400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мен көп тіл білемін

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл туралы мәліметтермен танысады, мақал-мәтелдер,жқмбақтар үйренеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мен көп тілді білемін" мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.

Қазақ тілі мен тарих  және ағылшын тілі мен орыс тілі  әдістеме бірлестіктерінің  ұйымдастыруымен  «Тілдер күні» және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өтілетін «Тілге құрмет - елге құрмет» атты тіл мерекесіне орай өткізілетін іс-шаралар аясында "Мен көп тілді білемін" мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.

Мақсаты: Тіл – ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге үйрету.







































«Мен көп тіл білемін» өлеңді мәнерлеп оқу сайысы.

Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүйуге, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.
1 жүргізуші:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі мектебіміздің 8 сыныптар арасында өткізілетін «Мен көп тіл білемін» атты Тіл туралы ақын-жазушыларымыздың өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер.
2 жүргізуші:

Тілім менің қайыршы емес қаңғыбас,
Тілім тұлпар – қуған желге шалдырмас.
Кенже ұлдай үлкен үйге мұрагер
Жер иесі – менің тілім мәңгі жас.
Әуезов, Абайды өткен дәріс тілі,
Тіл қатқан Тоқтар, Талғат ғарыш тілі.
Қанша Заң қабылдаймыз, жетер енді,
Естілсін мемлекеттік әр істе үні!

1 жүргізуші:
Қазақ осы ағыл-тегіл көл- көсір,
Қазақ осы « Өнер алды- тіл дейтін»,
Қазақ осы қарасыңба, ақсыңба,
Қоңырсыңба жатырқауды білмейтін,-
деп ақын ағамыз Қ.Мырзалиев айтқандай, ұлы қазақ даласында 130- дан астам ұлт өкілдері татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет. Осындай мақсатпен мектебімізде 8 сыныптарда арасында осы сайыс ұйымдастырылып отыр.
Әнұран орындалады.

2 жүргізуші: Тіл мәселесі – ежелден қашан да өткір, өзекті мәселе. Халқымыздың өз ұрпағын өз тілінде сөйлетудің өзі арман болғанын көріп, өз келешегін өзі шындап уайымдай бастады. Тілді елдік ұранға айналдыра келген ерекше ғасыр сол мәселені күн тәртібіне қойып, 5-қыркүйек Қазақстан халықтарының Тілдері мерекесі деп жарияланды. Тарих бетіне қалдырды.Ендігі жерде тілімізді сақтап қалудағы жеңісіміз, еліміз бен елдігімізді, жерімізді сақтап қалудағы жеңісімізбен жалғасты.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан бастап, осы бір атаулы – Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдері күнін жыл сайын мерекелеу назардан тыс қалған емес. Күнтізбемізде атаулы, айшықты мерекелер көп.
Бұл – біздің атымызды асқақтатып, айбынымызды көтерген төл мерекеміз.

1 жүргізуші: Туған тілім қазынам,алтын кенім,
Жаңа алыпқа өзіңді алып келдім.
Қош келдің туған өлке,бесігіңе,
Қасиетті бабамның тілі менің.


Дұшпандардың талайын қызыл тілмен,
Қылыштай сүйектерден тілімдедің.
Өтсе де талай ғасыр,қилы заман,
Қасиетті тілім менің бүлінбедің.

Ортаға сайысқа қатысушыларды шақырамын.

2 жүргізуші:
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім
Туған тілім –анам тілі - өз тілім.
Туған тілім - далам тілі - өз тілім
Туған тілім - адам тілі - өз тілім.

1 жүргізуші: Қазақ халқының ана тілі-қазақ тілі. Қазақ екендігімізді көрсететін ұлттық аспап-домбыра, ұлттық өрнек-ою, жігіттің сәні-тұлпар, ұлттық ойын-асық, көкпар,бәйге,т.б, киіз үйіміз,өзімізге тән ұлттық киімдеріміз, әшекейлеріміз, ұлттық зергерлік бұйымдарымыз бар.

Астананың Есілі сарқырайды,
Мың бір шырақ түнімен жарқырайды.
Көк аспанмен таласқан «Бәйтерегім»,
Астанамның сұлулығын айқындайды.
Ана тілім туған тілім, бал тілім,
Сен арқылы дүние танып талпындым.
Сен арқылы әлемге аян бар ісім,
Сен өмірде таусылмайтын алтыным.

Әділ-қазы өз шешімдерін шығарғанша, ана тілі туралы мақал-мәтелдерді жалғастырып көрелік.


Әділ-қазылар сөз сөйлейді,мадақтамалар береді.
1 жүргізуші: Тіл – ұлттың жаны, халықтығының асыл белгісі, намысы,тыныс-тіршілігінің көзі, Ата Заңымен қорғалатын, еркіндігінің үні. Оны сендер де құрметтеп, қорғай біліңдер. Ынтымағы жарасқан халықтардың бесігі болған шуақты Қазақстанның бақытты да парасатты, білімді де, еңбекқор жастары болып өсе беріңдер!
Назарларыңызға рақмет!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12.12.2023
452
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі