Мен кіммін?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мен кіммін?

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы:

Барлығы өзім туралы Мен кіммін?

Мектеп: №25 Г.Титов атындағы ЖОМ КММ

Күні : 08.09.2018ж


Мұғалімнің есімі: Пазилова Г

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны: 18

Қатыспағандар саны:

Жоқ

Оқу мақсаты:

1.1.2.6 өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау

Сабақ мақсаты:

  • Барлық оқушылар: өзі туралы қарапайым сөзбен әңгімелейді, бір-бірімен танысады;


  • Оқушылардың басым бөлігі:. адамдардың ұқсастығы мен жеке ерекшеліктері туралы біледі;

  • Кейбір оқушылар: мектептегі іс-әрекеттерге, әдептер мен тәртіпке қатысты ережелерді сақтауды біледі.

Бағалау критерийлері

Оқушыға тән ерекшеліктерді атайды

Өзінің сынып ұжымына қатыстылығына мысал келтіреді.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну

Тірек сөздер:

есім (аты) – имя – name; адам – человек – human.

Ресурстар:

«Мен» сөзі жазылған шар, есімдері жазылған бейджиктер, барлық оқушылардың есімдері жазылған конверттегі хат, фотосуреттер, орам жіп.

Құндылықтарды дарыту

Бір-бірін құрметтеуге тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Сауат ашу , көркем еңбек



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басталуы

Ертеңгілік шеңбері

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сабақ мақсатымен таныстыру


Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ

Оқулық және жұмыс дәптерінің беттерінде кездесетін кейіпкер Ботамен таныстыру. Оларға «Дүниетану» сабағында немен айналысатыны туралы хабарлау.


Сабақ тақырыбы бойынша жұмысты бастау үшін оқушыларды оқулықтың 1-бетіндегі суретке қарауын сұраймын.


Сабаққа дейін қабырғаға «МЕН» сөзі жазылған шарды бекітемін. Бота шарын сабаққа алып келе жатқан кезде жоғалтып алғанын айту.Оқушыларға шарды табуға көмектесуге ұсыныс беру. Шарда жазылған сөзді кімнің оқи алатынын сұрау.Олар бұл сөздің нені білдіретінін айтады.

Shape1 Shape2

Жауабы: «Мен» – бұл мен туралы айтылған сөз. Егер адам өзі туралы айтса, «мен» дейді.


«Мен» сөзін хормен айтқызыңыз және сабақ тақырыбын хабарлау.


1 Салыстыр.

Cуреттерге қара. Кімдерді көріп тұрсың?

Суреттегі адамдарды салыстыр.

Ұқсастығы мен айырмашылығын анықта.

Дескриптор:

Суреттерді сипаттайды

Суреттегі адамдарды салыстырады.

Олардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды


Ойын: «Кім зерек?»

Мұғалімнің белгісі бойынша оқушылар тез арада мынадай ерекшеліктері бойынша топтарға жиналады:

көзі қара/мөлдір;

шашы ұзын/қысқа;

аяқкиімінің түсі қара;

есімдері бірдей және т.б.


2 Біз қандаймыз?

Бір-біріңе қара.

Араларыңда бір-бірінен айнымайтын екі адам бар ма?

Адамдардың ұқсастығы мен айырмашылығы туралы өз ойларыңды айтыңдар.

Дескриптор:

Адамдардың ұқсастығы мен айырмашылығы туралы айтады


3 Анықта.

Оқушы қандай болуы керек?

Оқушыға тән ерекшеліктерді айтады

Қосымша тапсырма: дәптермен жұмыс

1 Бұл-мен

2 Маған ұнайтын заттар



«Мен» сөзі жазылған шар, есімдері жазылған бейджиктер, барлық оқушылардың есімдері жазылған конверттегі хат, фотосуреттер,

Сабақтың соңы

Қорытындылау

«Ұйқас» тапсырмасын орындау


Оқушылар «иә» немесе «жоқ» деп жауап


беруі тиіс.


Біздің әрқайсымыз ерекшеміз?

Иә.

Әрқашан ереже сақтаймыз ба?

Иә.

Біз барлығымыз бірдейміз.

Жоқ.

Сенің есімің түсініксіз ұғымды білдіреді?

Жоқ.


Кері байланыс алу

«Кеме суреттері» әдісі



Қосымша ақпарат

Саралау. Тапсырмаларды орындау барысында қиындықтарға тап болған оқушыларға көмектесемін, қолдау көрсетемін. Қабілеті жоғары оқушыға қосымша тапсырма беремін

Бағалау- оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Досыңның суретін сал. Оның көңіл-күйін көрсетуге тырыс.

Көңілді смайликтер арқылы

Мектептегі қауіпсіздік ережелерін ескертемін

Рефлексия













Тексерілді:



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2018
639
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі