Материалдар / "Мен жастарға сенемін" мақала
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Мен жастарға сенемін" мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиелік жастар жылына арнлаған мақала
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2020
944
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты –

Қырандай күштi қанатты

Мен жастарға сенемiн!

Көздерiнде от ойнар,

Сөздерiнде жалын бар,

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемiн!

(М.Жұмабаев)



«Қоғамның даму үдерісін ілгерітудің жетекші күші-жастар»

Мен,өз тақырыбымды сүйікті ақыным Мағжан Жұмабаевтың өлеңін эпиграф ретінде алып бастауды жөн көрдім. «Мен жастарға сенемін!»-деп жүрек лүпіліне жастарды бөлеген ақынның үміт артқан, медеу күткен, арқа сүйеп, рухани демеп кеткен бар сенері бүгінгі жастар-біз, оның ішінде біз де бармын. Сүйікті ақынымның сенімін ақтап, аманатын арқалаған жастар бабамыздың әр сөзіне ерекше ден қойып, көңілге түйіп, жүрекке бекітіп өстік. Елдің тағдыры – біздің қолымызда екенін сеземіз де , білеміз де. Оған тарих беттері куә. Ары бармай –ақ, 1986 жылы келген тәуелсіздік үшін құрбан болған жастардың жігері мен төгілген қаны куә. Қалайша, біз оларды ұмыта аламыз?Алаңға шығып, жас өмірін елінің тәуелсіздігі үшін пида еткен жандарды ұмыту иүмкін бе? Әрбір , бойында қазаақтың қаны бар жас Қайратттың абақтыда отырып жазып кеткен сөздерін әрқашан жадында ұстауы керек деп ойлаймын. Өз басым Қайраттың « Қазақ деген затым бар, Қайрат деген атым бар, Еркек тоқты-құрбандық,Атам десең атыңдар» деген сөдерін жадымнан шығармаймын. Еліңді сүйсең солай сүй. Сол үшін білім игеріп, ғылым қуып, өнер үйреніп, ерінбей еңбек етіп, ел игілігі үшін қызмет еткім келеді. Бірінші елбасымыз менің сүйікті ақынымның сөзін санасына сіңіріп, осы тұрғыдан жастарға қатты көңіл бөліп, қолдау көрсетіп,        сенім артып отыр ғой. Тәуелсіздіктің тәтті дәмін татып, еш алаңсыз өскен жастарымызәрдайым татулық пен тәңірден келген тәті сыйдың қадірін біліп, ел тұтқасын ұстар ұлтжанды ұрпақ болатынымызға еш күмән келтірмеймін.Сондықтан зияткерлік мектептер, әлемдік деңгейде білім берер университет ашып, «Болашақ» бағдарламасын енгізіп, қазақ жастарының да өз тілін, елін шексіз сүйетін, білімі мен беделі жағынан бәсекеге қабілетті, жан-жақты болып қалыптасуы үшін жанын салады.Қазақстанды Отаным деп таныған әрбір азамат  қазақ елінің тарих сахнасында басты әрі мәңгілік орын алуы үшін өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Мұның басты шарттарының идеяларын елбасымыз «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай  отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика өркендеу үстіндегі  күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп нақты көрсеткен болатын.

Өздеріңізге белгілі, экс-президент жастарға көп көңіл бөледі. Өткен жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынды. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап жастар мәселесі мемлекеттің ең басты назарында болып келеді. Мұның дәлелі ретінде «Болашақ», «Жасыл Ел», «Жастар -Отанға», «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі», «Жас мамандар қоры» сияқты көптеген мемлекеттік бағдарламаларды айтуға болады. Ел азаматтарының 5 млн-ға жуығы 14 пен 29-дың аралығындағы жастар. Президентіміздің жастар мәселесіне жіті мән бергендігі сондықтан болса керек. Себебі, қоғамның даму үдерісін ілгерлетудің жетекші күші жастар екендігі ақиқат.

Қазіргі кезде мемлекет үшін ұлттық-патриоттық тәрбиенің орны бөлек. Сондықтан жастармен жүргізілетін тәрбие жұмысы да қолға алынды. Әсіресе, жастардың ұлттық сана-сезімін оятып, Отансүйгіштік қасиеттерге тәрбиелеудің маңызы зор. Мен патриоттық тәрбие берудің ұлттық қағидасын айқындап, осы бағытта жұмыс жүргізетін үйлестіруші кеңес құрылса деген ұсыныс айтқым келеді. Желтоқсан құрбандарына арналған бірде-бір баннер, бірде бір тақырыптық жарнама, не мектеп оқулығында бір де бет, бағдарламада бір де тақырып арналмағаны жаныма батады.

Бірақ,бізді қуантатын да жағдайлар бар. Соның бірі – «Өзің үшін ғана өмір сүру ұлттан ұят» дейтін жастардың көбейіп келе жатқаны. Елбасының жастарға жасалған еңбегі мен қамқорлығының жылуын жастардың жақсы білетініне сенім білдіргім келеді.Елбасы Жолдауына қолдау білдіріп, орындалуына бірге атсалысуға замандастарымды шақырамын. Еліміздің болашағы-әрқайсымыздың адал еңбегімізге тікелей қатысты дегім келеді,себебі қоғамның даму үдерісін ілгерілетудің жетекші күші –жастар екенін әрбір жас жүрегімен ұқса екен... Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында жастарға басымдық көбірек берді ғой. Кәсіпке ынталы азаматтар мен жоғары оқу орнын тәмамдаған мамандық иелерін мейлінше жалақысы көп қызметке орналастыруды тапсырды. Диплом алып, жұмыс іздеп, табанын тоздыратын жастардың азаюына бұл бағдарлама көмектеседі деген сенімдемін. Ендігі жастардың міндеті сапалы білім алып, әрбір саланың өрісін кеңейту жолында қызмет атқара білу. Бір сөзбен айтқанда, артылған сенімге селкеу түсірмей, міндеттемелерге жауапкершілікпен қараса екен.
Қазір жастардың көбі бизнеске бет бұрды. Әсіресе, «Жас ПРОДЖЕКТ» жобасы олардың екінші тынысын ашты. Еліміздің
белсенді жастары жоба аясында үздік нәтиже көрсетіп, бірнеше грантты жеңіп алды. Сондай-ақ, әлеуметтік тапсырыс аясында кәсіпкерлікке оқыту курсы мен бизнес жобалар байқауы, жастардың кәсіпкерлік сауаттылығы мен бизнес бастаудағы ынта жігерін арттыру мақсатында түрлі шаралар өтуде. Олардың бойында рухани тәрбиелік құндылықтар жетілдіру барысындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы». Ьұл бағдарлама аясында жастар «Тарихымды танып білгім келеді» атты тарихи-танымдық саяхатын ұйымдастырып,атақты адамдардың жетістіктерімен танысып, соларға неге ұқсамасқа деп серпіліс танытуда.
Жастар маңқұрт болмаса екен.Осы жолда жастарға арналған мүмкіндіктер алаңына қосылуға үлкен жол ашылды. Артылған сенім мен үмітті ақтау, белгілі нәтижелерге жетіп, тозатын емес, озатын сала маманы атануды басты назарда ұстаған жастар көбеюде. Оған жастардың ерік-жігері, қажыр-қайраты жетеді. Жастарды осы сезім жетелеп, қолдарыңа аттестат алғаннан кейін білім іздеп, жоғарғы оқу орнына түсу үшін сапар шегетіндері анық.

Н.Ә.Назарбаев: «Жас ұрпаққа қам­қор­лық, оның қазіргі өмірі мен бола­шағы үшін қам жеу қашанда менің саяса­тым­ның басты мағынасы болған. Әрбір жас қазақстандықтың жақсы білім алатын, отбасын құратын, жеке тұр­ғын пәтерге ие болатын мүмкіндігі бар» – деді. Жақсы білім алса, сапалы қызмет жасап, елінің көркеюіне үлес қосатыныма ешбір күмәнданбаймын. Биылғы жыл жастар жылы бол­ған­дықтан, жастарға артылар үміт те міндет те көп болмақ. Қоғамның маңыз­ды бөлігін құрайтын жастарға кең мүм­кіндік берілді.Енді жастарға игі істер мен жаңа бастамалар бастайтын мүмкіндік  туындады. Сол мүмкіндікті жастарымыз қалт жібермесе екен деген келеді. Басқа жастарды да осы ойға қосылуға шақырамын. Еліміздің үмітін ақтаңдар деген келеді.

Шынында да «Жастар жылы» − жалындаған жас қауымның жүрегінде туындаған талай идеяны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тамаша кезең. Жастарды болашаққа сеніммен аяқ басуға,экс-президент ортаға тастаған бастамаларды белсенді қолдауға, жүзеге асыруға шақырамын. 

Жастар, қашан да жетекшілеріміздің қоғамды алға бастырар идеяларын қуана қолдап, оны жалғастырып жүреді. Еліміз, басшыларымыз «балам» деп олардың белдерін буып жатса, жастар да «елім» деп ерінбей еңбек етуге әзір деген сенімім мол. «Алға, Қазақстан жастары! Біз елімізбен біргеміз!» -деген жалынды ұран қазіргі таңда әр жастың жүрегінде орын тапса екен деп тілеймін. «Жастар ел болашағының дамуының күші» – деп Елбасымыз айтқандай, Жастар – үлкен күш, Жастар дегеніміз – жалын от, Жас жүрген жер – мереке. Жастардың бастамасымен елімізде көптеген шаралар өтіп жатыр.

«Мен жастарға сенемiн!», – деп Мағжат Жұмабаев атамыз жырлағандай жалынды жастарға үлкен сенім артылды.Енді ,жастардың міндеті – білім алып, елге қызмет ету. Мемлекетіміз өркендеп өсуі үшін адал қызмет атқару. Жастар жылы үлкен жаңалықтарға жол ашты деп ойлаймын.Жаңа бастамалардан жақсылықтар күтемін.

2019 жылдың жастар жылы болғанына өз басым ерекше қуаныштымын, Елі үшін,елдің болашағы үшін оның маңызы зор. Әрбір жас ұстаздары мен ата-аналарының үмітін ақтап, жүрегі қалаған мамандық иесі атанып, еліне адал қызмет жасап, Отанына пайда әкелсе екен деп тілеймін. Қоғамның даму үдерісін ілгерілетудің жетекші күші жастар болса, сол жастарға білім беретін жандармыз. Мемлекетіміздің жастарға қатысты жобалар мен бастамаларды ескеріп, жастарға ерекше көңіл бөлгені жанымды тербетеді,жүрегіме еліме деген сүйіспеншілігімді қоздыратын бір күш сыйлайды. «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау – мемлекеттік саясатының басымдылығына айналуы тиіс» деді Елбасы. Ал бұл сөздерді естіген жастардың да қарымта қайтарғысы келетіні белгілі. Бұл – жастар үшін үлкен мәртебе.  Қоғамның әр азаматы өз жұмысын еліміздің дамуына апарар маңызды істің бөлігі деп білсе, зайырлы мемлекет ретінде көздеген мақсаттарымыз алыс емес. Бұл ретте жастарға көп үміт артамыз.

Иә, біз Еуразия кеңістігінде 25 жылдық егемендігін еңселеген елдің бақытты ұрпағымыз. Мағжан атамыздың сөзін елбасының өзі басшылыққа алып, «Болашақтың кілті – жастардың қолында», «Ел ертеңі – білімді ұрпақ», «Тәуелсіздіктің мызғымас тірегі - жастарымыз» деп ылғи бастама көтеріп, жастарға көп қолдау көрсетіп, үлкен сенім білдіріп келеді. Әрине, біз егемен елдің егесіміз, қазақ деген ғажап халықтың ұлттық намысымыз, «ойы дауыл, сезімі аспан, тек жеңіспен көзін ашқан» жалынды жігеріміз, айбынды айбатымыз, қажырлы қайратымыз бар, көзімізде от ойнаған, білім деген сарқылмас бұлақтың суын қанып ішіп, биіктерге бойлаған тәуелсіз елдің тірегіміз.

         Елін сүйген өскелең ұрпағы бар елдің ертеңі айқын, келешегі кемел, болашағы жарқын. Себебі, әрбір жас, Мағжан сенген жастардың бірімін деп өзін есептесе, мақтанса , қуанса, шаттанса,елінің де сенімін ақтайды деген сенім көңілге ұялайды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!