс-әрекеті қоғам өмірінде маңызды орын алып, халықаралық дәрежеде де талқылануда. Статистикалық деректерге назар аударсақ, мемлекетіміздің 4,5 миллионын жастарымыз құрайды. Бұл жалпы халқымыздың 30 пайызы. Бұл жастардың барлығында рухани-адамгершілік, саяси интелектік, құқықтық тәрбие басым болса алар асу мен бағындырар белестеріміз көп болады.
Сөзімізді қорытындылайтын болсақ, жастар – ел мен жердің және тәуелсіздігіміздің тұғырын биік етер алпауыт күштің иесі. Мен де мұғалім ретінде алдымдағы оқушыларды пайдалы білім нәрімен сусындатып, ұлтқа игілігін көрсететін оғландар етіп шығаруға бар күш-жігерімді сарп етемін.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мен жастарға сенемін

шағым қалдыра аласыз