жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мен кіммін ? Кеше. Бүгін. Ертең
Қызылорда облысы,Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
Е.С.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі
Қарақұл Гулмира Байболатқызы
«Мен кіммін ? Кеше. Бүгін. Ертең » атты ашық ата-аналар жиналысының сценарийі
Идея авторы: «Таланттар академиясы » орталығының президенті К.Б.Мергенбаева
Сценарий жазған: сынып жетекшісі Г.Қарақұлова
Өтілетін орны: 4 « Б » сынып бөлмесі
Жүргізушілер: сынып жетекшісі Г.Қарақұлова
ата-ана Амангелдіқызы Надира
оқушы Әбілқасым Айғаным
Қатысушылар: 4 « Б » сынып оқушылары мен ата-аналары
Мектеп- лицей әкімшілігі
Бастауыш сынып мұғалімдері
Уақыты : 19.09.2014 жыл, сағат 17 .00
Ата-аналар жиналысының тақырыбы: «Мен кіммін ? Кеше. Бүгін. Ертең »
Мақсаты: Ата-аналарды бала болашағына бейжай қарамай,жауаптылық танытуға шақыру.
Ата-ананың бала тәрбиесі туралы сауаттылығы мен белсенділігін арттыру.
Құрал-жабдығы: Презентациялар,суреттер
Барысы:
І.Кіріспе бөлім
1. Ата – ана Надира: Армысыздар,құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар.
2. Айғаным: Адам өмірі керуеннің көші секілді.Адам баласы болашағының жарқын
болатынына үлкен сеніммен қарайды. Ендеше сіздерді «Мен кіммін ?
Кеше. Бүгін. Ертең » тақырыбы аясында ой бөлісуге шақырамыз.
3. Надира: Ұлы адамдар да кезінде адамға үлкен ой тастайтын осы «Мен кіммін ? »
деген сұрақ төңірегінде өз – өздеріне есеп берсе керек.
4.Айғаным: « Егер де ұлы адамдардың қатарында болғың келсе, күніне бір рет, жұмасына
бір рет, ең болмаса айына бір рет өз – өзіңнен есеп ал » деген болатын
Ұлы Абай.
Ұлы Абай несімен Ұлы болды ? Осы сұраққа жауап іздесек.
5. Бейнематериал « Ұлы Абай туралы »
ІІ.Негізгі бөлім.
Айғаным: Қандай тамаша! Сіз білесіз бе, Надира апай, ал біз үшін ең ұлы адамдар,
ол біздің ұстаздарымыз.
2. Надира: Дұрыс айтасың , Айғаным. Гүлмира апай, мен ата-ана ретінде сізге
перзентімді 1 –сыныпқа әкелгеніме қатты қуанамын. Біз сізді үлгі тұтамыз.
Менің Досұланымдай бала болдыңыз. Балалық шағыңыз туралы айта кетсеңіз.
3 .Гүлмира апай сөйлейді.
4. Айғаным: Рақмет апай, « адамның кешегісі болмаса , бүгінгісі де болмайды » демекші
Гүлмира апайдың ойын кім жалғастырар екен ? Қадірлі ата-аналар,
кешегіңіз бен бүгініңіз туралы не айтасыздар ?
5. Ата-аналар сөйлейді.
6. Айғаным: Рақмет ата-аналар, Сіздердіңіз ертеңгі болашағыңыз, бізбіз, олай болса,
менің сыныптастарымды тыңдағым келеді.
7. Оқушылар сөйлейді.
А) І топтағылар
Нұрсұлтан: Мен Нұрсұлтанмын.Мен болашақта әкем сияқты полиция қызметкері
болғым келеді. Айналамдағы адамдарды тәртіпке шақырамын. Ал сен ше ,Ерасыл ?
Ерасыл: Ал мен өскенде ғарышкер болғым келеді.Мен Т.Әубәкіров пен Ю.Гагарин сияқты
ғарышқа ұшқым келеді. Кәусар, сен ше ?
Кәусар: Мен музыка пәнін ұнатамын.Болашақта Гүлнар апай сияқты музыка пәнінің
мұғалімі болғым келеді. Әлішер, сенің қандай арманың бар ?
Әлішер: Кәусар, мен спортты жақсы көремін, әсіресе, футболды. Менің арманым
Рональдо сияқты атақты футболист болу. Динара,сенің қандай мақсатың бар ?
Динара: Мен қазақ тілі мен ана тілі пәндерін жақсы көремін.Мен болашақта Күләш апай
секілді керемет ұстаз болғым келеді.Жанханым, сенің қандай ойың бар ?
Жанханым:Мен қазір 4 – сыныпта оқимын.Мен болашақта Жалпақбай атам сияқты
математик әрі шахматшы болғым келеді. Аружан ,сен ше ?
Аружан: Мен кеше ғана балабақшаға барып жүрген кішкентай бала едім.Ал қазір оқушы
мын.Мен болашақта адам жанының арашасы болатын дәрігер болғым келеді.
Әлихан: Дұрыс айтасың,Аружан.Мен де балабақшада жүргенде – ақ заңгер болуды
армандайтынмын.Қайтсем де сол арманыма жетемін.Мен қазақтың үш биі сияқты дауды
әділ шешетін заңгер болғым келеді.
Гүлбада: Мен оқушылар үйіндегі би үйірмесіне қатысамын.Мен өскенде Шара,Шұғыла
сынды биші болғым келеді.Мен би десе ішкен асымды жерге қоямын.
Қайыржан: Гүлбада, сен өнерді жақсы көрсең,мен ғылымды ұнатамын.Менің келешекте
сумен жүретін көлік ойлап тапқым келеді.Ол судан энергия алып, қалған қалдығын
тазартып табиғи бұлт шығарады. Осы сияқты тағы да зиянсыз заттар жасағым келеді.
Б) ІІ топтағылар
Нұрханым: Мен кеше 3-4 жасымда «Балдырған» балабақшасында болдым.Бірақ ол
кезде мектепте оқығым келді.Қазір сол арманыма жеттім.Мен 3 – сыныпта оқып
жүргенде ғылыми жобалар байқауына қатысыстым.Мен болашақта
Салтанат Байқошқарова секілді дәрігер –ғалым болғым келеді.
Диас: Арманың орындалсын, Нұрханым.Мен кеше бала едім.Қаз-қаз басқанымды
ата-анам қызықтап күлетін.Қазір өстім, екінші сыныпта оқып жүргенімде мәнерлеп
оқу сайысына қатысып, жеңімпаз атандым.Болашақта Қажымұқан сияқты палуан
болуға дайындалып жүрмін.
Досұлан: Арманыңа жетуіңе тілектеспін, Диас.Мен 2 – сыныпта оқып жүргенде
«Толағай» отбасылық спорттық сайысына қатысып,жеңімпаз атандым.Болашақта
адамдарды төтенше жағдайлардан құтқарушы болғым келеді.
Нұрсұлтан: Талабың таудай болсын, Досұлан.Мен 1 – сынып оқып жүргенімде бәрі
маған қиын көрінді.Содан соң мен үйреністім.Мен одан кейін көптеген жеңістерге
жеттім.Менің қазіргі арманым Риал Мадрид командасының ойыншысы атану.
Шапағат: Сенің атақты футболист болатыныңа сенемін, Нұрсұлтан.Мен Шапағатпын.
Мен Ақ тілектер сайысында Президентімізге арнап ақ тілегімді өлеңмен жазып
І орынды иеленгенмін.Болашақта атам Қаражан сияқты білікті дәрігер болғым келеді.
Ол үшін жан-жақты білім керек.Жоғары сыныпта оқығанда ХХІ ғасыр көшбасшысы
сайысына қатысқым келеді.
Аяжан:Мақсатыңа жет,Шапағат.Менің атым Аяжан.Мен кеше ес білмейтін бүлдіршін
едім, ал бүгін 4 – сынып оқушысымын.Мен асфальтқа сурет салу және ақ тілектер жазу
сайысынан ІІ орын алдым. Мен Гүлфайруз Йсмаилова апамыз сияқты атақты суретші
болғым келеді.Менің сурет салғанды жаным сүйеді.
Камила:Үлкен суретші болуыңа тілектеспін,Аяжан.Мен кішкентай кезімде мектеп
табалдырығын аттауды армандайтынмын.Қазір мен сол арманыма жеттім.3 – сыныпта
аудандық ғылыми жобалар байқауында І орынға ие болдым.Мен болашақта Сара,Жансая
сынды айтыскер ақын болғым келеді.Қазақтың айтысын ағылшынтіліне аударғым келеді.
Ол үшін Жазира апаймен бірге Лондонға баруды жоспарлап жүрмін.
Жаннура:Лондонға барғаныңды қалаймын,Камила.Мен кеше ғана шыр етіп дүниеге
келдімМені анам аялап өсірді.Аялы алақанына салып бақты.Мені жылы киіндіріп,
қарнымдытойдырды.Ал енді мен өстім.Қазір 4 – сынып оқимын.Өзім оқып,өзім жазамын.
Бірақ барынша өстім деп айта алмаймын.Мен әлі өсемін.Студент болып,оқуға түсемін.
Менің математик болғым келеді.Мен аудандық,облыстық шахмат сайыстарының
жеңімпазымын..Қазақ тілі пәнінен олимпиададад бас жүлдені жеңіп алдым.
«Қазақстанның үміт артарлары» кітабына екі дүркін жарияландым.Мен үшін бұл аз
.Ендігі менің мақсатым қазақ-түрік лицейіне оқуға түсу.Одан кейін Жәутіков атындағы
физика-математика мектебіне оқуға түскім келеді.
Диас: Мақсатыңа жете бер, Жаннура. Мен кеше іңгәлап бесікте жатқан сәби едім
.Ал қазір білім қуып сабақ оқып жүрмін. 3 – сыныпта халыаралық «Кенгуру-
математика» байқауында ІІ орынға ие болдым.Мені ертең болашағым күтіп тұр.
Мен өскенде ғалым болғым келеді.Ол үшін Назарбаев мектебіне түсуге дайындаламын.
Мирас:Назарбаев мектебіне түсуіңе тілектеспін,Диас.Мен болашақта Жәутіков атандағы
физика-математика мектебіне түскім келеді.Мен 3 – сыныпта халықаралық
«Кенгуру – математика » байқауының ІІІ орын иегері болдым.Архимед сияқты ұлы
математик ғалым боламын.
Қажымұқан: Таудай талабың орындалсын,Мирас.Мен кеше ғана сәби едім.Бүгін өсіп,
азамат болып,көпжетістіктерге жеттім.Аудандық «Бастау»математикалық
турнирінде ІІ орынға ие болдым. Мен аудандық шахмат сайыстарының жеңімпазымын.
Мен болашақта үш тілде сөйлей алатын Асқар Жұмаділдаев сияқты математик ғалым
болғым келеді.
8. Гүлмира апай: Шәкірттерімнің осындай үлкен ойларынан кейін менің балаларым
15 – 16 жылдан кейін қандай болады екен ? Бір сәт көз жүгіртейікші.
9. Ортаға бір топ ер балалар шығады.
Нұрсұлтан: Сәлем, жігіттер, қалайсыңдар?
Әлішер: Жігіттер,бүгін бізді осы жерде кездесер деп кім ойлаған ?
Диас: Иә,жігіттер, қандай іспен шұғылданып жүрсіңдер ?
Қажымұқан: Мен Жәутіков атындағы физика-математика мектебінде Асқар
Жұмаділдаевтың ассистентімін.
Шарипов Диас: Мен республикалық « Кәсіпкерлер Палатасының »
вице – президентімін.
Ерасыл: Ал мен Президент аппаратында қызметтемін.
Диас: Мен Назарбаев университетінде ғылым докторымын.
Әлішер: Мен Кембридж университетінің профессорымын.
Нұрсұлтан: Ал мен үш тілде оқытатын № 249 мектеп – лицейдің директорымын.
Шарипов Диас: Қойшы, рас айтасың ба ?
Нұрсұлтан: Рас
Диас: Айтпақшы,қыздар қайда ?
Ерасыл: Олар бізді мектепте күтіп отыр
Қажымұқан: Онда не тұрыс? Білім алған алтын ұямызға барайық та
Нұрсұлтан: Жүріңдер,бірге барайық
10. Гүлмира апай: Міне, балапандарым, армандарың орындалсын.Арманның
алдамайтынына сену керек.
11.Надира:Ендігі сөз тізгінін аяулы ұстаздарымызға ұсынамыз.Күләш апай, біз сізді
ұстаздардың идеалы ретінде танимыз.Осыншама білімі мен парасат-пайымы
мол адам болуға қалай қол жеткіздіңіз ?
12.Айғаным: Рақмет апай. Күлзипа апай, бізге айтар қандай ақыл-кеңесіңіз бар ?
13.Гүлмира апай: Рақмет апай. Енді ортаға өнерді сүйетін шәкірттерімді шақырамын.
14. Динара мен Әлихан ана тілі туралы өлең оқиды.
Динара:
Тіл деген – алып мұхит түбі терең,
Піспегі толқын шашқан күбі ерен.
Қадірін тілдің сұра сақаулардан,
Көзіне жас алып бір күбірлеген.
Тіл деген – жарық жұлдыз аспандағы,
Арманның қиял жетпес баспалдағы.
Қадірін тілдің сұра мылқаулардан,
Көлінен ұшпай қалған қасқалдағы.
Тіл деген – адастырмас темірқазық,
Өрісі магнитінің өмірге азық.
Қадірін тілдің сұра кереңдерден,
Сөйлеуді арман еткен көңіл жазып
Әлихан:
АНА ТІЛІМ
Ана тілім –
Анам тілі болғаннан,
Ана тілім -
Бабам тілі болғаннан,
Далам тілі,
Балам тілі болғаннан,
Арғы-бергі Заман тілі болғаннан ...
Темірқазық жұлдызым деп ұқтым мен,
Жаза басып,
Жаңылыссам жолдардан,
Бағыт сілтеп,
Бағдарымды оңғарған!
Тілсіз, жырсыз тіршілік те тұншығар.
Аспан, Жердің амандығын апаттан
Сақтап тұрған қасиетті Тіл шығар,
Тіл болмаса үнсіздікке кім шыдар?
Жалғасқанда жақсылықтың жолы әман,
Дүние – думан,
Шалқып – толқып толар ән.
Сырым – жырым,
Әнім – күйім,
Зар – мұңым,
Қуанышым – бұла күшім,
Таң нұрым –
Бабам тілі,
Анам тілі, бол аман!
Әлихан: Біз сіздерді 22 қыркүйек – Тілдер мерекесімен құттықтаймыз.
Динара: Біз сіздерге өзіміздің періште тілегімізді ұсынамыз.
Екеуі ұстаздар мен ата-аналарға : Кешегіңіз көшелі
Бүгініңіз берекелі
Ертеңіңіз еңселі болсын !
деген мазмұндағы тілек жазылған парақшаларды таратады.
15.Айғаным: Мен өскенде Ф.Оңғарсынова сынды халқымның ерке ақын қызы болғым
келеді.Өзімнің жүрегімнен шыққан өлеңімді тарту етемін.
Өзі жазған өлеңін оқиды.
ІІІ.Қорытынды бөлім
1. Гүлмира апай: Ата-аналар жиналысы да мәресіне жетті. Ендеше,
2. Надира: Кешегіңіз көшелі
Айғаным: Бүгініңіз берекелі
Хормен: Ертеңіңіз еңселі болсын !
Надира: Дей отырып бүгінгі «Мен кіммін ? Кеше. Бүгін. Ертең » атты ой бөлісу
жиынымызды аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген